Ары мектеп педагогикасы


Оқыту технологияларының білім сапасын көтерудегі ықпалы



бет11/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Оқыту технологияларының білім сапасын көтерудегі ықпалы.
Жоғары білім беру жүйесінің дамуының әлемдік беталыстары білім беру жүйесінде жаңа ортаның - ақпараттық қоғамның пайда болуына себепкер болады. Мұндай беталыстарды Қазақстанның жоғары кәсіби мектептерінде жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарына жаңа ақпараттық технологияларды, оқыту әдістері мен түрлерін, заманға сай білім беруді енгізу шарт. Жаңа оқыту технологиялары білім сапасын көтеруге ықпалын тигізіп қана қоймай, жоғары оқу орнына білім беру қызметіндегі бәсекеде өзінің мүмкіншілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орнындағы білім бepу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды, соған сәйкес оқыту әдістері мен түрлерін енгізу бүгінгі күн талабы.
Қaзіpгi заманғы ақпараттық оқыту технологиясын қолдану саласындағы шетелдік және отандық зерттеулер жоғары мектепке ақпараттық оқыту технологияларын енгізу педагогтардың кәсіби деңгейін қалыптастыруда белгілі бip қиындықтар туғызғандығын көрсетті. Оқытуды ақпараттандыру теориясы мен практикасының талдамы бұл проблемалардың педагог пен студенттердің арасындағы педагогикалық қатынасты ұйымдастыру ерекшеліктерімен, педаготік қызмет стилін, кәсіби ой-танымды өзгертудегі қиындықтармен байланысты екендігін көрсетті. Жоғары білім беруді ақпараттандыру жағдайларындағы педагогтардың қызметі жаңа сипатқа ие болды. Қазақстанның жоғары білім беруіндегі қазіргi заманғы ақпарат үрдістері ерекше мәселені білім беруді технологияландыру мен ақпараттандыру саласындағы зерттеушілік ісін оқыту практикасымен үйлестіретін оқытушыға көшу проблемасын тудырды.
Жоғары мектеп педагогын білім беруді ақпараттандыруға сай оқыту оның біліктілік деңгейін өзгертеді. Кез-келген еңбектің сапасы кәсіби функциялардың орындалу деңгейімен өлшенеді. Егер педагогикалық үрдіс технологиялық негізде кұралса, онда кәсіби педагогтың міндеті бұл үpдicтi технологияға сәйкес барынша нақты жүзеге асыру болып табылады. Оқытуды технологияландыру жағдайында бұл педагогикалық қызмет сапасының басты көрсеткіштерінің бipi болады. Оқыту технологиясының тиімділігі оқытушының оны жүзеге асыру сапасына байланысты болады.
Педагогикалық үрдістің қолайлылығы, оның сапалылығы үрдіс технологиясын білім деңгейінде емес, сенім деңгейінде игеруді талап етеді. Демек, педагогтарды қайта даярлау ici жоғары мектеп оқытушыларын жоғары оқу орындарында даярлаудағы кемшіліктерді жоюға, оқытушылардың өздігінен үздіксіз білім алу үрдісін ұйымдастыруға қатысты проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс.
Қaзipгi заманғы технология аясындағы жаңашыл оқу үрдісі, оның құрылымдастырылуы мен жүргізілуі педагогтан жаңа кәсіби білімді, біліктер мен дағдыларды, кейбір стереотиптерден бас тартуды талап етеді.
Жоғары мектеп педагогының кәсіби бағдарын өзгерту оның жекелеген және кәсіби ерекшеліктерін де ескеруді талап етеді. Кәсіби бағдарды өзгертудің арнайы ұйымдастырылған үрдіс қызметі жаңа оқыту технологияларын пайдаланумен жүзеге асырылатын педагогты психологиялық-педагогикалық жағынан қайта даярлауды қамтиды.
Демек, кез-келген жаңа оқыту технологиясын енгізу барысында бейімдеуші орта фактор ретінде педагогтарды қайта даярлау ісі міндетті түрде ecкерілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет