5
-
математикалық ұғымдар қалыптастыру процесіндегі бала-
лардың оқу-танымдық әрекетіне педагогикалық басшылықты
тексеру;
-
мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне арналған әдісте-
мелік нұсқауларды талдау.
Мысалы, балалардың көлем және
қарапайым өлшеу әдістерін
үйренуіне арналған ғылыми зерттеуде төмендегідей міндеттер алға
қойылады:
1.
Балалардың заттың көлемін анықтау және тану
ерекшеліктерін зерттеу.
2.
Балалардағы түрлі объектілерді өлшеу және оның әдістері
туралы ұғымдарының деңгейін анықтау.
3.
Мектеп жасына дейінгі балаларда көлем туралы және оны
өлшеудің әдістері туралы ұғымдар жүйесін жасау.
Зерттеу жұмыстарындағы басты кезең болжамды қалып-
тастыру болып табылады. Ол түрлі әдебиеттерді оқу және талдау
барысында қалыптасады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәсе-
лелерін зерттеуде басты көңіл бөлетін жағдайлар – зерттеу-шінің
әдіскерлік және теориялық мәселе
туралы білімдерінің терең
болуы.
Теориялық жағдайды талдау және тексеру түрлі зерттеу
әдістерінің көмегі арқылы жүзеге асырылады: бақылау, сауалнама,
әңгімелесу, диагностикалық тапсырмалар, педагогикалық құжат-
тарды зерттеу, эксперимент, баланың іс-әрекетін талдау.
Нақты
жүйе бойынша (зерттеу әдістемесі) оларды бағытты, мақсатқа сай
қолдану, зерттеу міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, әрі дәйекті
ғылыми анықтамалар мен фактілерді алуға негіз болады. ал
зерттеу нәтижелерін жан-жақты статистикалық-математикалық
әдістерді қолдана отырып, талдау заңды байланыстар мәнін анық-
тауға, теоирялық және практикалық қорытынды жасап, ұсыныстар
айтуға ықпал етеді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
пәнінің жетекші әдісі – эксперимент, оның лабораториялық және
табиғи түрлері болады.
Эксперимент анықтау,
қалыптастыру және бақылау
кезеңдерінен тұрады. Оның әрқайсысы әбден жіктеуді,
құрылымдық принциптердің сақталуын, балаларды бақылау және
6
эксперименттік топтарға бөлуді, эксперимент нәтижелерін түрлі
құралдар көмегімен анықтауды қажет етеді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнін
оқытудың маңызы – мектеп жасына дейінгі кезеңде үйретілетін
математикалық
ұғымдарды қалыптастыру, түсіндіру, бала
санасына жеткізе білу, оған педагогикалық тұрғыда басшылық
жасау педагогтың ең басты міндеті – балаға жоспарлы ұғымды
қалыптастыру барысында, бала
әрекетін соған жұмылдыра білу,
ұғымдар тізбегі кеңейген сайын, бала ойы мен әрекеті жаңа
мазмұнға ие болады. Математикалық ұғымдарды жүйелі дамыту –
баланың мақсатты ұйымдасқан әрекетіне кепіл болады.
Әдістемені оқыту – математикалық ұғымдарды дамытудың
негізгі формасы болып табылады. Ол жалпы дидактикалық
принциптер
негізінде құрылады, яғни ғылыми негізде жүйелі,
кезекті мүмкіншілігі, көрнекілігі қамтылған өмірмен байланыста,
балаға жеке дара әрекет ету барысында т.б.
Дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекет барысында
балаларда ақыл-ой операциялары мен процестері дамиды,
шығармашылық қиялы қалыптасады,
қызығушылықтары оянып,
жеке ерік күштері, оқуға деген ықыласы тәрбиеленеді, ақыл-ой
әрекетіне ынталары артып, еңбектенуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: