Бөлім бойынша қалыптастырылатын іскерлік пен дағдылар:
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың дидактикалық негізі
Мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамытудағы математиканың ролі. Балаларды математикалық ұғымдарды үйретуге дайындаудың міндеті. Мектеп жасына дейінгі балалармен істелетін жұмыстардың мазмұны мен әдіс және формалары. Баланың жан-жақты дамуында математикалық білімнің ролі. Мектеп жасына дейінгі балаларды үйретудің мазмұны мен міндеті.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру жүйесі, жеке логикалық ойлаудың құрылысы мен математикалық ойлаудың алғы шарттарының қалыптасуы. Қарапайым математиканы меңгеруде ақыл-ойдың дамуы, сөз қорының дамуы, байланыстырып сөйлеуді жетілдіру, алғашқы оқу іс-әрекетінің формасын қалыптастыру.
Бөлім бойынша қалыптастырылатын іскерлік пен дағдылар:
Мектеп жасына дейінгі балаларда сан қатынастары туралы ұғымның даму ерекшелігі. Әрбір топ жаста «Көп» ұғымымен таныстырудың мазмұны мен әдісі
Алғашқы «Көп» туралы ұғымын қалыптастыруда әртүрлі анализаторлардың ролі. Балаларда «Көп» туралы түсінік қалыптастырудың міндеті. «Көп» және «Аз», «Көп» және «Бір» ұғымдарымен таныстыру. Заттарды топтау және олардан бір затты бөліп алу.
Тең етіп топтау белгілерін үйрету. Бір текті және әр текті заттардан жиын құрастыру, жиындардың тең және тең еместігі туралы түсініктерін қалыптастыру, жиындарды салыстыру және бөліп алу. Затты оң қолымен алып, солдан бастап оңға қарай қою, көз мөлшерін дамыту. «Қанша болса сонша», «Тең», «Көп», «Аз» санына қарай, «бір-бірден», «Бірде-біреу» деген ұғымдарды қалыптастыру. Әртүрлі анализатордың көмегімен «Көп» ұғымын қабылдау. Қағаз бетіндегі сызықпен таныстыру. «Көп» ұғымының операциялары: топтау, көптен бірді бөліп алу, «Көп» туралы ұғымды барлық жерде қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |