Амантаева Эльвира Толиятовна
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Еңбекші ауылындағы орта мектептің
физика, информатика пәнінің мұғалімі
«Ақпараттанған әлем»
физика және информатикадан зияткерлік сайысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың физика информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту, қызығушылықтарын туғызу,
2. оқушылардың тез ойлау қабілетін, танымдық қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау біліктілігін логикалық сауаттылығын, компьютерлік іскерлігін, шығармашылық қабілетін, ой ұшқырлығын дамыту, ынтасын арттыру.
3. Өз ойын ашық жеткізе білуге, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, компьютерлер, презентация, флипчарт, қанатты сөздер.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
амандасу сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «Ақпараттанған әлем» зияткерлік сайымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Мақсатын айту
Топтарды таныстыру
Сергіту сәті: Музыка ырғағына тілектер айту 14 оқушы (5 мин-7мин)
Нурсауле – Біз сіздерге
Жадыра- 1 тера байт білім
Азиза – 1000 тонна бақыт
Гулфайруз – 100000$ байлық
Айнур – 10 Ватт қуат
Ақбала – 10 Дж энергия
Айнур – 10 Ньютон күш
Гулжамал -1 ғасыр өмір
Самат – 100 дос, 0 дұшпан
Аманжол - ашық аспан
Алия – зор денсаулық
Бексултан - табиғаттың сұлулығын
Жания – болаттың беріктілігін
Ринат – тілейміз !
Ортаға информатиктер тобынан құралған «Раscal» тобы мен Физиктер тобынан құралған «Ньютон» тобын қарсы алайық!
ІІ. Топтардың айтысы:
«Информатиктер» тобы!
Ринат:
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Алия:
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Гулжамал:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып ХХІ ғасырға
Барлық әлем жаңалығын бастайды
Гулфайруз:
Компьютер сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың
Керек емес демессің аздаған болса хабарың
Үйрену керек бәрін де ақпараттық заманың
Бексултан:
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
Информатика (хормен) «Ұстаз» әнінің мотиві
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
«Физиктер» тобы
Нурсауле:
Жас достарым - ау, мұны жақсы ұғайық
Физика құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәнінде
Табиғаттағы қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес физикасыз түсіну
Физика дүние кілті бүгінде
Жадыра:
Фюзис деген табиғат
Грек сөзінен алынған
Ғылымға қажет жаңалық
Осы сөзден табылған
Қоршаған барлық дүние
Табиғатты қорғайды
Сарқылмас оның сырлары
өзгеріп тұрар ұдайы.
Ақбала:
Айға, Марс, Шолпанға
Астрономия жол ашты,
Сол спардың бәрінде
Физикамен санасты
Пайдаланады көп ғалым
Физиканың заңдарын
Сол заңдармен таниды
Табиғаттың сырларын
Айнур:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Хормен:
ФИЗИКА («Ана туралы жыр» әнінің мотиві)
Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған
Информатиктер батасы: Ринат
— Ал, енді құрметті қонақтар, информатикше бата берейік- дейді.
— Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін, CTRL ALT DEL үнемі жар болып қолдай берсін, ENTER!
ІІІ. Негізгі кезең. Сайыс кезеңдері
Бәйге (әр топқа 12 сұрақтан қойылады) (5 мин)
Формулалар әлемі: формулалар – физиктерге, операторлар- информатиктерге
«Ұлы тұлға» (4 тұлғаны анықтау)
Құрылғыларды сәйкестендір
Аннаграммалар 6 аннаграмма
Есептер шығарайық, кел қанекей! 2 есептен беріледі.
Постер қорғау «Информатиканың және физиканың өмірдегі маңызы».
1-кезең.«Бәйге» кезеңі
1-топ. Физиктерге
Жылдамдықтың шапшаңдығын сипаттайтын шама? (үдеу)
Тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар (скаляр шама)
Периодқа кері шама (жиілік)
Денелердің әрекеттесуін сипаттайтын шама (күш)
«Өлі тұзақ» трюгін жасау кезінде болатын құбылыс (асқын салмақ)
Гравитациялық тұрақтының мәні 6,67*10-11
Дененің тербеліс кезінде тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуы (амплитуда)
20000 Гц жоғары дыбыстар (ультрадыбыстар)
Орбитаның күнге ең жақын нүктесі (перигелий)
Планк тұрақтысының өлшем бірлігі (Дж*с)
Тұтас ядро не деп аталады? (нуклид)
1 м.а.б. неше МэВ? (931,5)
2- топ: Информатиктерге
Екілік жүйедегі цифрлар? (0,1)
Логикалық көбейту (конъюнкция)
Анимациялық суреттің кеңейтілімі (gif)
Қарапайым мәтінді редактор (Word Pad блокнот)
Ең көне есептеуіш құралы (есепшот)
Ең кіші ақпараттың өлшем бірлігі (бит)
Алгоритм сөзі қай тұлғаның атымен байланысты (Әл Хорезми(
Бүтін бөлу функциясы (див)
Нақты сан Паскальда (real)
Шеңбер сызу процедурасы (сircle)
Егер онда әйтпесе шартты операторы паскальда ... (if then else)
True and False = ? (false)
ІІ кезең «Формулалар әлемі»
Физиктерге:
Бұрыштық жылдамдық
Центрге тартқыш үдеу -
Жер бетіндегі (h=0) еркін түсу үдеуінің формуласы
Импульстің сақталу заңы
Конустық маятниктіңң айналу периоды
Джоуль-Ленц заңы
Кеплердің ІІІ заңы
Стефан-Больцман заңы
Информатиктерге:
<айнымалы>:= <өрнек> -меншіктеу операторы
Шығару және енгізу операторлары write, read
If шарт then 1- оператор else 2-оператор – шартты оператор
Арифметикалық қайталау операторы - for
Алдын ала берілген шарт бойынша қайталанатын оператор- While
Шартты цикл соңында тексеру операторы – Repeat
Түсті орнататын графикалық оператор Setcolor
Экранға мәтін шығаратын оператор Outtext
ІІІ кезең «Ұлы тұлғалар»
Физиктерге:
1888 жылы орыс ғалымы электромагниттік толқындар арқылы алыс арақашықтыққа сигналдар жеткізудің болжамын ұсынды. Ол әлемде бірінші рет 250 м қашықтыққа сымсыз радиограмма арықылы Генрих Герц деген сөзді жеткізді. Ол кім? (А.С. Попов)
Шығыстың ұлы ақыны әрі ғалым –математигі астрономы. ХІ ғасырда жасаған күнтізбесі өзінің дәлдігі бойынша осыған дейінгі жасаған күнтізбелердің ең озықтарының бірі болып саналады. Ол кім? (Омар Хайям)
1895 жлы неміс ғалымы ауасы сорылған түтіктердегі электр тогын зерттеу үстінде ерекше сәулелердің пайда болатынын байқаған. Ол сәулелерді Х сәулелер деп атаған. В.Рентген
1898 жылы олар уран кенінен екі жаңа химиялық элемент радий мен полонийді бөліп алды. Бұл екі элементтің ерекші сәуле шығару белсенділігі уранға қарағанда бірнеше мың есе болып шықты. (Пьер Кюри мен Мария Склодовская)
Информатиктерге:
1938-71 жж швейцарлық ғалым Паскаль тілін программалау тілдерінің
ішіндегі ең қолайлысы ретінде ұсынған. Ол кім?
Ол 1955 жылы қазан айында Сиэтледеқарапайым ұстаздар отбасында
дүниеге келді.Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді.1975 жылы университет бітірулеріне 2 жыл қалғанда фирма ашты. Ол кім және қандай фирма ашты? (Билл Гейтс)
«Жылдам Электронды Есептеу Машинасы» жетістігінен кейін, ол
әлемдегі еңжылдам болуы керек деп ойлаған, жаңа ЭЕМ М-20
архитектурасы мен жүйесін жобалай бастады. Бұл ЭЕМ мен жұмыс жасау бойынша көптеген оқулықтар жазылды, оның әмбебап ЭЕМ жасаудағы отандық, әлемге танымал болған ЖЭСМ-6 ЭЕМ (1967 ж.) еңбегінің шыңы болып табылады. Оның еңбектерінің нәтижесінде кейіннен бірнеше ЭЕМ құрастырылған. (А.С. Лебедев)
Атақты ақын лорд Байронның қызы 1843 жылы итальян математигі
және инженері, ең алғаш бағдарлама жазған әйел. Оның аты Бэббидждің атымен қатар аталады. (Ада Лавлейс)
4 –кезең: Құралдарды сәйкестендір
Информатиктерге:
Суперкомпьютер
Дисжетек
Сервер
Дыбыс картасы
Веб-камера
Аналық тақша
Жедел жад
Физиктерге
Осциллограф
Манометр
Реактивті қозғалтқыш
Камертон
Реостат
Эхолот
Рентгендік түтікшесі
5-кезең: Анаграммалар
1 ) КЛЭПАИКТИ-ЭКЛИПТИКА
МЕРИДИАН – АНДИИРЕМ
КӨКЖИЕК – ЕӨККИЖЕ
ИМПУЛЬС – СЬУЛИМП
2) БАРОМЕТР- МРЕТАБОР
ДЖОУЛЬ – ЛЬЖОУД
НЬЮТОН – НЮЬОНТ
ФАРАД – АДФАР
5) 50 60 ? 70 30 (40)
3)ENTER – REENT
DELETE – ETEEDL
SHIFT – TFSHI
MOUSE – OUESM
4)READLN- EARLDN
BEGIN – NEIGB
WRITELN – LNWIRTE
WHILE – HIELW
+10 -20 +30 -40
6) 0110 ? 0101 ? 0111=1000
7) Видео сұрақ (резонс)
6-кезең: Кел қанекей есеп шығарайық!
Физиктерге
145015’= 580 мин60 с= 9 сағ 41 мин
7сағ 23 мин 5с= 1050345’75’’= 110046’15’’
Массасы 4*106 мг дененің үдеуі қандай егер оған әсер ететін күш 16Н? (4м/с2)
Теңіз түбіне жіберілген және одан шағылған дыбыс 2 с өткен соң қайтып оралды. Судағы дыбыс жылдамдығы 1,49 км/с. Теңіздің тереңдігі қандай? (1490 м)
Информатиктерге:
1. (45div4)mod3*(24div5)= ? Жауабы 8
2. (0 and 1) or 1*not0= ? Жауабы: 1
3. , мұндағы х, у нақты сан, А функциясының мәнін есептейтін бағдарлама құрыңдар.
4. мұндағы х нақты сан, Z функциясының мәнін есептейтін бағдарламасын құрыңдар.
7-кезең. Постер қорғау «Информатиканың және физиканың өмірдегі маңызы».
- Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз."Ақпараттанған әлем" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |