«Көк сандық» саяхаты Егіндібұлақ кітапханасында
07.11.2015-12.11.2015
Кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен танысу мақсатында , «Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз!» ,- деген ұран аясында облыстық Абай атындағы балалар кітапханасының бастамысымен тамыры тереңде жатқан сонау Германия елінен бастау алған «Көк сандықтың саяхаты» атты халықаралық жобасы шеңберінде саяхаттап жүрген іші ғажайып сырға толы сандық Егіндібұлақ селолық модельді кітапханасына да (05.11.2015 ж) келіп жетті.
Еліміздің сондай – ақ шетел жазушыларының тамаша туындылары бар көк сандық алдымен кітапханамыздың ең кішкентай оқырмандарына , яғни селодағы «Айгөлек» балабақшасының жас оқырмандарына таныстырылды. Алдымен балалардың ұшқыр қиалдарын білу мақсатында көк сандықтың ішінде не бар екендігі туралы ойларын біліп, бал тілді кішкентай бүлдіршіндердің сан қилы қызықты жауаптарынан соң, көк сандықтың тарихына тоқталып, сандықтың ішін ашып кітаптар легімен таныстырған сәтте балалар зор ынтамен қызғушылықпен зер салып, сұрақтар қойып, өздері оқыған кітаптары да кездескенін айтып, жәнеде таныс емес кітаптар мен авторларды оқығысы келетін қызғушылықтарын жасырмады. Ішінен кітапханашы балаларға «Үш аю» атты ертегі кітапты оқып бергенде балалар ден қойып, ұйып тыңдады. Шара соңында балалар көк сандықпен суретке түсіп, мәре – сәре болысып, сандықтың саяхаты аяқталғанша кітапханаға тәрбиешілерімен, ата – аналарымен барып, кітаптарды алатындарын айтып сандықпен саяхат қызықты болғаны соншалық қимастықпен шығарып салды. Бала бақша меңгерушісі Меруерт Маткенқызы бастаған ұжым «Көк сандықтың саяхатының» әсерлі болғанын , балалардың ой- өрісін, рухани әлемін қалыптастыруда осындай игі шаралардың өткеніне ризашылықтарын білдіріп, оларда балалардың ойын құптап, яғни сандықтың саяхаты аяқталғанша ішіндегі ғажайып сырларын кішкентай балаларға оқып беріу мақсатында кітапханаға қуана келетіндерін жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |