Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі, пәні бағдарламасының мазмұны


Мектеп жасына дейінгі балаларда уақытты бағдарлау ерекшеліктері. Әр топта үйретудің мазмұны мен әдісі



бет6/7
Дата24.11.2022
өлшемі174,59 Kb.
#159611
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
арапайым математикалы ымдарын алыптастыру дістемесі, п ні

Мектеп жасына дейінгі балаларда уақытты бағдарлау ерекшеліктері. Әр топта үйретудің мазмұны мен әдісі
Уақыт - философиялық категория оның негізгі қасиеті. Әр жастағы баланың уақытты қабылдауы. Балаларға уақытты бағдарлауды үйретудің мазмұны, міндеті және мүмкіншілігі. Тәулік бөліктерін айыра білу, оларды ретімен атауды меңгеру. «Тәулік» түсінігін меңгеру. «Бүгін», «ертең», «кеше» деген тәулік ұғымдарын бекіту. Уақыт өлшемі күнтізбекпен таныстыру (тәулік, апта, ай, жыл).
Ересек балаларда уақыт сезімін дамыту. Уақыттың ұзақтығын түсіндіру, уақыт этолондарын меңгеру, уақыттың ұзақтығы (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 минут, сағат). Уақыт өлшейтін құралдармен таныстыру (құм сағат, сағат, секундомер). Іс-әрекет үстінде жинақталған тәжірибелер және оның мазмұнынын белгіленген уақытта орындау. Өз іс- әрекетінде уақытты жоспарлаудың тәсілдерін дамыту. Қарқын және ырғақ реттеудің уақыт тәуелділігі.


Тәжірибелік сабақ:

  • Ересек балаларда уақыт сезімін дамыту. Уақыттың ұзақтығын түсіндіру, уақыт этолондарын меңгерту.

Бөлім бойынша қалыптастырылатын іскерлік пен дағдылар:

  • уақыт түсінігінің анықтамасын оның ерекшеліктерін меңгеру;

  • балалардың уақыт сезімін дамыту, уақыт аралығының ұзақтығы туралы түсінігін қалыптастыру (құм, сағат, секундомер, сағат).



Мектеп жасына дейінгі баланың информатиканы меңгеру ерекшеліктері. Балабақшада компьютерлік ойындарды жинақы түрде өткізудің міндеті мен әдісі
Компьютерлік ойындар мен жинақы жұмыс жүйесін қалыптастыру дағдылары. Есептеу машинасы. Балалардың компьютермен жұмыс істеу ерекшелігі. Микрокалькулятор, жай есептеу құралымен жұмыс. Дидактикалық ойындарды информатикаға дайындау идеясы. Компьютермен жұмыс істеу. Балалармен үйренетін ойындардың бағдарламасын жасау және оны жүргізу. Математика әдістемесіне, құрастыру, бейнелеу сабақтарына компьютер енгізу.


Тәжірибелік сабақ:

  • Есептеу машинасы. Балалардың компьютермен жұмыс істеу ерекшелігі;

  • Балалармен үйренетін ойындардың бағдарламасын жасау және оны жүргізу. Математика әдістемесіне, құрастыру, бейнелеу сабақтарына компьютер енгізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет