Қарқаралы аудандық модельді балалар кітапханасының 16 қыркүйек 16 қараша аралығында «Көк сандықтың саяхаты»


Қызықтырған көк сандық – Теректі ауылы



бет19/27
Дата27.11.2016
өлшемі6,65 Mb.
#2578
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

Қызықтырған көк сандық – Теректі ауылы

01.11.2015-06.11.2015

«Қызықтырған көк сандық» атты көк сандықтың ашылу күніне арналған сценарийі

Өткізілетін орны: кітапхана

Өткізілетін уақыты: 5 қазан сағат 15,00 де

Жүргізуші: Бөдешова Майгүл Ақынқызы




Кітапхана іші мерекеге сай безендірілген, «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз» атты көрме ұйымдастырылған, оқырмандардың өз ойларымен «Көк сандық саяхаты» туралы суреттер.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқырмандар! Германияда, Ресейде жалғасып «Көк сандықтың саяхаты» атты кітап оқуды дамыту акциясы Қазақстанға келіп жетті. Қазақстанның барлық аймақтарын аралап келіп, біздің Қарқаралы ауданына келді. Сол ауданымыздан бүгін міне, біздің Теректі ауылына, яғни, біздің кітапханамызға келіп жетті.

Жұмашева Айзаданың орындауында «Ертегілер елінде» әнімен қарсы алыңыздар.

Бұл рәсімге 1-6 сынып оқушылары, мектептегі даярлық тобының оқушылары және тұрақты оқырмандар келіп қатысты. Қазақ және орыс тіліндегі балаларға арналған жаңадан шыққан кітаптар салынған «Көк сандық» ашылып, бюетіне салынған тәттілер балаларға таратылды.

Кітапханашы әр кітапқа шолу жасап, таныстырды. Сол кітаптардың ішінде бізге таныс, оқыған кітаптарымыз бар екен.

Тұманбай Молдағалиевтің «Балаларға базарлық» атты кітабы 11 жасар Әбілова Айтолқын «Шәкірт сыры», «Мейірімді жер Ана, аспан Ана», «Қарлығаш», «Наурыз келді», 11 жасар Мейрамбек Ерасыл «Қыстағы орман», «Қар жауғанда», «Сүйемін» және «Сырғанақта», 10 жасар Рымқұлов Жарқын «Қошақан», «Балалар күні», «Өрік гүлдеп» өлеңдерін қызыға оқитын ойларын ортаға салды.

Айтолқын мен Ерасылдың пікірі: Тұманбай Молдағалиевтің кітабы, өлеңдері бізге ұнайды, өйткені оқуға, жаттауға жылдам және сөздері де есте тез сақталады.

«Бауырсақ» ертегісін даярлық тобының оқушылары Амантай Асан, Бақтияр Нұрасыл, Еркін Дильназ және Төлеу Айбатырлар ертегіні бастан-аяқ айтып берді. Асан мен Дильназдың пікірі: «Бауырсақ» ертегісі қызықты, қоянды, қасқырды, аюды өлең айтып беріп, алдап кететіні, ал түлкінің алданбай, құлағым естімейді, мұрынымның үстіне келіп айт деп, бауырсақтың өзін жеп қоюы қызық.

«Үш аю» ертегісін 8 және 9 жасар Темірхан Айсұлу, Рысбек Назым, Бақтияр Аяла және Рымқұл Кәусар ертегіні әңгімелеп берді. Кәусар мен Айсұлудың пікірі: ертегі кітаптарды жақсы көреміз, өйткені ол шындық. Ал Назым мен Аяланың ойы: ертегіні өте жақсы көріп оқимыз, оның түсімізде бұрыс жерлерін, дұрыстаймыз деп күлдірді.

Тұрдақын Жексенбайдың «Балбұлақ» атты кітабында «Екі күшік» әңгімесін 11 жасар Мейрамбек Ерасыл, Ермектің екі күшігі Аппақай мен Көкжал туралы, Аппақайды ақылды күшік екенін қызықты ғып әңгімелеп берді. Ал 10 жасар Жасұлан Дария «Балбұлақ» кітабынан «Бозторғайдың ұясы» атты әңгімесін өз ойын жеткізе білді. Ерасыл мен Данияның пікірі: жеңіл әрі қысқа әңгімелер бізге ұнайды, өйткені оқуға да, айтуға да оңай.

Халық ауыз әдебиетінен «Жануарлар туралы ертегілер» кітабынан 11 жасар Әбутай Айару «Тышқанның ақылы», «Ақымақ қасқырдың аш қалуы», «Тапқыр қоян» ертегілерін өте шебер айтып берді. Айарудың пікірі: ертегілерді оқып, оны әңгімелеп бергенді жақсы көремін деді.

«Тілек кітапшасы» кітабына оқырмандар өз пікірлерін жазды.

8 және 9 жасар Темсірхан Айсұлу, Рысбек Назым, Бақтяир Аяла және Рымқұл Кәусарлардың тілегі: осындай «Көк сандық саяхаты» атты рәсім бола берсін, бізге оның ішіндегі ертегі кітаптар мен тәттілері ұнады. Өте қызық болды.

10 жасар Рымқұлов Жарқын мен Жасұлан Дария тілектері:


  • Осындай «Көк сандық саяхаты» рәсімі жыл сайын бола берсін, бізге ұнағаны оқыған кітабымызды, өлеңдерімізді еске түсіріп, қайтадан айтып, әңгімелеп берімен қатар «қандай кітаптар, қандай тәттілер бар екен» деген ойда болдық.

11 жасар Әбілова Айтолқын мен Мейрамбек Ерасылдың өз тілектері:

  • «Көк сандық саяхаты» ауданымызға келіпті дегеннен бастап, бізге де өте қызық болды. Кітапханашы апайымызға да күнде «қашан келеді?» деп мазамыз болмады. Өйткені ішіндегі құпия заттар бізді қызықтырды.

Жалпы оқырмандарды, оқушыларды «Көк сандық саяхаты» атты бағдарлама өте қызықтырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет