Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет23/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
Математика

Бағдарлама міндеттері 
Тұлғаның жеке басының іс-әрекеті мен дамыта оқыту тео-
риясы негізінде, белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тәрбие-
леу білім беру жұмысын жетілдіру. 
Тәрбиелеу, білім беру жұмыстарында халықтық педагогикаға 
байланысты материалдарды кешенді тұрғыда, тақырыптық жүйеде 
қолдану. 
Пәндік бағытта жүргізіліп келген білім беру тақырыптарын 
бір-бірімен кіріктіре біртұтас жүйелі іске асыру. 
Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың 
жас, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой 
еңбек, дене, эстетикалық тәрбие сапасын жақсарту. 
Тәрбиешілер, ата-аналар мен тәрбиеленушілер арасындағы 
педагогикалық ынтымақтастықты нығайту. 
Ойна да ойлан. Естиярлар тобында санау ұғымдарын кеңейте 
түседі. Бұл топтағылар 5 көлемінде тура және кері санауға үйреніп 
санның натурал қатары туралы түсінік алады. 
Сан және көлем туралы ұғым беріледі. 1-ден 5-ке дейінгі 
сандар тура және кері санауға үйретіледі де, бес саны туралы жаңа 
ұғым меңгертіледі, қатар қойылған бес тостаған, бес ағаш, бес 
қасық т.б. 
Ұлттық заттарды үлгі бойынша немесе аталған санды санап 
қоюға үйрету. 5 көлеміндегі сандарды санауға үйрету. Топтағы 
ұлттық заттардың тең және тең еместігін анықтау, ұлттық зат-
тардың саны олардың үлкен-кішілігіне, ара қашықтығына, кеңіс-
тікте орналасуына, санау бағытына байланысты еместігі туралы 
дәлірек меңгерту. 
Көлем. Ұсынылған заттардың ұзындығы, ені, биіктігі және 
жуан жіңішкелігіне қарай өзгеретіндігі жайлы ұғымды нақтылай 
түсу, сөз жүзінде дұрыс айтуға үйрету. Балаға таныс заттардың 
ұзындығын шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу арқылы салыс-
тыра білуге үйрету. 


47 
Пішін: Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, пішіні әр түрлі тік төрт-
бұрыш, текше, шар, цилиндр тәріздес денелерді бір-бірінен піші-
ніне қарай ажырата білуге, сөзбен атап айтуға үйрету. Осы дене-
лерге қарай ұлттық заттардың ұқсас екенін (үрлеген май салатын 
қарын – дөңгелек, сандық пішіні – текше) ойлап тауып, атын 
айтуға үйрету. 
Кеңістікті бағдарлау өзі тұрған жерден бастап кеңістік 
бағыттарын (алдында, артында, жоғары, төмен, оң жақта) ажырата 
білуді ары қарай жалғастыру. 
Уақытты бағдарлау. Тәулік, күндіз, таңертең кеш, түн 
ұғымдарын қалай меңгергенін анықтау. 
Ойна да ойлан. Ересек балалар 10 көлеміндегі сандарды 
дұрыс санай білуге, сандардың рет қатарын жаңылмай айтуға 
ауызша топтастыра білуге көп, аз, кем, артық ұғымдарын түсініп 
айтуға үйренеді. Заттардың кеңістікте орналасу бағыты, геомет-
риялық пішіндер туралы ұғымдар тереңдетіліп өтіледі. Ауызша 
қосу, азайту амалдарын меңгереді. Айта кететін бір жәйт – тіл 
дамыту математикалық қарапайым ұғымдарды меңгерту тақырып-
тары өзгермейді. Естиярларда басталатын белгілі тақырыптар 
баланың жас шамасына қарай біртіндеп тереңдетіле дамытылады. 
7 көлеміндегі реттік сандарды білуге қанша? қандай? Нешінші 
деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге жаттығады, 10-ға дейін санау 
үлгі және айтылған сан бойынша ұлттық заттарды санап шығу
танып атай білу дағдыларын қалыптастыру көзделеді. 
Пішін. Балаларға төртбұрыштың қасиеті туралы ұғымды: 
төрт бұрыш, төрт бұрыштың төрт қабырғасы, төрт төбесі бола-
тынын түсіндіру. 
Бөлмедегі, айналадағы заттар мен бұйымдардан геометрия-
лық пішіндерді, төртбұрышты затты көре білуге үйрету (мысалы: 
доп-қарбыз, шар-тостаған, табақ, тегене – дөңгелек, үйдің төбесі, 
үстелдің беті, кілемше – тік төртбұрыш) 
Көлем. Шартты өлшеуіштің көмегімен заттың ұзындығын, 
енін, биіктігін анықтау. Сұйық және сусымалы заттарды өлшеп
көлемін табуға үйрету. Шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу 
арқылы заттың белгілі бір бөлігін анықтау және ол бөлігін шартты 
өлшеуішпен неше рет өлшегенін білу, өлшеуді қолданғанда 5 
көлеміндегі сан құрамы жеке бірліктерден құралғанын көрсету. 
Кеңістікті бағдарлау. Кеңістікті бағдарлау ұғымдарын кеңейту, оң 


48 
жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, 
жақын деген сөздерді ажыратып айта білу. Жайлау көрінісі бей-
неленген сюжетті сурет арқылы түсіндіру. Өзі тұрған жерінде қай 
бағытты ұстап тұрғанын, қай жағында не орналасқанын бағдарлай 
білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (күн, 
таңертең, сәске түс, бесін, ақшам, ымырт, таңертең, сәске түс, 
бесін, ақшам, ымырт, таңертеңғ кеше, бүгін, ертең) тереңдете түсу. 
Апта күндерін ретімен айтуға үйрету. Ойна да ойлан. Мектеп алды 
даярлық тобындағы балалар 20-ға дейін ауызша, тура және кері 
санауға, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептер шығаруға және 
өз тарапынан есеп құрастыруға үйренеді. 
Кеңістікті бағдарлай білу. Заттардың және олардың жиын-
тықтарын салыстыруға қажетті математикалық түсініктерді анық-
тау сандар туралы және олардың натурал қатары туралы ұғым-
дарды қалыптастыру. Бірінші жетіні тәрбиеші мына мақсатта пай-
даланады: 
а) Салыстырмалы заттардың қасиеттері туралы түсінік беру, 
аласа – биік, ұзын – қысқа, кең – тар, жуан – жіңішке, үлкен – кіші; 
ә) Балалардың санына байланысты білімдерін анықтау: аз, 
көп. 
Аз немесе көп, біреу немесе көп, қанша, қанша болса сонша, 
тең деген ұғымдарды анықтау. Көп заттан бір затты ажыратып 
алуды үйрету. Топ бөлмесіндегі заттарды салыстырып, қай заттың 
көп, қай заттың аз немесе біреу екенін балаларға айтқызу. 
Мөлшермен, өлшеуіштің көмегімен заттың ұзындығын 
биіктігін, енін өлшеу. 
Арифметикалық амалдардың таңбаларымен таныстыру («+», 
«-», «=») 
1-ден 20 дейінгі сандардың натурал қатарымен таныстыру
Теңгелермен таныстыру (1, 3, 5, 10, 20) 1, 3, 5, 10, 20 теңге-
лермен, оны қолданумен таныстыру қағаздан жасалған теңгелерді 
пайдаланып «Оқулықтар дүкені», «Ойыншықтар дүкені», деген 
ойындарды ұйымдастыру, балаларды жыл мезгілдері, ай аптадағы 
күн аттарымен таныстыру. 
Заттарды тең екі және төрт бөлікке бөлуді қайталау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет