Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі52,58 Kb.
#5624
түріСабақ

Пәні

Информатика Тексерген

Күні




Сабақтың тақырыбы:

Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты :


Оқушылардың WORD редакторында кестелерді пішімдеу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік : Оқушыларды WORD редакторында кестені пішімдеу жолдарымен таныстыру.

2. Тәрбиелік: Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

3. Дамытушылық. Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді бастапқы оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері(дәріс, киносабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат және т.б).

Білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру(практикум, семинар, «ашық ойлар» сабағы, «брейн-ринг ойыны, тренинг сабақ, өзіндік жұмыс, т.б»).


Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану(әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг(бірінші және екінші түрдің өзара үйлесуі))
Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау(бірінші және екінші түрдің үйлесуі)

Білімді және іс-әрекет әдістерін тексеру, бағалау, түзету сабағы(бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу)



Сабақтың әдісі:

1. Оқытудың түсіндірме-бейнелеу әдістері: семинарлар, әңгіме,оқу материалымен өзіндік жұмыс

2. Репродуктивті әдіс: жаттығуларды орындау,практикум,бағдарламаланған оқыту,дағдыларды жаттықтыру.

3. Проблемалық-ізденушілік оқыту әдістері: проблемалық мазмұндау,жартылай ізденушілік,зерттеушілік, миға шабуыл

4. Оқытудың коммуникативтің әдістері: талқылау, пікірталас,диалог, «ызылдаған топтар», «қар кесегі»,жобалар әдісі,тұсаукесерлер.

5. Рольдік ойындарды қолдана оқыту әдістері: іскерлік ойын,рольдік ойын,ұйымдастыру-әрекеттік жаттығулар, ұйымдастыру-ойлау ойындар,аквариум, нақты жағдайды саралау(кейс-стади)


Сабақтың түрі:



Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:

1. Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

2. Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.

3. Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде

әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

4.Ұжымдық форма – ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.


Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы

арнайы дайындалған слайдтар, интерактивті тақта, моноблоктар, электронды оқулықтар.


Пәнаралық байланыс

математика, дизайн

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі.

3. Оқушының субъектілік тәжірибесін өзектілеу кезеңі

4. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін зерделеу кезеңі

5. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін алғашқы тексеру кезеңі 6. Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі

7. Сабақты қорытындылау кезеңі

8. Рефлексия кезеңі

9. Білімді бағалау кезеңі

Ұйымдастыру кезеңі: (қызығушылықты ояту)

1. Сәлемдесу

2. Түгелдеу




Жаңа сабақ:

. Кесте бағанмен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін. Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады:

1-әдіс


Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте менюіндегі Қою – Кесте командасын таңдаңдар. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қойыңыз.

Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автоформат батырмасын басу арқылы автоматты түрде форматтауға болады. Терезенің төменгі жағындағы қосымша батырмалар таңдалған стандартты типтегі кестеге қосымша рәсімдер жасауға мүмкіндік береді.

2-әдіс

Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу батырмасын шерту арқылы құруға болады. Ашылған терезеде керекті ұяшық сандардан тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қоюға болады.



Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегімен жүзеге асырылады.

Жаңа жолды қосу үшін Кесте менюіндегі командаларды орындау арқылы және курсорды оң жақ бұрыштағы төменгі ұяшыққа орналастырып, Tab пернесін басу арқылы жеңіл орындауға болады. Сондықтан алдын ала керек жолдар санын ойластырып жатпай, қажет болғанда жаңа жолды қоса аласыз.




Тапсырма:

Кесте құру.

1. WORD мәтіндік процессорды қосыңыз.

2. Төменде берілген бос кестені құрыңыз.



3. Әр түрлі әдісті қолданып, кестені қойыңыз.


Фамилия

Аты

Әкесінің аты

Туған жылы

Сыныбы














































4.Құрылған кестені пішімдеу


Сабақты бекіту:

  1. WORD –да кесте құру әдістері?

  2. Кестедегі қозғалыс қандай перенелер көмегімен жүзеге асырылады?

  3. Кесте дегеніміз не?




Үй тапсырмасы:

Кестелермен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет