Көк сандық саяхаты сонау Германиядан басталып, Ресейді аралап, біздің Қазақстанға келгені жайлы, оның ішіндегі кітаптар туралы кітапханашыдан мағлұмат алып, тәттілерді бөлісіп, оқушылар дән риза болды.
Уақыт пен кеңістік өлшеміне сыймайтын, адам рухының тылмыс құпияларын жария ететін, есте жоқ ескі заманды еске түсіріп, дүниенің есігін ашатын сыр – осы көк сандықтың ішіндегі әдемі, тартымды, қызықты ертегілермен балалар танысты.
Кітаптың қасиеті мәңгілік. Оқымасаң ой тоқырайды демекші, оқу, білім бар жерде рухани өсу, жетілу бар.
Кішкентай оқырмандарымыздың кітап оқуға деген құштарлығы арта түсті. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, дүние оның орнын баса алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |