- геометриялық құрастырулар: «Танграм», «Пифагор»,
«Колумб жұмыртқасы», «Сиқырлы шеңбер» т.б.
- «Рубин», «Пирамида», «Юникуб» т.б.;
- логикалық жаттығулар;
- лабиринттер;
- жұмбақтар т.б. жатады.
Бұлардың баланың ақыл-ой әрекеті белсенділігін арттыруда
зор маңызы бар.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда
дидактикалық құралдарды ұтымды пайдалану, олардың мазмұнын,
қолдану аясын, ұйымдастыру жолдарын анықтай білсе, балаға оң
әсер береді.
Бала алдына үнемі танымдық міндеттерді қоюдың және
балалармен бірлесе отырып, оны шешудің бара-бар жолдары мен
әдістерін табу аса игілікті шара.
Баланың ойлау әрекетінің белсенділігін түрлі құралдар және
әдістер көмегімен арттыру бала дербестігін дамытуға, баланың
белсенді көзқарасын қалыптастыруға оң әсер етеді.