Сабақтың тақырыбы: " Кітап-асыл қазына"



Дата27.12.2016
өлшемі95,67 Kb.
#5867
түріСабақ
Тәрбие сағаты
Тықырыбы: «Кітап-асыл қазына»

Өткізген: Нургазина Ф.Т.


Березняковка орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: “ Кітап-асыл қазына”. 

 

Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы  берілетінін ұғындыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.


Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын,  ой-өрісін дамыту. 
Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация, мақал-мәтелдер, тақтадағы суреттер , көріністер, кітап кейіпкерлері мен  бетперделері, жадынама, кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы: 
Кітап та алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы, 
Кітабыңның әр бетін. 

Жұмбақ шешу. 
Көп әңгімем өлеңім, 
Күнде ақыл беремін. 
Жақсы көрсе мені кім, 
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап). 
Не білеміз?. 
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз. 
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы. 

Адам кітап басатын құралды ойлап  тапқанша көп уақыт өтті. Кітаптар мазмұны жағынан  әртүрлі болады. Олардың қағазы да, тысы да мұқабасы да, безендірулеріне де қарай әртүрлі болады. (түрлі кітап көрсету)

Ал кітап ханшайымы өз туралы не айтады екен?

(Кітап кіреді.)



Тарихтан мәлімет

Кітап ханшаймы. Сәлемсіздер ме, достарым! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздердің достарыңмын. Достарың туралы көп білесіңдер ме? Менің әжем қандай болғанын білесіңдер ме? Ендеше, тыңдаңдар. Кітаптар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ертеде олар  мүлдем басқаша болды. Баспа кітаптарға дейін адамдар өз қолымен жазған екен. Ол өте қиын және ауыр жұмыс болды. Он ғасыр бұрын Еуропада қағаз жасап үйренді, сосын біздің елде.

Қазір кітаптар тез басылып шығады. Кітап жасауда көп адам енбектенеді. Кітап жасайтын машина  өзі кітап істей алмайды. Қағазды жасауды орманшылардың да еңбегі зор. Қағазды ағаштан жасайды. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме жазады. Суретшілер  түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар, басып шығаратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Адамның еңбегі мол. Сол адамдарға рахмет айтайық балалар. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.  Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады. 

Мұғалім:-Оқушылар,ертеде болған  кітаптың түрлерін  тамашалайық.

Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд) 


“Папирус” кітабы.( слайд) 
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды. 
“ Пергамент” кітабы.( слайд) 
Кітап басу цехы.( слайд) 
Түптеу цехы.( слайд) 
Мұғалім: Кітап жасау оңай ма?  Кітап жасауда қанша адам қатысады?  Кітаптың өмірі ұзақ па?  Ұзақ не қысқа болса ол неге байланысты? Ал сен өз кітаптарыңды қалай сақтайсың?

 («Сыныптағы ең таза , ұқыпты кітап» тексерісінің қорытындысы.)

(Әліппе жылап кіреді.)

Кітап ханшайымы: -Бар кітаптың төресі, сізге не болды?

Әліппе: О, кітап ханшайымы, мені ұқыпсыз оқушылар құртып жібере жаздады, Бір әдепті бала көмек беріп, құтқарды

Кітап ханшайымы: Қатты реніштісіз ғой.
Әліппе: Қалай ренжімейін?! Бар білімнің көш басы Әліппе едім салмақты. Бүлдіршіндер менімен Сауат ашып достасып, Құрметтеп мені қоштасқан. Балаларға не істегенімді білмеймін, парағымды паршалап, қорғаныш мұқабам қабырғасын күйретіп,  мені апарып сүйретті...
(жылайды)
Кітап ханшайымы: Қиын болған екен, бұл бұзық балалардың ісі ғой. Аман құтылған екенсіз, сабыр сақтаңыз. Сіз бүгін осы жерден нағыз дос табасыз. Мына балалар кітаппен дос боламыз отыр.

(Қатты әуен ойнайды)



Кітап ханшайымы: Ал, достарым, сендерге не болды? Сендерді тану мүмкін емес қой. Сендер өзі қай кітап боласыңдар?

Көрініс: «Кітаптар мұңы»
Ана тілі: Мен «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер күтіп ұстаса келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде - кем.
Математика: Менің де оңып тұрған жерім жоқ, әріптесім. Мен «Математика» оқулығы боламын. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасына аттағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей - ақ Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып - бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп - тепкілеп тастап кетті.
Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар жоқ та емес, бар. Алайда олардың бір кемшілігі - Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді.
Математика: Менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуміз - мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына шаң жуытпайды. Сызбайды, сия тамызбайды.
Ана тілі: Әй, достым, бізден енді оқулық шықпайды. Бізді қайтадан фабрикада баяғыдай қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді, ол жерден қайта кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен.

(Екі кітап мұңайып тұрады, сол кезде қазақ тілі оқулығы келеді)


Қазақ тілі: Жүріңдер, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.
Кітап ханшайымы:
Кітаппен дос болайық,
Ата - баба үмітін біз ақтайық!
Балаларым, оқы, ойна,
Оқу - білім саған пайда.
Ана тілі: Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.

Мұғалім: әр балаға  жадынама үлестіру.
Есіңе сақта! 
1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 
2.Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек. 
3.Кітапты қалай болса солай оқыма. 
4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды. 
5.Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің. 

Мұғалім: Ал балалар, кітап туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме? Ортаға шақырамыз.

Әдеби монтаж. 

1 - оқушы:


Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
2 - оқушы:
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
3 - оқушы:
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
4 - оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
5 - оқушы:
Заводтарда күн - түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
6 - оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
7 - оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
8 - оқушы:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
9 - оқушы:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп - тегін.
Білмейсің - ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
10 - оқушы:
Оқулығың құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
Мұғалім: Ал құрметті қонақтар, ханшайым, оқулықтар біздің дайындаған  ертегіміз бар соны тамашалайық.

Автор:  Баяғыда бір адам баласымен жалғыз бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай ұлы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлмесі қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.

Қыз:

-Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп  ойлаймын.



Әкесі:

-Оның дұрыс ұлым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың,  өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың.

Автор: Ай өтеді, жылдар өтеді, ұл есейіп ер жетеді. Әкесі ұлына жабық бөлменің кілтін ұсынады.

Әкесі: -Міне, балам, ер жеттің. Енді мына бөлмедегі асыл қазына сенікі.

Ұлы: -Алақай, Алақай! (барып есікті ашып, сандықты алып келеді)

Автор: Ұлы қуанып, қуанышы қойныны сыймай жүгіріп барып есікті ашады. Бөлмеде тек үлкен сандық тұрғанын көреді. Ол сандықты ашса, оның ішінде тек ұршық, кітап, өрмек қана.

(Бала барлық заттарды алып шығады)

Ұл: -Әке, сен  жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар дедің ғой. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа ештеңе таппадым.

Әкесі: - Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, балам!

Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімін артады. Әлемде бұлардан артық жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады.  Соны ұмытпа , балам!

Ұлы: Жарайды, әке, ақылыңызды ұқтым. (екеуі  бір минутқа  үнсіз қалады)

Автор: Сол бала осы үш нәрсені бағалап, нағыз данышпан болады екен.

 

Мұғалім: -Біздің әртістерімізге қошемет.

-Балалар, сендер кітапты кіммен оқисыңдар?

-Егер кітапты байқаусыз жыртып алсаң, не інілерің жыртса не істеуге болады? Кітаптар үнемі әдемі, бүтін болу үшін  қалай көмектесуге болады?

(балалардың жауаптары)

-Қане, кітап нені  жақсы көреді, нені жақсы көрмейтінін анықтайық.

(Тақтаға  кітаптарпдың  суреттері ілінеді.)

Кітап жаңбыр мен қардан қорқады.  Неге? (1 сурет) .

(балалардың жауабы)

Дұрыс, себебі судан ол бұһүлінеді. Мұқабасы ісіп, беттері мыжым-мыжым болады. Оны ұстағың келмейді. Сен кітапханаға баруың керек. Далада жаңбыр, не қар жауып тұр. Не істеуге болады? 

Оқушылар. Кітапты су өткізбейтін  пакетке не сөмкеге салу керек.



Мұғалім:   Кітап кір қолдан қорқады. (2-3 сурет). Неге?

Оқушылар. Кір қолдан із қалады. Майдан қалған дақты кетіруге қиын.



Мұғалім. Тамақ ішіп отырғанда кітап оқуға болмайды.

-Кітап нені ұнатады деп ойлайсыңдар? Дұрыс, оны күтіп,  ұқыпты ұстағанды  ұнатады.

 

Мұғалім: “Жалғастыр”.  Ойынын ойнайық. 
1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 
2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 
3.Кітап – ... (алтын қазына). 
4.Оқу инемен (құдық қазғандай).

5. Әліппенің ар жағы- (білім бағы)

6.Көп біл,  «аз сөйле)

7. - Білім біздің шамшырағымыз,( кітап біздің ұстазымыз.)


8. Оқусыз  білім  жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)

9. Кітапсыз үй – (жансыз дене.)

10. Ақыл- баста, (Білім- кітапта).

 

Мұғалім. –Жарайсыңдар!  Сендер кітапты көп оқисыңдар ма?

Қандай ертегілерді білесіңдер?  (жауаптары.)

 

Ойын: «Суретті сөйлет». Балалар суреттерге қарап, ертегінің атын атайды. Слайдтан қарап айтады.


Мұғалім: -Кітапты көп оқисыңдар  екен. Жарайсыңдар! Жұмбақ, жаңылпаштар оқыдыңдар ма?

-Қане, жатқа білесіңдер ме? (Балалар білгендерін айтады.)



Қорытынды:
  Ой қозғау. 
Кітап неден, қалай жасалады? 
Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? 
Кітапты қалай ұстау керекпіз? 
Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба? 
Қандай кітап оқығанды жақсы көресің? 
Мұғалім: -Жарайсыңдар балалар! Кітап оқу үшін біздің мектептегі немесе МҮ кітапханағ барыңдар.

 

(Барлық оқулықтар ортаға шығады)


Кітап ханшайымы:  Кітабың сенің, құралың, 

Жағар білім шырағын. 


Баса алмайсың ешқашан, 
Онсыз алға бір қадам. 
Кітабыңды құрметте, 
Күтіп ұста кірлетпе. 
Кішілерге табыс ет, 
Дақ түсірмей бір бетке.

-Рахмет сіздерге балалар!  Кітапты  ұқыпты  ұстаңдар! Сау болыңдар.



МАРАПАТТАУ СӘТІ.  (ата-аналарға алғыс хат, оқушыларға «Оқырман бала» мадақтамасы.

 

Мұғалім: Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Ұқыпты, білімді бала болып өсіңдер. Белсенді қатысқандарыңа рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет