Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ


ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ



Pdf көрінісі
бет4/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Математика

ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 
 
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың 
теориялық негіздері 20 жылдай уақыт аралығында ғана арнаулы 
атау алып «математикаға дейін» ұғымы қалыптасты (ағылшынша - 
premathematics). 
Дәстүрлі қалыптасқан ұғымдарға орай оқытудың теориялық 
негіздеріне нақты бір ұғымдарға сәйкес математикалық теория 
алынады. Ал дедуктивті түрде құрылған математикалық теория 
абстрактілі құрылымы арқылы мектепке дейінгі кезеңде матема-
тиканы үйретуге негіз бола алмайды. 
Мектепке дейінгі кезеңдегі ұғымдар мен фактілер нақты 
дәйекті жағдайаттардан бастау алғанмен, басқа ұғымдар көмегімен 
түсіндіріледі. Дедуктивті математикалық теорияны түсіндіру – 



формальды сипатқа ие болады, ал мектепке дейінгі ұғымдар – 
мағыналы мазмұнда беріледі.математиканың басты өзекті түйіні 
дедукция бұл жерде локальды сипатқа ие болып, қосымша қызмет 
қана атқарады. 
«Мектепке дейінгі» даярлықты – балалар математикасы деп 
шатастыруға болмайды. Мектепке дейінгі деңгейде де нақты 
математикалық ұғымдар қарпайым түрде оқытылады. Бұл деңгей 
көптеген ғылыми әдебиеттерде де сақталады. Ал, мектепке дейінгі 
кездегі оқытуда осы мазмұн сақталғанымен ол өзіне тән мате-
матикалық білімдердің кезеңіне сай болады. Сондықтан «мектепке 
дейінгі» оқытуды үлкен нағыз математиканы үйренуге даярлық 
кезеңі десе де болады. 
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың 
теориялық негіздерінің басты мақсаты – мектепке дейінгі жаста 
үйретілетін ұғымдарға математикалық түрде талдау жасау, 
балаларға ұғымдарды нақты ғылыми негізде түсіндіру. Бұл жерде 
әрине, нақты математикалық ұғымдар мен теориялар сол қалпында 
қатаң сақталмайды. Барлығы баланың санасына, ой-қабілетіне 
сәйкес алынады. Түрлі ұғымдар фактілер мен құрастыруларды 
иллюстрациялау үшін ойындар, осы ұғымды не құрылымды 
модельдейтін түрлі үлгілер алынады. Олардағы басты түйін 
логикалық және құрастырушылық құрылымы болып табылады. 
Сонымен теориялық негіздер қарапайым математикалық ұғым-
дармен тығыз бірлікте қарастырылады. Бұл өз кезегінде педагогқа 
баладағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда 
дамытушылық эффектіні көтеруге мүмкіндік береді. 
Теориялық негізді түсіндіруде әдетте қолданылуға тиіс 
арнаулы логикалық және математикалық ұғымдар мен символика 
мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда қолданылмайды. 
Математикаға дейінгі даярлық баланы мектепке жалпы даярлау-
дың басты бөлігі болып табылады. Бұл процесс барлық оқу-тәрбие 
шараларымен тығыз бірлікте қарастырылады және ең алдымен 
баланың математикалық ой-әрекетін дамытуға және ақыл-ой 
тәрбиесі міндеттерін шешуге бағтталған. Оның басты ерекше-
ліктері – жалпы дамытуға бағытталуы, ақыл-ой, тіл дамыту, ой, 
тұрмыс, еңбек іс-әрекеттерімен байланысты болуы. 
Балалардың математикаға дейінгі даярлық кезеңінде 
ескерілуі тиіс мәселелер: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет