Қарапайым конструкциялар деп, сөз тіркестері


сурет. Есепті шығару кезеңдері



бет2/4
Дата23.11.2022
өлшемі59,11 Kb.
#159510
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
?àðàïàéûì êîíñòðóêöèÿëàð äåï, ñ?ç ò³ðêåñòåð³



Транслятор құрамындағы байланыс редакторы бір модульге басқа модульдерді қоса отырып, оның ішінде кез келген программада қолданылатын кітапханалық функциялар (мысалы, экранға мәлімет шығару үшін) бар, программаның машиналық кодтағы атқарылатын модулін қалыптастырады. Егер программа бірнеше бастапқы файлдардан тұратын болса, олар жеке- жеке компиляциядан өткізіліп (аударылып), құрастыру кезеңінде біріктіріледі. Атқарылатын модульдің тіркемесі .ехе болып шығады да, ол кәдімгі программалардай бірден орындалады.
Тіл ережелерін сипаттау үшін оқулықтарда жасанды метатіл қолданылады, мысалы, Бэкус-Наур тәсілі немесе синтаксистік диаграммалар. Көрнекті және қарапайым ету мақсатында бұл оқулықта кең таралған сипаттау тәсілі қолданылады, онда тіл құрылымының міндетті түрде талап етілмейтін бөліктері тік жақшаға алынады; нақты мәнмен алмастырылатын мәтін казақша (орысша) жазылады; ал бірнеше элементтердің бірін таңдау кезінде олар тік сызықшамен бөлініп жазылады.
Мысалы, мынадай
[ void | int ] аты();
тіркесте, аты сөзі орнына тіл ережелеріне сәйкес нақты атауды көрсету қажет, ал оның алдында void немесе int сөзі орналасады немесе ештеңе де жазылмайды. Жүйелік жақшалар тек бір элементі ғана таңдалып алынатын бірнеше элементтерді біріктіріп тұрады. Егер тік жақша синтаксис элементі болып келген жағдайда, ол туралы айрықша айтылады.
C++ тілі С тілінің жалғасы, олардың алфавиттері де, негізгі операторлары мен ұғымдары бірдей, енді С тілін және C++ тілінің С тіліне кірмейтін бірсыпыра ерекшеліктері мен күрделі элементтерін игере отырып, бірте-бірте объектіге бағытталған программалау үрдістерін үйрене бастаймыз.
Тілдің алфавиті. C/C++ тілдерінің алфавиттері бірдей деуге болады. Мұндағы түйінді сөздер (ключевое слово - keyword) мен идентификаторларды, өрнектерді құрастыру үшін қолданылатын символдар, яғни тіл алфавиті болып саналады.
C/C++ тілдері алфавитіне мыналар кіреді:

" { } , | [ ] ()+-/%*. \ ' :?< = >!& # ~ ; ^

  • тіл элементтерін бір-бірінен бөліп тұратын көрінбейтін айыру символдары: босорын, табуляция символы, жаңа жолға көшу символы.

  • қазақ (орыс) алфавитінің бас және кіші әріптері сөз тіркестері мен түсініктеме мәтін жазуда ғана пайдаланылады. Көбінесе оларды сәйкес латын әріптерімен көрсету немесе ағылшын тіліндегі аудармаларын пайдалану қалыптасқан, өйткені көптеген трансляторлар қазақ әріптерін бейнелемейді.

Көрсетілгендерден басқа C/C++ тілдерінде басқару тізбектері деп аталатын мәліметтер енгізу мен шығаруда қолданылатын арнайы символдар тіркесі бар. Басқару тізбектері кері бөлу сызықшасы белгісінен (\) басталатын латын әріптері мен цифрлар тізбегінен тұрады (5.1 кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет