Балалар оқу мен әңгімелеуде «Түлкі, аю және қойшы» көрініс
Қаппас О. (7 жас) «Еркеме - ертегім» Мұқатай А. (8 жас) «Еркеме – ертегім»
Әңгімелеуге қатысқандар:
Жексенбай,Т. Бал бұлақ. Айтмағанбет Айгерим (9 жас) оқыды.
«Түлкінің жорықтары» атты кітапты Матычина Вера (10 жас) сол жерде оқып әңгімелеп берді.
«Үш аю» халық ертегісін Вы-Фен-Те Амина (8 жас) оқып әңгімелеп берді.
Мәнерлеп оқуға қатысқандар:
Еділбаев, Т. «Айша: Өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар» атты кітабын Серік Жанерке (8 жас).
Меламед,Г. Жемістер: аударма.: Серік Акерке (8 жас).
Жануарлар туралы ертегілер:Халық ауыз әдебиеті. Болат Ажар (9 жас) мәнерлеп оқыды.
12. Оқырмандар мен келу саны көбейген жоқ, алда өткен шаралардың көрсеткішіндей.
13 Әміров Нұрланның отбасы «Жанұя мен кітаптар» оқыды (Болат Ажар -9 жас).
(Робин Гудтың басынан кешкен қызықты оқиғалары (Ертегілер елінде) ,
Жюль Верн «Он бес жасар капитан» роман,
Видмарк М . «Дело о муммий» Кітаптағы кейіпкерлердің басынан кешкен қызықты оқиғалары оқырмандарды қызықтырды. Ондай кітаптар тізімде болды.
14. Бағдарламаға қатысқандар: Тоқтар ауылының № 6 орта мектеп, № 3 филиал кітапханасы, ауыл әкімшілігі.
15. Ұйымдастырушылардың бағасы жақсы. Шара барысында ешқандай қиыншылықтар болған жоқ,
16. Ең жоғарғы рейтинг «Жануарлар туралы ертегілер»: халық ауыз әдебиеті және де осы кітап «Көк сандықтың» ең жақсы кітап ретінде табылды.
«Түлкі, аю
және қойшы»
атты ертеңгіліктің сценарийі
Мақсаты: білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапты күтіп, оны таза, пайдалануға үйрету.
Көрнекілік: «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, барлық жерде оқимыз» кітап көрмесі, шымылдық және қуыршақтар.
Кітапханашы: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Көк сандықтың сиқырлы саяхаты» атты ертеңгілігіне жиналып отырсыздар.
Автор – Бір қойшы бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен. Түлкі бір тамға кіремін дегенде тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай қалады. Ал , түлкі болса басқа бір тесігінен жылт етіп шығып, айналып есікке жақындайды. Болған жайды бақылап тұрған қойшыны көреді.
Аю: - Е, қойшы, сен не көрдің?
Қойшы: - Ойбай, мен ештеме көрмедім,.
Аю: - Жарайды. Көргеніңді айтсаң - өлесің!
Автор: Кешке ауылына келген соң, қойшы көргенін кездескен адамдардың бәріне айтады. Мұны естіп, ыза болған аю қой жайып жүрген қойшыны іздеп табады.
Аю: - Ештеме көрмедім, ешкімге айтпаймын деген уәдең қайда? Енді сөзіңде тұрмағаның үшін мен сені жеймін,
Қойшы: - Үш күнге рұқсат бер, үй- ішіммен, ағайын-туғанмен қоштасып келейін,
Аю: - Жарайды. Үш күнге рұқсат берейін.
Автор: Қойшы екі күн үй-ішімен, ағайын –туғанымен қоштасып,уәделескен уақытына бір күн қалғанда далада жылап отырса, қасына әлгі түлкі келеді.
Түлкі: - Е, қойшым, неге жылап отырсың?
Қойшы: - Ойбай, осылай да, осылай, бәрі сенің кесірің. Енді өлетін болдым!
Түлкі: Е, үндеме, мен саған көмектесейін, аюдан қалай құтылудың амалын табайын. Ал, сен маған не бересің?
Қойшы: - Ойбай не қаласаң, соны берейін!
Түлкі – Егер мен сені аюдан құтқарсам, сен маған өзіңнің бір бүйрегіңді бересің бе?
Автор: Қойшы қатты сасады, бірақ басқа амалы болмағандықтан:
Қойшы: - Мейлі, берейін.
Түлкі: - Ауылыңа барып, демал. Ертең осы жерге кел де, аюды күт. Аю келгенде анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін. Аю сұрар: «Анау неткен шаң?» - деп, сонда сен: «Ол – ханның баласы. Оған аюдың жүрегі емге керек деп, соны іздеп жүр де». Аю қорыққанынан қашып кетер.
Автор: Екеуі уәделесіп, түлкі кетеді. Келесі күні қойшы аюмен кездеседі. Аю алыстан бұрқылдаған шаңды көреді.
Аю: Қойшым, анау бұрқылдаған не шаң?
Қойшы: Ол – ханның баласы. Оған аюдың жүрегі емге керек деп, соны іздеп жүр!
Аю: Ойбай, қойшым, онда мен тезірек қашайын! Тек сен мені көргеніңді айтпа.
Автор: Осыны алыстан байқап, күліп тұрған түлкі аю қаша жөнелісімен қойшының қасына келіп:
Түлкі: Қойшым, мен саған көмектестім, енді сен уәдеңде тұр. Маған бір бүйрегіңді бер.
Автор: Қойшы қипықтап, жыламсырап белбеуін шешеді. Осы кезде үш күн бойы жөнді ұйықтай алмаған, жөнді тамақ ішпеген қойшының іші шұрылдайды. Түлкі құлағын тіге қойып:
Түлкі: О, не, қыңсылаған?
Қойшы: - Түнеу күні бір тазының күшігін жұтқан едім. Сол енді үлкен тазы болып, ішімнен шығайын деп, қыңсылап жатыр.
Түлкі: - Ойбай, қойшым, ендеше дос болайық. Тазы шығып кетпесін.
Достарыңызбен бөлісу: |