11.Мальпигий түтігі,майлы дене,нефроциттер,фагоцитарлы мүшелер қандай қызмет атқарады және қай жануарда кездеседі? Көпаяқтылардың зәр шығаруына "майлы дене" деп аталатын мүше де қатысады. Көпаяқтылардың миксоцель қуысының көптеген жерлерінде клеткалардың шоғыры кездеседі. Бұл шоғырлар жұқа арнайы қабатпен қапталған. Осындай шоғырлардың жинағын "майлы дене" деп атайды. Оның клеткаларында көптеген май тамшылары және зәр қышқылының конкрециясы бар. "Майлы дене" тек қор заттарын жинаушы емес, сонымен қатар қалдық өнімдерді де (мысалы, зәр қышқылын) жинайды.Мальпигий түтігі буынаяқтылар,көпаяқтыларда зәр шығару қызметін атқарады. Насекомдарда Жүректің бүйір жағында орналасқан жұп клеткалар тобы – нефроциттер және жүректің астындағы фагоцитарлық мүшелері де организм үшін зиянды заттарды өздеріне сіңіріп, зәр шығару қызметін атқарады. Насекомдардың зәр шығаруын бірнеше түзінділер атқарады, олар — мальпиги түтікшелері, май денелері, перикардиальді клеткалар немесе нефроциттер және фагоцитарлық мүшелер.
12.Өрмекші тәрізділер класы.Класстың сипаттамасы және системасы.Құрылыс ерекшеліктері.Маңызы Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері - баскеуде және құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде (Асагі) баскеуде мен құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары орналасқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 жұбы ауыздың артқы жағында орналасқан.Аяқтарының алғашқы жұбы - хелицералары (сһеіісегае) қысқарған екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы - пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу қызметін атқарады - бұлар педипальпалар (pedipalpi), ал қалған 4 жұбы - жүргіш аяқтары.Денесінің артқы бөлігі - құрсақ - әдетте сегменттелген.Өрмекшітәрізділер қласында оншақты отряд, 60000-нан астам түрлері бар.Ұзындығы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін. Өрмекшітәрізділердің денесі екі бөліктен: баскеуде және құрсақтан тұрады. Баскеудені - акрон және 7 сегмент құрайды (7-ші сегмент жетілмеген). Сольпуталарда және кейбір төменгі сатыдағы түрлерінде 4 жұп алдыңғы аяқтарының сегменттері біріккен,баскеуденің қалған 2 сегментіне құрсақ сегменттері жалғасады. Осылай,сольпугаларда - денесінің алдыңғы бөлігі трилобиттердің басының сегменттелуіне ұқсас (акрон және 4 сегмент) - ол пропелътидий бөлігі және екі бос аяқтары бар кеуде сегменттері мен сегменттелген құрсағы болады.Сольпугалардың денесі - өрмекшітәрізділер класының басқа өкілдеріне қарағанда көбірек сегменттелген. Құршаяндарда да баскеудесі біріккен,құрсағы 12 сегментті (Gigantostraca сияқты), ол 7 сегментті жалпақ алдыңғы құрсаққа және жіңішке 5 сегментті артқы құрсаққа бөлінеді. Денесі уы бар,имек инелі тельсонмен аяқталады (117-сурет). Мұндай сегменттелу жалған құршаяндарға, пішеншілерге,кейбір кене түрлеріне және буынқұрсақты өрмекшілерге тән (бұларда құрсағы екі бөлімге бөлінбейді). Дене сегменттерінің бірігуінің тағы бір кезеңі - көптеген өрмекшілерде және кейбір кенелерде байқалады. Оларда баскеуде ғана емес, сонымен қатар құрсағы да буындарға бөлінбеген, бірақ өрмекшілерде олардың арасында қысқа және тар жіңішке мықын болады,олар дененің 7-ші сегментінен пайда болған. Дене сегменттерінің толық бірігіп, тұтасып кетуі кене отрядтарының өкілдерінде байқалады. Жоғарыда көрсетілгендей, баскеудеде 6 жұп аяқтары орналасқан.Олардың алдыңғы 2 жұбы қоректі ұстау және оны ұнтақтау қызметін атқарады - бұларды хелицералар және педипальпалар деп атайды.Хелицералар ауыздың алдыңғы жағында орналасады, өрмекшітәрізділерде олар қысқа қысқыш түрінде болады (сольпугалар, құршаяндар, жалған құршаяндар, пішеншілер, кейбір кенелер т. б.). Кейде хелицералар тырнақтәрізді қозғалмалы буынымен аяқталады (өрмекшілерде) немесе стилет сияқты болады. Ол (кенелерде) жануарлардың денесін тілу қызметін атқарады, сол арқылы олар қоректенеді. Хелицералар әдетте үш буыннан тұрады, ақырғы буыны қысқыштың қозғалмалы бармағының қызметін атқарады.Екінші жұп аяқтары - педипальпалар, бірнеше буыннан тұрады. Шайнайтын өсінділердің көмегімен педипальпаның негізгі буынында қорек ұнтақталып майдаланады, содан кейінгі буындар қармалауыш,ұстағыш қызметін атқарады. Кейбір өкілдерінде (құршаяндар, жалған құршаяндар) педипальпалар күшті ұзын қысқыштарға айналған, ал кейбіреулерінде жүру аяқтарына ұқсас. Қалған 4 жұп (6-7 бунақты) баскеуде аяқтары жүру қызметін атқарады.Өрмекшітәрізділердің құрсағындағы аяқтары дамымай түрі өзгерген күйінде сақталады. Мысалы, құршаяндар құрсағының бірінші сегментінде жұп жыныс қақпақшалары, екіншісінде сезу мүшелерінің қызметін атқаратын жұп айдарлы, тарақтәрізді қосалқылары бар. Сондай-ақ құршаяндардың, жалған құршаяңдардың, кейбір өрмекшілердің өкпе қапшықтары, өрмекшілердің өрмек жіптерін бөлетін өрмек сүйелдері аяқтарының өзгеруінен пайда болған.