Секталардың адамдарды өзіне тартуы,ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары.
Өзіне тарту жолдары: Материалдық комек көрсетілуі мүмкін;Кітаптары;Дәрі дәрмектері;Гипноз арқылы;Жиналыс өткізіледі,аптасына 5 рет. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған секталарға тоқтау жасайтын жаңа заңды күткенімізге қай заман. «Иегова куәгерлерінен» бастап ірілі-ұсақ дін атын жамылған ағымдарды санайтын болсақ тіпті саусақ жетпейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) пайымды хадисі мен Алланың ақ жолы құраннан қол үзіп, адасып кетіп жатсақ ертеңгі тағдырымыз не болмақ? Сананы жаулаған сансыз сұраққа жауап тапқым келді. «Мың естігенннен бір көрген артық», шамамның келгенінше зерттеп білгім келіп солай қарай бет алған едім.Маңдайшасына «Иса мәсих миссенерлік орталығы» деген жазуы бар үлкен қорғанға имене басып кірдім. Кімге жолығарымды білмей аңырып тұрғанымда қарсы алдымнан қазақ жігіті ұшыраса кетті. Жөн сұрастым, осында Алматыда тұрады екен, есімі Бауыржан. Ол менің тасырлата жаудырған сұрақтарыма тосылмай еркін жауап беріп жатты: «білесің бе, діндер көп, бірақ Құдай жалғыз және Құдайдың баласы бар. Ол – Иса мәсих. Ақиқат тек осы жолда ғана. Иә, барлық бауырларыма айтар едім өтіңдер деп. Айтпақшы, кеше бір досымды ертіп келдім осында. Баста Исаға иланбаймын деген, кейіннен құлшылыққа қатынасып ақиқатпен қауышты. Қазір ол бақытты, жұмысы да ілгері басуда. Солай, ал сіз айтқан мұсылмандардың мешітіне кіріп көрмеппін, кИса мәсих ұйымының құрылғанына біраз болған, өте кең тараған. Филалдары Түркияда, Германияда, Англияда т.б мемлекеттерде бар көрінеді. Дін басыларын пастор деп атайды. Бұлардың қазіргі пасторлары Ким сан кон. Ұлты кәріс. Еліміздің барлық қалаларына қоныс тепкен. Алматының өзінде 51 құлшылық жасайтын орындары бар. Бір өкініштісі 60 пайызы қазақтардан құралған. Құлшылық жасайтын күндері жексенбі, дүйсенбі күндері екен. Шамалы уақыттан кейін қазақша құлшылықтарының болатынын естіп, әдейі күтіп отырдым. Құдайым-ау, сіңірі үзілгелі тұрған шалдан бастап, 7-8 жастағы сәбилерге дейін топырлап келе бастады. Өз қазағымыз. Соңдарынан еріп келемін. Үлкен залға тірелдік. Қаз-қатар тізілген үстел үстіне дастарқан жайылыпты. Барлығы арқа-жарқа болып амандаса келіп бұрышқа сап түзеп тұра қалды. Қарсы алдарында музыкалық аспап тұр. Өздерінің айтуларынша Құдайға ән салып бермекші. Құлшылықтарының бір түрі осы болса керек. Жүрегім шымырлап, аяғым дірілдеген қалпымда шеткі орындыққа отыра кеткем, кенеттен улап-шулаған олар мені тұрғызып жіберді. Құдайға ән айтып беріп жатқанда отыруға болмайды екен. Орта жастағы жігіт ағасы микрофонды алып «қазір біз Иса мәсихке арнап ғибадат әнін айтамыз, дайын болсаңыздар…» деді. Масқараның көкесі осы екен, бәрі хормен 7-8 әннің басын қайырды.
Жаңа өмір сүргісі келетін бауырларымыздың саны күн санап артуда. Христиандық адуынды ағымдардың аяғынан тік тұрған тағы бір ұйымы «жаңа өмір» деп аталады. Бірінші Алматыдан ойып тұрып орын алған олардың бас кеңселерінде қитұрқы құлшылықтың қазаны қыж-қыж қайнап жатады. Әдеттегідей қазақ жастары мұнда да өте көп. Бұлардың айтары да сол жоғарыдағыға ұқсас. Қолдан жұмақ орнатқан жанкештілер. Маңдайларын сәждеге емес, дуалға қойып дабыра жасаған олар гитарамен үлкен сахналарында жұлқына жүріп билеп, ән салып жатады. Және бұлар шошқаның етін жеу, зина жасау сынды харам нәрселерді қолдап, өздерінің қажеттілігіне айналдырған. «Біз дін емеспіз, дін өтірік нәрсе, біз жаңа өмір сыйлаушылармыз» дейтін ұстанымдары бар. Аптасына болатын құлшылықтары орыс, ұйғыр, ағылшын, қазақ
Дәріс 6. Адамның ішкі дүниесінің бірлігі
Қарастырылатын сұрақтар:
Кумир және идеал. Жеке адам. Мінез-құлық стилі. Құндылықтар жүйесі. Жеке адам және қоршаған әлем .
Идеал (лат. idealis — идея, ұғым, таным, франц. іdeal, грек. іdea – ой, түсінік) — адам бойындағы асыл арманды, мақсатты білдіретін ұғым; талаптың, iс-әрекеттің жоғарғы мақсаты, белгiлi бiр нәpceнiң үздiк үлгici.
Студенттердің идеалына ұнайтын бейнелерге келсек, мұның өзі түрліше кездеседі. Студенттердің идеалы көркем әдебиеттердегі кейіпкерлер, не өзінің жақсы білетін, жақсы көретін адамы да болуы мүмкін. Егер идеалы кейіпкерлер болса, осы тек бір кейіпкердің бейнесі емес, жинақты бейне түрінде жүзеге асуы мүмкін. Әр кейіпкердің ұнамды жақтарын жинап, біртұтас жинақты бейне жасап, кейін соған еліктейтіні кездеседі. Еліктейтін бейне өзінің ұнататын адамы болса, барлық күшін, оның ісіне еліктеуге салып, ақылын, сөзін тыңдауға ұмтылады. Балаларда идеал - өзін-өзі тану және өзіндік шыңалуда қажеттілік тудырады. Идеал түсінігін дұрыс қабылдау қажет. Тек осы жаста ойдағы идеалға еліктеу процесі жүреді.
Мұғалімдер жоғары адамгершілікті идеалды ұсынады. Жеткіншектер идеалында, мысалы қыздарда-қыздарға тән, ал ұлдарда-ұлдарға тән ортақ қыр және қасиеттер міндетті түрде болуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеу түрткісі ретінде идеалдың алатын рөлі ерекше. Жеткіншек өз-өзіне талдау жасауда жақсы немесе жаман екенін анықтап ғана қоймайды. Алдыңғы айтылғандарды қорытындылай келе, келесі нәтижеге келеміз:
- жеткіншектік жастағы идеал, бұл өзін-өзі тәрбиелеудегі күшті түрткі;
- өзін-өзі тәрбиелеуді жақсы ұйымдастырып жеткіншек алдында идеалды көрсетуде, ойластырып, дифференцияланған келіс болуы қажет;
- жеткіншектерді өзін-өзі тәрбиелеу әдістері үйретілмеген жерлерде, тұлғаның даму процесі қиындайды.
Жеткіншектің зиятты дамуы және адамгершілікті идеалының дамуы - өмір ережесі ретінде анықталады. Идеалға ұмтылу жеткіншектік жастың ерекше белгісі. Адамгершілікті идеал адам өмірінің түрткісі болып саналады: «біріншіден баланың адамгершілікке тырысуына тұрақты және жиі жүйе құрайды, екін-шіден, егер идеал саналы, түсінікті болса, онда жеткіншекке адамгершілік эталоны қасиеті ретінде болады. Адамгершілікті идеалды түсіну әрқашанда оның әрекет-тілігін көрсете бермейді. Адамгершілік идеал жоғары бағаланып, таңдану сезімін тудырса, көбінде тұлғаның дамуына әсер етпейді. Идеал жеткіншек дамуына елеулі әсер етуі үшін, идеал – абстрактілі, арман сияқты болмауы тиіс
Мінез- құлық стилі
Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенін ғылым тарихында алғаш рет сипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.
Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П.Ф.Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті.
Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күманданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жаттын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.
Адамдар түрлі іс-әрекетпен айналысады, осы іс-әрекетпен айналысу барысында оларда белгілі-бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтын басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады.
ҚҰНДЫЛЫҚ
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына.
Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады.
Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.
Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында.
Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі.
Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар.
Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар.
Ал енді сол реніш пен ашуға келдік, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін.
Әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді.
Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені, ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты.
Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз.
Дәріс-8 Қазіргі жастардың адамгершілік идеялары
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Күнделікті өмірдегі мейірімділік және құрмет түсінігі. Қазіргі жастардың құқықтары мен міндеттері. Адамдық қатынастардың құндылықтары
Тұлға сана мен мінез-құлықтың қоғамдық формаларын игеруі негзінде қалыптасады. Адамгершілік сана деп – кеңес ғылымында адамдардың өзара қарым-қатынастарын, олардың қоғамдық іске, қоғамға қатынастарын реттеп отыратын, адамгершілік принциптері мен нормаларының адам санасында бейнелеуін түсіндіреді. Балаға өзі үшін жаңадан пайда болған ситуаияда мінез-құлық тәсілдерін таңдау кезіндегі бағдарлар ретінде адамгершілік түсініктердің үлкен көлемі, адамгершілік білімдердің қоры қажет. Бірақ адамгершілік түсініктерді игеру, адамгершілік сананы қалыптастыруда және дамытуды маңызды рөл атқара отырып, өзінен өзі адамгершілік мінез-құлықты қамтамасыз ете алмайды.
Үлкендердің тәрбиесін жеткін-шектерге саналы түрде жеткізу керек. А. Харче дұрыс айтқан екен, жастардың «психологиялық терри-ториясында» байланыс орнату керек. Оған өзін көрсетуге көмектесіп, соған жағдай жасау керек. А. Власкинаның ойы бойынша егер оны жұмыспен қызықтыратын болсақ, мүмкін ол жұмысты табыспен орындауы мүмкін. Жастардың моральды психологиялық бейнесінің қарама-қайшы келуі, оның әке-шешесі және тәрбиешінің тарапынан талап-тарының сәйкес келмеуі. Кейбіреулері асыра бағаласа, ал екіншілері оның мүмкіншіліктерін мүлдем бағаламайды.
Күнделіктігі өмірдегі мейрімділік және құрмет түсінігі.
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.
Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау, кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Елімізде қайырымдылық жасаудың негізі ретінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, аялы алақанына ұсынуда. «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне біліу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек» деген сөзінде шынайы адам баласына деген жанашырлықтың ең басты құндылықтарымыз екендігін жеткізеді. «Бөбек» қоры балаларды демалыспен қамту, сауықтыру орынында жылына көптеген балалар жоғары дәрежеде дем алып, оқып білім алып, емделіп келеді. Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады. Бір сәтсіздікке, ауыр жағдайға ұшырып, басқаларға іріптар, көмек қажет еткен адамға жұрт жиып беретін көмек - жылу деп аталады.
Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп , жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен ,инабатпен қарайды.
Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді. «Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ» деп халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды.
Халқымыздың қонақжайлылығы. кең пейілділігі,көпшілігі, дос көңілділігі-әлеуметтік имандылықтың белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп иманды адам болу- адамдық борыш. Иманды адам мейірімді болады. Мейірімділік-адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірім–шапағаты-әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім адамның мерейі үстем болуы үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс. Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатігездіктен қағып, қаталдықтан сақтандырып отырған.
Қазіргі жастардың құқықтары мен міндеттері
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;
2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;
3) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi;
4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға бiлiм беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi;
5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;
6) жастар ұйымы - негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;
7) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - берiлген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк жастар саясатын үйлестiрудi және iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Адамдық қатынастардың құндылықтары
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына.
Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады.
Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.
Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында.
Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі. Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар.Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар.
Ал енді сол реніш пен ашуға келдік, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін. Әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді.
Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені, ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты.
Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз.
Дәріс 9. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Педагогтың идеалды бейнесі -кәсіби өзін-өзі тану мен өзіндік дамуының бағдары, педагогикалық іс- әрекеті жетістігінің шарты ретінде. Кәсіби даму кезеңдері. Педагогтың жекелік дамуы. Ұстаз және мұғалім, мұғалімнің жекелік сапалары.
Педагогтың идеалды бейнесі-кәсіби өзін-өзі тануы.
Қазіргі Қазақстандағы болып жатқан жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай-лар білім беру жүйесінде міндеттерді ше-шудің тиімді тәсілдерін іздестіру қажетті-лігін тудырып отыр. Білім беру сапасын арттыру Қазақстанның ғана емес дүние-жүзілік қоғамдастықтың өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шешуі білім беру мазмұнын модернизациялауды, білім беру үрдісін ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой–елегінен өткізуді талап етеді. Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім–тәрбиесіне, сана–сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болаша-ғын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың енші-сінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылы-мының көптеген ғалымдары талмай ізде-ніп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагоги-калық іс-әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс–тә-сілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Педагогтың идеалды бейнесі
Қазіргі заман педагогтың кәсіби іс - әрекетінің табысты болуы көбінесе идеалды бейнесіне байланысты, яғни ол идеалды болу арқылы өз имеджін қалыптастырады.
Бұл орайда тілге тиек болатыны, педагогтардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы педагогикалық әдептілік негіздері қарым - қатынастардың қажырлығы және оның барлық уақытта сақтала бермеуі. Сондықтан, мұғалімге тән педагогтық қарым - қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып, ұстаздарға оның негізгі сапаларын қалыптастыруымыз қажет. Ұстаздардың арасында айналасындағыларға өзі туралы жақсы әсер қалдыруды маңызды санамайтындар да бар. Тіпті, кейбір педагогтар идеалды болуды маңыздылығына сенбейді. Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында.
Сонымен идеалды бейне – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы. Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның кәсіби іс-әрекетінде идеалды болуы, оның карьерасымен тікелей сабақтас.
Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан - жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек. Жалпы, адамдардың 85%- ы бізбен танысқан алғашқы бес секундта қалдырған сыртқы әсер бойынша баға береді деп есептелінеді.
Сол себепті педагогқа өзін көрсете білу, ұнау, өзі туралы жақсы пікір қалдырудың маңызы зор
Педагогтың идеалды бейнесі:
- Айналасындағы адамдардың көңілін аулау кепілі;
- Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
(Егер оқушылар мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да болмайды деген байламға келуге болады). Себебі, баланың өмірінің жартысы оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектепте өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Бар мәселе имиджде.
Идеалды бейненің құрылымы:
- сыртқы бейне;
- вербалды және вербалды емес қарым - қатынасты пайдалану құралы;
- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Сыртқы имиджді құраудағы идеалды бейне:
- мимика,
- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз - өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ. Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
• Мәнерлі сөйлеу
• Көндіре білу
• Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
• Шыдамдылық
• Көргіштік
Қазіргі қазақ қоғамында ұстаз мамандығы өзінің мәртебесін жоғалтып отыр, оны өзімізге қайтарып алу керектігінше күмән жоқ. Әрине мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу керек.
Бірақ ұстаздың идеалды бейнесі және ата - аналар мен оқушылардың педагогқа деген көзқарасын тек экономикалық фактор ғана анықтай алмайды ғой. Осыған орай педагогтың өзі не істей алды?
Бұл сұраққа жауап іздейтін болсақ, онда былай жауап берер едік.
Педагогтың мәртебесі мен беделі оның жеке өзіндік бейнесіне байланысты.
Жалпы идеалды болудың құрамына төменде көрсетілген элементтерді жатқызуға болады:
- Қызметтік қарым - қатынас этикеті ( корпоративтік ережелерді ұстану)
- визуальді белгілер - бойдың, дене бітімің, шаш үлгісінің үйлесімділігі.
- Өзіне сәйкес стильді анықтайтын элементтер: киім, аяқ киім, аксессуарлар
- тіл табысу білу қабілеті ауызша және жазбаша тілдесу, дауыс ерекшілігі.
Сонымен, педагогтың идеалды болуы мынандай құрамнан тұрады:
Жеке және тұлғалық қасиеттер
Коммуникативтік қасиеттер
Кәсіби іс - әрекеттің және мінез - құлықтың ерекшеліктері.
Жаңа қоғам педагогтың идеалды болуына жаңа талаптар қояды, бірақ замандар бойы ұстаздың бойында өзгермейтін мынандай қасиеттер бар:
- балаларды жақсы көру
- мейірімділік
- шынайылық
- тілдесе алу икемділігі
Егер педагог өзінің жалпы педа-гогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұста-рын байқамаса, өз педагогикалық құра-лының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсі-би өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тәр-биелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын те-рең талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәти-желерін талдай отырып, оқытушы рефлек-сия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену) – тол-ғану, өз–өзін байқау, өзін–өзі тану. Кәсіби сана–сезім өзін–өзі тану негізінде қалып-тасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, пе-дагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.
Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс.
Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері. 1 - суретте көрсетілгендей әр топқа жататын бірнеше әдістерді атап көрсетеді.
Өзін өзі тәрбиелеу әдістері
|
Өзін өзі тану
|
Өзін өзі меңгеру
|
Өзін өзі ынталандыру
|
Өзін өзі бақылау
Өзін өзі талдау жасау
Өзін басқалармен салыстыру
Өзін өзі бағалау
|
Өзін өзі сендіру
Өзін өзі қадағалау
Өзін өзі бұйрық беру
Өзін өзі иландыру
Өзін өзі құптау
|
Өзін өзі көрсету
Өзін өзі мақұлдау
Өзін өзі мадақтау
Өзін өзі жазалау
|
Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз алдына нақты міндеттер қоюын, ол міндеттердің орындалуы бойынша өткенді ой таразысына тартьп өзіне есеп беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, өзін арнайы қадағалау негізінде айқындалған өз бойындағы өзгерістерді жүйелі түрде тіркеп жазып жүруді жатқызады.
2 сұрақ Кәсіби даму кезеңдері:
Педагогтың кәсіби даму және тұлғалық әлеуті деңгейінің дамуына мүмкіндік береді, өйткені, мұғалімнің даму дәрежесі, мектептің даму сапасынмен анықталады.
Батыс елдеріне белгілі американдық ғалымдар Виллис Д.Холи және Линда Валли зерттемелеріне сүйенсек, педагогтардың кәсіби дамуындағы біліктілігін арттырудың жаңа 2 бағытын атап көрсетеді:
Біріншісі, педагогтың оқыту және кәсіби-педагогикалық іс әрекетінің интеграциясы. Бұл, педагогтың тұлғалық және кәсіби өсу үдерісінің сапалық нәтижесі.
Екіншісі, оқыту үдерісін басқаруды демократизациялау. Мұның негізі педагог алған білімін, кәсіптік жоғары деңгейде белсенділік таныта отырып, іс-әрекетте қолдана алуының сапасы – дейді ғалымдар.
Сапалық білім беру жағдайында ең алдымен мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру басты қажеттілік: ол, білім беру саласындағы жаңалықтарды ендіру, жаңалықты ендіру құндылықтары, білім беру саласына жаңалық ендіру концепциялары, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру заңдылықтары, ғылыми-әдістемелік жұмыс, озат педагогикалық тәжірибе мен инновациялық педагогикалық технологияларды үйрену, жинақтау, пайдалану, инновациялық психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижесін іс-тәжірибеге кеңінен ендіру, әртүрлі инновациялық психологиялық-педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысқан іс-әрекетін жүзеге асыру; педагогикалық инновациялық қозғалыс, инновациялық зерттеушілік ізденістер және т.б.
Мұндай іс-әрекеттер мұғалімдердің кәсіби биіктер сапасын көтеруге толық теориялық-әдістемелік тұрғыда қажеттілігі мол. Педагогтардың кәсіби-біліктілік сапасын арттыру төмендегідей өзгешеліктермен сипатталады:
Оқыту әрекеті барысында қарым-қатынастың демократиялық стилі қолданылады, танымдық әрекетті белсендіру үшін авторлық тәсілдер қолданады, ол педагог тұлғасының өзіндік ерекшелігіне мысал болады.
Мұғалімнің кәсіби әрекетінің тұтастығы: аудиториялық, аудиториядан тыс және ізденіс жұмыстарының өзара байланыстылығы.
Дүниетанымның кеңдігі, эмпирикалық білімнің шығармашылық интерпретациясының іргелі теориялық дайындықпен үйлесімділігі.
Осындай жағдайда педагогтың кәсіби біліктілік деңгейі өте жоғары шығармашыл сатыда болса, онда ол, жаңа ақпараттық біліктілік деңгейі қалыптасады;
ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, оқытудың электрондық жүйелерінің әдістемесін жетілдіреді;
педагогтың өзіндік электрондық портфолиосы моделі мен басқару менеджменті үрдісті қолданады;
тілді меңгеруге (көптілділік) өмір сүру этикеті мен қарым-қатынас (синергизм) нормасын игереді;
өзінің қабілетін сай нәтижелі бағытқа (позицияға) жетуге зор мүмкіндігі бар және т.б.
Біліктілікті арттырудағы педагогтың даму мүмкіндіктерінің сапасы:
жаңа парадигмалы жағдайдағы білім берудегі кәсіби біліктілікті дамытады;
білім берудегі сапа менеджментін енгізу мәселелерінің шешімін іздестіру, ақпараттық, коммуникативтік және интеллеуталдық мүмкіндіктері жоғарлайды;
өзін-өзі дамыту, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдіру қабілеті тұрақталады;
шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, тәуекелшіл, сарапшы бола алады және т.б..
Қорыта келе, жоғарыда аталған сандық, сапалық индикаторлар біліктілік арттыру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби дайындығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда білім берудің сапасын шешуге ықпал етеді деп ойлаймыз.
3 сұрақ Педагогтың жеке тұлғасы мен мұғалімдік қызметке қойылатын талаптар
Жеке тұлғаның өзегі - оның «Мен»- жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «Мен»- жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке «Мен»-дерімен жұмыс істеп, бағыттылықтарын, қабілеттіліктерін дамытып, мінездерің тәрбиелеулері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды.
Өзін маман әрі жеке тұлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
- жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық касиетгері;
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады:
- оқушыларға деген сүйіспеншілігі;
педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы;
бақылағыштығы;
педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы;
педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы;
қарым-қатынас жасай алуы;
ұжымшылдық;
шығармашылығы және т.б.
Мұғалім - өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.
Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де больш табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің «Педагогикальқ әдеп және ұстаздьқ шеберлік» деген еңбегінде мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады:
- Байқағыштық
Ілтипаттылъқ.
Сенім.
Әділдік.
Төзім және сабыр сақтау.
Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия - мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы.
Сонымен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері ретінде оның балаға деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігн, педагикалық еңбекке қызығушылығын, психологияльқ-педагогикалық сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін, талап қоя білушілігін, табандылығын, ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой-өрісінің тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын, интеллектуалдық белсенділігін, педагогикальқ өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.
Жалпы жас ұрпаққа білім беру ісін жетілдіру және оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес екені анық. Сондықтан жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, мәдениетін дамытуға, рухани кемелденуін қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеуі, қоғам алдындағы бағдарламалық міндеттердің шешімі тікелей жас мамандардың кәсіби дайындықтарының сапасына байланысты.
Дәріс 10. Рефлексия-педагогтың өзін-өзі тануының тетігі ретінде
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Өзін-өзі тану -өзіндік сананың қызметі ретінде. Идентификация және рефлексия. Педагогтың өзін-өзі жетілдіруінің кезеңдері. Педагогтың «Мен- тұжырымдамасы».
Өзін-өзі тану өзіндік сананың қызметі ретінде.
Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады.
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады .
Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.
З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.
Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.
1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.
3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару [6, б. 23].
Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
1. Эмоционалды құндылық қатынасы
2. Өзiн-өзi тану
3. Өзiн-өзi реттеу
4. Өзiн-өзi бақылау
5. Өзiн-өзi бағалау
«Мен» субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.
Өзiн-өзi тану қорытындысында «Мен» образы тұсiндiрiледi және кейде жаңа «Мен» образы жинақталынады. Тұлғаның талпынысы «Мен» образы бiрден пайда болмайды, ең алдымен тұлға қасиеттерi, қылық, әрекет ерекшелiктерi тағы сол сияқты өзi жайлы ойлар қалыптасады. Мұнда басты орынды өзгелермен салыстыруы, өзiн-өзi бағалауымен ерекшеленедi. Егер «Мен» образы рационалды түсiнiктi қабылданған мезетте «Мен концепциясы» жоғары деңгейде болады, ол адам өмiрiне әсерiн тигiзiп, мақсатын, жоспарын анықтауға әсерiн тигiзедi [6, б.19-20].
Отандық психолог В.В. Столин адам ұйымының үш деңгейiн көрсеттi:
1. Биологиялық индивид;
2. Әлеуметтiк индивид;
3. Тұлға.
Идентификация және рефлексия
Достарыңызбен бөлісу: |