1.3 Жоғары мектептің оқытушысы. Оқытушының ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру
Жоғары мектеп оқытушысы — бұл арнайы даярлығы бар және педагогикалык ic-әрекетпен айналысатын кәсіпкер адам.
Оқытушы – жалпы білім беретін әр түрлі типтердегі мектептерде оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман; дүниеге ғылыми дидактикалық-материалистік көзқарасты, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапасын, қоғамдық белсенділікті, білім алушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген біздіңзаманымыздын алдынғы қатарлы адамы.
Оқытушы – оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, білімалушылармен белгілі бip қатынаста болатын белсенді әрекет иeci.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық әрекетіне даярлау оқытушылардың үздіксіз педагогикалық ізденісіне тәуелді. Соңғы кезде қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты, білімдеңгейінің көтерілуі жеке адамдардың қарым-қатынасын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруды қарастыру мәселесін тудыруда. Мұны ғылымда инновация, болмаса инновациялық қызмет көрсету деп атайды. Жоғары оқу орнында мұғалім даярлау ісіндегі инновация қарым-қатынас жасаудың әдіс-амалын табу арқылы оқушылар тұлғасын қалыптастыруға үйрету; қоғам сұранысына байланысты білім-тәрбие беру әдістерін жетілдіру, соған сәйкес жаңа нәтижеге жету мүмкіндігін қамтиды.
Ең басты мәселе, болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиетін көрсету. Осы мақсатты шешу үшін оқу орындарында қоғамдық, экономикалық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық оқу курстары оқытылады. Бұлардың ішінде педагогика студентті белгілі бір мамандыққа даярлап қана қоймайды, олардың тұлғасын қалыптастыруға да елеулі ықпал етеді.
Оқытушының маңызды қызметі - оқыту, білім беру, тәрбиелеу, тәрбиелеу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптасыру.
Тәлімгер Оқытушы
Педагог-оқуорындарында, мектепке дейінгі және басқа мекемелерде сабақ немесе тәрбие жұмысын жүргізетін тұлға, ақылшы ұстаз, баланы тәрбиелейтін, оқытатын адам, маман.