Қаралды: Бекітемін: №1 педагогикалық кеңесте «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі»


Оқушылардың өмірқауіпсіздігін қорғау мақсатында



бет26/73
Дата17.10.2023
өлшемі18,43 Mb.
#186132
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Байланысты:
жоспар 2023- 2024

Оқушылардың өмірқауіпсіздігін қорғау мақсатында жоспар бойынша Лепсі ауылының өрт сөндіру бекетінің бастығы Серікбол Елдосұлы, жедел құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Молтанов А.К.қатысуымен К.Ушинский атындағы орта мектебінде «Жер сілкінісі және адамдарды эвакуациялау» тақырыбында практикалық жаттығулар санитарлық талаптарға сай өтті. Оқушыларға жер сілкінісі кезінде қандай әрекеттер жасау керектігі түсіндіріліп,практика жүзінде көрсетілді.

Мектепте үнемі кешкі уақытта кезекшілік ұйымдастырылады.Жыл басында оқушылар жиналысында тәрбие ісінің меңгерушісі, мектеп инспекторы оқушыларды оқушының міндетімен таныстырады.Кешкі уақытта себепсіз көшеге шығуға болмайтындығын, тек отбасындағы мүшелермен ғана шығуға рұқсат берілетінін айтып түсіндірді. Егерде тәртіп бұзушылық болса қандай жауапкершілікке тартылатындығын мектеп инспекторы түсіндірді. Мектеп бойынша мектеп директорымен бекітілген жылдық рейд кестесі бекітілген. Бекітілген кесте бойынша ұстаздар кешкі 8.00-ден түнгі 11.00-ге дейін түнгі рейдке шығады. Әр квартал, дүкендер, өзен бойына, теміржол бойына , ауыл шеттеріне қадағалау жүргізеді.Видеозвонокпен оқушылармен хабарласып та қадағалаулар жүргізеді. Егерде мезгілсіз уақытта көшеге шыққан оқушы болса,оқушыны ата-анасының қолына тапсырады. Ертеңіне ата-ананы мектепке шақырып сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту береді.Биылғы оқу жылының басынан тәртіпсіздік бұзған оқушы болған жоқ.
Зияткерлік тәрбиені беру мақсатында мектепте әр ай сайын тұрлі тақырыптарда дебат ұйымдастырылды. « Болашақ» тобы қазақша, «Лидер» тобы орысша 2 дебат клубы жұмыс істейді. Жетекшілері: Ибраева Г.З. Абсеитов Т.М.Жеткен жетістіктеріміз: мектепішілік дебатта жеңіске жеткен « Болашақ» тобы аудандық дебатқа жолдама алып ақпан айының 2 –с» күні « БП ата-аналардың өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді» тақырыбында 10 «А» сынып оқушысы Камалбек Мадина , 9 «А» сынып оқушысы Байзақ Жазира қатысты .Мектепішілік дебатта жеңіске жеткен «Лидер» тобы аудандық дебатқа жолдама алып сәуір айының айының 18 күні аудандық дебатқа қатысып 1-ші орынды жеңіп алып, облыстық дебат байқауына қатысыт.Қатысқан 10 сынып оқушылар Абсеитов Мансур, Бродовский Никита

Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие беру мақсатында ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген мектебіміздің ұстаз ардагерлерін Ольховская Н.Д. Трунцева Н.Е. Думенко Е.Н.Несипова А.Ж. Бодрадинова А.С. шақырып «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»тақырыбында кездесу өтіп, сый құрмет көрсетілді.Мектеп директоры Оразгельдинов Б.Ж.ардагер ұстаздарға ән арнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет