Автор: Міне, түлкіден қулық үйренген қойшы басына туған ауырпалықтан осылай құтылыпты.
Кітапханашы: Қадірлі оқырмандар, қонақтар! Бүгін сендер көп, біліп үйрендіңдер. «Көк сандықтың сиқырлы саяхаты» атты ертеңгілімізді аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет!
«Түлкі, аю және қойшы » атты ертеңгілік
31.10.2015 20 адам қатысты
1. «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2. Исина Айнаш апайдың пікірі
3. Қорытындылау
Көрнекілігі: шымылдық және қуыршақтар, кітап көрмесі.
Ертеңгілікке № 6 орта мектептің 2-5 сынып оқушылары шақырылды. Кешті ауыл кітапханашысы Нуркетаева Сымбат жүргізіп отырды. Кеш барысында. № 6 орта мектептің 2 сынып жетекшісі, қуыршақ театрының ұйымдастырушысы Исина Айнаш Екпінқызының ұйымдастырумен өтті . 7 сынып оқушылары қойылымды сәтті орындап шықты. «Түлкі, аю және қойшы» ертегісінің - «түлкінің» рөлін ойнаған 6 сынып оқушысы Інжу Қайдар, «аю» рөлін – 6 сынып оқушысы Жанеркеқызы Дария, «қойшы» рөлін – 6 сынып оқушысы Дәуренұлы Айнар өз рөлдерін сәтті орындап шықты
Қорытынды сөзді Исина Айнаш апай: - «Балалар, кітаптың адам өмірінде қандай маңызы бар екенін сезген боларсыңдар. Кітап – біздің досымыз, ақылшымыз, кітаптан көп мағлұмат аламыз, кітап адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейді.» - деп сөз алды, кітапхана ұжымына, оқырмандарға, жас оқырмандарға алғысын айтты. Кеш соңында кітапхана оқырмандары мен қуыршақ театрының ұйымдастырушысы Исина Айнаш апай мен естелік фотоға түстік.
«Көк сандықтың» саяхаты – Абай ауылында
25.09.2015-31.10.2015
Көк сандықтың саяхаты Абай ауылдық округінің кітапханасында жалғасын тапты. Кітапханаға кішкентай бүлдіршіндермен төменгі сынып оқушылары жиналды. «Бауырсақ» ертегісінің желісімен көрініс қойылды. Шалы (Қуантай Бексұлтан) кемпіріне (Амантай Зухра) бауырсақ пісіртіп, бауырсақ (Валиева Феруза) терезеден домалап түсіп орман аңдарына кездеседі: қоянға (Армия Нұрым), қасқырға (Қаймолдин Бекасыл) және аюға (Оразбеков Нұртілеу) жолығып, әдемі әнін айтады. Аю бауырсақты Абай ауылының кітапханасына көк сандық келгенін айтып, басқа аңдарға жем болғанша бірге баруын сұрайды. Сөйтіп бәрі кітапханаға келіп, жиналған оқушылармен бірге көк сандықты тамашалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |