ІІ. Өткен материалды қайталау
Ақпарат және компьютер бөлімінің сұрақтары:
«Ақпарат» сөзі латынның қай сөзінен аударылған?
Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз.
Компьютер құрылғыларының қайсысы негізгі және қайсысы қосалқы құрылғыларға жататынып атап беріңіз.
Компьютер құрылғылары бөлімінің сұрақтары:
Пернетақта пернелері неше топқа бөлінеді?
Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғыларды атаңыз.
Компьютер жадының түрлері.
Қарапайым графикалық редактор бөлімінің сұрақтары:
«Paint» бағдарламасының ашылу жолы?
«Paint» бағдарламасының құрал-саймандар тақтасында қанша құрал және түстер палитрасында қанша түс бар?
Берілген суретті 90º-қа бұру үшін қандай команда орындалады?
Мына терзелердің атауларын жаз
|
Ақпарат және компьютер бөлімінің жауаптары:
Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін information сөзінен шыққан.
Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт, Петабайт, Ексабайт, Зеттабайт, Йоттабайт.
Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, монитор, пернетақта және компьютердің қосалқы құрылғылары: тышқан, колонкалар, принтер, сканер, т.б.
Компьютер құрылғылары бөлімінің жауаптары:
Пернетақта пернелері бес топқа бөлінеді:
Символдық пернелер;
Функционал пернелер;
Меңзерді басқару пернелері;
Сандық пернелер;
Арнайы көмекші пернелер.
Тінтуір, джойстик, микрофон, сканер.
Ішкі жады: Жедел жад, тұрақты жад, кэш-жады;
Сыртқы жады: иілгіш диск, оптикалық диск, флеш-жадтары.
Қарапайым графикалық редактор бөлімінің жауаптары:
Пуск Все программы Стандартные Paint.
16 құрал және 28 түс бар.
Рисунок Отразить/Повернуть Повернуть на угол 90º ОК.
Мына терзелердің атауларын жаз
|
Оқушылар өткен тақырып бойынша сөзжұмбақ сұрақтарына дұрыс, нақты жауап берді.
Өткен тақырыптар бойынша компьютердің сыртқы-ішкі құрылғыларын, үш тілділік ұғымдарды, компьютердің адам өміріне пайдасы мен зияның жақсы меңгерген.
|
ІІІ. Жаңа түсініктер мен іс-әрекет тәсілдерін меңгерту
|
Мәтін – компьютерлік алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі.
Мәтіндік құжат – мәтіндік редакторды пайдаланып жасалған, ішінде алфавиттік-сандық символдардан басқа, графиктік обьектілер мен мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпараты бар файл.
WORDPADМӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ
WordPadмәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.WordPad. құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділерімен бейнеклиптерді қоюға болады.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:
WordPad. мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => WordPad.(Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты -> WordPad..
Ашылған редактор терезесінен терезе элементтері көрсетемін.
Терезе элементтері:
Тақырып жолы;
Меню жолы;
Құрал–саймандар және пішімдеу тақтасы;
Сызғыш;
Абзац шегінісі маркері;
Меңзер немесе енгізу нүктесі;
Жұмыс аймағы.
Құрылған құжатты сақтау үшін WordPad Сохранить как... Сохранить – командасы орын-далады. WordPad Сохранить как... командасынан кейін ашылған диалогтік терезеде құжатты қай жерге және қандай атпен сақтайтынымызды көрсетіп Сохранить батырмасын басу арқылы сақтаймыз.
Word Pad мәтіндік редакторында жұмысты аяқтаған соң редактордан шығу жолы: Пуск Выход командасы орындалады.
|
Word Pad қолданбасында құжат құру үшін мына сатыларды орындау керек:
Қаріп және оның өлшемін таңдау
Мәтін енгізу және редакциялау
Мәтінді пішімдеу
Құжатты сақтау және ашу
Баспаға жіберу
|
Оқушылар жаңа тақырып бойынша көптеген ақпараттар алды.
|
|