13.Жүзім ұлуының жыныс жүйесі Жыныс жүйесі гермафродитті.Күрделі құрылысты.Жыныс диморфизмі байқалмайды.Жүзім ұлуының бір гермафродитті безі болады, сонда сперматозоидтары мен жұмыртқалары пісіп жетіледі. Гермафродитті безі ұзын гермафродитті жолына жалғасады. Гермафродитті (тұқым шығарғыш) жол ерекше белокты бездің түтікшесін өзіне қабылдап кеңейеді, оның жуандау жолы жүмыртқаларды, ал жіңішкесі сперматозоидтарды өткізу қызметін атқарады. Ары карай жалпы гермафродитті жол екі жеке жолға бөлінеді: аталық және аналық. Аталық тұқым шығарғыш жолы екі шыбыртқы (бич) және жыныс клоакасына ашылатын бұлшықетті шағылыс мүшесімен аяқталады. Аналық жұмыртқа шығарғыш жолы кеңейіп, оған жыныс клоакасына ашылатын қынап ұласады. Сонымен қатар, жатынға саусақ тәрізді бездердің және қынапқа тұқым қабылдағыш қапшық пен “сүйіспеншілік жебе” қапшығының түтікшелері ашылады. Жебе (көмір қышқылды ізбесттің инелері) қоздыру қызметін атқарады, яғни копуляция кезінде бір ұлу шыбыртқы арқылы қапшықтан жинаған инелерді екінші ұлудың денесіне кіргізіп тітіркендіреді.Ұрықтануы айкаса шағылысуы арқылы жүреді.
14.Тақта желбезекті моллюскалар.Кластың құрылыс ерекшеліктері,көбеюі,дамуы,маңызы.Системасы Тақтажелбезектілер теңіздерде, тұщы суларда, судың түбіне көміліп, жай жылжитын, 20 000-ға жуық түрі бар, билатеральді симметриялы жануарлар. Бұл кластың ең басты ерекшеліктері: басы жоқ, денесі түлға және аяқ бөлімінен тұрады; денесі бүйір жағынан қосжақтаулы бақалшақпен қапталған, оның оң жақ және сол жақ жақтаулары дененің арқа жағында лигамент немесе тістері арқылы өзара байланысады; жұп ктенидиялары көпшілігінде үлкен тақталы желбезекке айналған (кластың атауы да осыдан). Тақтажелбезектілердің денесі кутикула, ал оның сыртын мантия деп аталатын үлкен тері қатпары жауып тұрады. Мантия мен дене аралығында мантия қуысы пайда болып, онда желбезектері мен аяғы орналасқан және оған аналь, зәр шығару, жыныс тесігі ашылады. Денесінің арқа жағында мантия қатпарлары бір-біріне алмасып, ал алдыңғы, төменгі және артқы шеттері бір-біріне қосылмай бос қалпында қалады, осылайша мантия қуысы сыртқы ортамен еркін қатысады да қорек заттарды, суды оңай қабылдайды. Тақтажелбезектілердің көпшілік түрлерінде бақалшағы созыңқы, алдыңғы жағы доғал, арткысы сүйірлеу болып келеді. Екі жақтаудың аса дөңестеу жерлері бақалшақтың арқа жағында орналасып бақалшақ төбесі деп аталады. Бақалшақ төбесі алдыңғы доғал жағына бағытталған, ал ішке, жоғарыға және артқа бағытталғаны сирек кездеседі. Осы бақалшақ төбесінің төменгі шетінен жыл сайын жаңадан әк қабаттары қосылып тұрады. Олар бір-біріне параллель орналасып моллюскалардың жасын анықтауға мүмкіндік береді. Тақтажелбезектілер тек жынысты жолмег көбейеді. Жұмыртқалары суда еркін қалқып немесе су түбіндегі: заттарға бекінеді, ал Unionidae тұқымдастарының жүмыртқалары мантия қуысында немесе желбезектерінде жабысып тұрады. Ұрықтануы сырттай. Жұмыртқаның бөлшектенуі көпқылтанды буылтық құрттардікі (Polychaeta) сияқты спиральді, детерминативті, бірақ бір ерекшелігі — бластомерлердің арасында қуыс пайда болып, содан кейін жойылып, келесі бөлінген сатысында қайта пайда болады. Бұл жерде зат алмасу процесі жүреді деп жорамалдайды. Жүмыртқадан трохофора тәрізді личинка шығады. Дене пішіні шар тәрізді, төбелік табақшаның үстінде ұзын кірпікшелерден тұратын айдары (султан), ауыз үсті кірпікшелі белдеуі немесе прототрох, ауыз асты — метатрох және бақалшағы мен аяғы айқындалған. Алғашында, арқа жағында орналасқан бақалшағы тұтас тақта түрінде болып, кейін ортасынан иіліп қосжақтаулыққа айналады. Біраз өзгерістерден кейін, трохофора, тақтажелбезектілерге тән келесі желкенше немесе велигер (veliger) деп аталатын личинка сатысына айналады. Трохофораның үстіңгі жағы, прототрохпен бірге, кірпікшелермен қоршалып жүзуге арналған — желкенге (velum) ауысады, көпшілік түрлерінде желкеннің орталығында төбелік табақшасы сақталған. Жүзгенде, желкен жақсы дамыған қосжақгаулы бақалшақтан шығып тұрады. Желкеншенің құрылысы ересек моллюскаларға үқсас, яғни мантиясы, бауыры, қарыны, церебральді, плевральді, висцеропариетальді ганглиялары дамыған, тек протонефридияльді жүйесінің, личинкалык бұлшықеттерінің және желкеннің болуымен ерекше. Біршама уақыт еркін жүзіп жүрген желкенше (велигер) су түбіне шөгіп, биссус жіпшесімен субстратқа бекініп, желкені жойылып, ересек түріне айналады.