Аралық бақылау №2


Моллюскалардың бақалшағының құрылысы, моллюскалардың маңызы



бет8/11
Дата22.05.2022
өлшемі54,67 Kb.
#144625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
зоо рк

15. Моллюскалардың бақалшағының құрылысы, моллюскалардың маңызы
Тактажелбезектілердің көпшілік түрлерінде бақалшағы созыңқы, алдыңғы жағы доғал, артқысы сүйірлеу болып келеді. Екі жақтаудың аса дөңестеу жерлері бақалшақтың арқа жағында орналасып бақалшақ төбесі деп аталады . Бақалшақ тобесі алдыңғы доғал жағына бағытталған, ал ішке, жоғарыға және артқа бағытталғаны сирек кездеседі. Осы бақалшак төбесінің төменгі шетінен жыл сайын жаңадан әк қабаттары қосылып тұрады. Олар бір-біріне параллель орналасып моллюскалардың жасын анықтауға мүмкіндік береді. Бакалшақтың жақтаулары арқа жағында өзара лигамент немесе құлып арқылы байланысады. Созылғыш келген органикалық заттан тұратын лигамент (ligamentum) екі жақтауды қысқа, көлденең лента түрінде жалғастырады. Оның сыртқы қабаты жақтаулардың сыртқы жұқа (periostracum) қабатымен тікелей жанасады да, ішкісі екі жақтаудың арқа бөлімінің жиектеріндегі оймақшаларына еніп тұрады. Бақалшақтың ашылып-жабылуына бір немесе екі тұйықтауышы бұлшықеттер қатысады. Олар моллюсканың денесінде көлденең, бір жақтаудан екіншісіне өтетін жуан бұлшықетті буда түрінде орналасқан. Олардың жақтауға бекінген орындарында таңбалар қалады. Қазбадан табылған бақалшақтарда таңбалар жақсы сақталған. Моллюскалардың бақалшағы үш қабаттан тұрады: периостракум деп аталатын сыртқы жұқа қабаты, ол негізінен органикалық зат — конхиолиннен құралған; біршама келетін ортаңғы ізбесті немесе призмалы қабат — остракум. Бұндағы бір біріне тығыз жабысқан көмір қышқыл ізбесттен (арагонита түрінде) тұратын призмашықтар бақалшақтың бетіне перпендикуляр түрінде орналасады; ішкі жұқа маржан (перламутр) қабаты немесе гипостракум бірнеше қабат болып жататын ізбестті жапырақшаларынан құрьшған .Олардың арасында органикалық зат — конхиолин жатады. Осыған байланысты сәуле толқындары бір-бірімен түйіскенде, бір-біріне өзара әсер етіп интерференцияланады (латынша inter — аралық, ferns — тасымаддау), яғни жарқырап құбылмалы түрлі-түсті береді.
16. Кірпікшелі құрттар. Класстың сипаттамасы және системасы.
Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол топырақта мекендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. Турбелляридің түр саны 3000-ға жетеді. Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді, денесінде бөгде шығыңқы жерлері жоқ. Тек кейбір турбелляриде денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш тәрізді өсінділері болады. Турбелляридің ұзындығы миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін. Денелері түссіз немесе ақ түсті, тек кейде терісіндегі пигменттерінің әсерінен әр түрлі түсті болады. Денесін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелер қаптап тұрады. Кейбір турбелляриде клеткалар арасындағы шекаралар жойылып, эпителий синцитий тәрізді болады. Мұндай жағдайда ядроны қоршап тұрған цитоплазма аймақтары дененің ішіне қарай ығысады. Ткань қабатына тереңірек еніп кеткендіктен олар колба тәріздес және өздерінің жіңішке бөлімімен сыртқы ортамен байланысады. Жіңішке бөлімдерінің ядросы жоқ және бос жағында кірпікшелері бар бөлінбеген цитоплазмалық тақтаны түзеді. Қабаттарының бұндай құрылыс түрі көптеген турбелляриге тән және олар батып кеткен эпителий деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет