Ары мектеп педагогикасы


Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар



бет10/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:
Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Жаңа форматция мұғалімі - рухани дамыған жеке тұлға. Кәсіби дағдыланған, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа бейім, өз-өзін талдауға қабілетті. Кәсіпті оқытушы тек қана өз пәнін біліп қоймайды, ол педагогикалық үрдістегі әрбіp мүшенің орнын анық біледі. Студенттердің ic-әрекетін ұйымдастыра алады, нәтижелерін болжай біледі. Кемшіліктерін түзете алады. Ол міндетті түрде құзіреттi жеке тұлға болуы керек. Құзіретті педагог құзіреттіліктің үш тобын қалыптастыраалуы тиіс:

  1. Методологиялық ( психология, педагогика).

  2. Жалпы мәдениетті (дүниетанымдық ).

  3. Пәндік-бағдарлы

Жоғары мектеп оқытушысы экономикалық қатынас жағдайындағы белсенді, кәсіби және әлеуметтік қызметке даярланған болуы керек.
Жоғары мектеп оқытушысы мынадай нeгiзгi талаптарға сай болуы қажет:

  1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;

  2. Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды бiлyі;

  3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа
    білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі ;

  4. Компьютерлік техниканы меңгеруі ;

  5. Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

Жоғары мектепте оқыту процесінің ерекшеліктері.
Жоғары мектепте оқу мен тәрбие процестерінің бip-бipiмен етене бірлігіне қол жеткізу ұстаздардың алдына студенттердің бойында ғылыми- дүниетаным, моральдық-саяси сапалар, еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру , олардың қоғамдық белсенділігін барынша дамыту міндетін қойып отыр. Осыған орай студенттердің оқу мерзімінің барлық кезеңіне арналған тәрбие беру жұмысының бірыңғай перспективалық жоспарының принциптері мынадай:
1. Бүкіл тәрбие жұмысын комплексті негізде, яғни тәрбиенің барлық сапаларын (саяси- идеялық, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі) біріктіріп жүзеге асыру;
2. Оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарының тұтастығын қамтамасыз ету;
З. Курс сайын тәрбие жұмысының мазмұнын белгілеуде, әдістері мен ұйымдастыру формаларын қолдануда бірізділіктің болуын ескеру.у
Жоғары мектептегі оқыту процесі студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, олардың дербес зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. Әр уақытта педагогикалық қызмет пен ғылымды бip-бipiмен ұштастыра жүргізудің маңызы зор. Сол себепті біздің қоғам жоғары мектептердің ғылым мен мәдениетті дамытудағы ролін арттыруды басты мақсат етіп отыр.
Kaзipгi уақытта оқыту процесінде:
— студенттерге берілетін ғылыми білімнің теориялық базасының жоғары дәрежеде болуы;

  • мамандар даярлаудың профильдерін кеңейту;

  •  оқу пәндерінің интеграциясын жүзеге асыру;

  •  оқытуда студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыратын белсенді оқыту методтарын кең түрде қолдану көзделуде. Яғни жоғары мектептегі оқыту npoцeci студенттерге әмбебап және тұғырлы білім беруді мақсат етеді. Бұл үшін педагогтар басқару функциясын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Әрине оқыту процесінің өзідік қозғаушы күштері, өзіне тән қайшылықтары болады. Ең басты қайшылық педагогтардың студенттерге қоятын жаңа міндеттері, талаптары, болашақ мамандардың мүмкіндіктері мен дайындығының арасындағы қайшылық. Жоғары оқу орындарында оқыту процесін дұрыс басқару үшін оның заңдылықтарын, оқыту барысында туатын негізгі талаптарын, жалпы ережелерін біліп, ecкepiп отыру қажет. Бірақ жоғары оқу орындарындағы оқыту принциптері, оның аттары, саны, т.б. туралы дидактикада әлі де бірлік жоқ. Бұл мәселелерді зерттеушілердің арасында төмендегідей екі түрлі пікір бар:
1 .Жоғары оқу орындарының өзінің дидактикалық принциптері болуы керек деген пікір.
2.Орта мектеп дидактикасының қалыптасқан дәстүрлі оқыту принциптерін жоғары мектептің жағдайына сәйкестендіріп қолдану деген пікір.
Оқыту принциптерінің маңызы оқыту процесінің тек мазмұнына ғана қатысты емес, оның барлық жақтарына (оқыту әдістеріне, формаларына, құрылымдарына т.б.) тікелей қатысы және әcepi бар екендігін әркез ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет