Қарапайымдылар


СПОРАЛЫЛАР ТИПІ - SPOROZOA



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

СПОРАЛЫЛАР ТИПІ - SPOROZOA
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және 
адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым 
жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік 
заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты 
клеткаларында - микрогаметаларында - талшығы болады.
Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның 
көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп 
аталатын жас особьтар шығады. Жынысты жолы - гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. 
Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға айналады. Осыдан 
спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішіңде, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар - 
бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады.
Споралылар типі екі класқа бөлінеді:
Грегариналар
- Gregarinina және 
кокцидиятәрізділер
- Coccidiomorpha. 
 
ГРЕГАРИНАЛАР КЛАСЫ - GREGARININA
Грегариналар омыртқасыз жануарлардың паразиттері, әсіресе олар насекомдарда көп кездеседі. Бір 
ядролы сопақша келген денесінің ұзындығы 10-15 мкм-нан бірнеше миллиметрге дейін жетеді. 
Цитоплазмасы екіге бөлінеді: эктоплазма және эндоплазмаға. Эктоплазмасында ұзына бойы және көлденең 
жатқан фибриллалары (мионем жіпшелері) кездеседі. Сол фибриллалардың қысқаруы нәтижесіңде 
грегариналар өз еркімен қозғалады. Басқалары алға карай сырғуы арқылы жылжиды немесе мүлде 
жылжымай бір жерге жабысып тұрады. Бұл класқа нағыз грегариналар отряды жатады.
Нағыз грегариналар отряды - Eugregarinida.
Бұл отрядтың өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі сопақтау, ұзындау, 
сыртын қалың қабықша - пелликула қаптап тұрады. Оның астында денесін бойлап эктоплазма жатады, ол 
плазмалык перделер түзеп, грегаринаның бір клеткалы денесін үш бөлікке бөліп тұрады. Бірінші - эпимерит, 
бұнда жіңішке ілмешектері не қармақшалары болады, солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп 
тұрады. Екінші - протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. Үшінші - дейтомерит, ядро орналасқан 
үлкенірек болып келген бөлік. Басқаларының денесі бөлімдерге бөлінбей, денелері құрт тәрізді не шар 
тәрізді жануарлардың дене қуыстарында тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет