Ары мектеп педагогикасы



бет47/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Ситуациялық әдіс барлық әдістердің комбинациясын қолдануды шектеумен ерекшеленеді.
Бұл әдісті педагог-психологтар мақсатқа жетуді жылдам орындауына жекелеген әдістің төңірегінде шеше алмаған жағдайда қолданады. Демек, бұл шығармашылық, стандартталмаған әдіс болып саналады. Бұл әдіспен педагогтың бәрі келісе бермейді. Әдіс ситуациялауға байланысты стандарты емес шешімді, дәстүрлі емес жолдарды қолдануды талап етеді. Педагог осы шешімнен шығатын, себеп-салдарды алдын-ала болжап білу тиіс.
Берілген әдіс педагогтың өзіндік шығармашылық жұмысы болып есептеледі, шығармашылық қол таңбасы мен көргендігімен және педагогикалық процесті меңгерумен анықталады.
Оқыту әдісін таңдау. Әдістер өте көптүрлі және шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыруда, әдісті таңдап алукүрделі, индикативті қолданылуда байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа, оқушылардың өздігінен білімді игеру мен оқу практикалық даярлығын қалыптастыруға бағытталса, оқушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын әлеуетті оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік іздемпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің жеке басы мен шығармашылықтың ерекшелігін оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.
Мұғалімнің таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу-танымдық стилімен ерекшелінеді, стандартты емес оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық-шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларға оқыту формасы мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тақырыбының көлемінің күрделігіне, техникалық оқу құралдары мен жабдықталуы сынып оқушыларының саны мен олардың дене тәрбиесі психикалық және ақыл ойы, денсаулығының деңгейі, оқу сабақтарының құрылымы, өзара қарым-қатынас ерекшелігі мұғалімнің әлеуметтік-кәсіби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқа да өлшемдер, көрсеткіштер мен талаптармен қоса жаңаша технология, оқу-танымдық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылықта дамуына байланысты.
Жоғары оқурындарындағы дәрістер – оқытудың дидактикалық циклінің маңызды бөлімі. Оның мақсаты - студенттерге жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталған ғылыми негіздер қалыптастыру. Қазіргі кездегі жоғары мектептерде дәрістерді «ыстық нысаналар» деп атайды. «Дәріс» сөзі латынша «lection» - оқу деген мағынаны береді. Дәріс алғаш ҮІ ғасырда Ежелгі Грецияда пайда болған, кейін Ежелгі Римге және орта ғасырға дейін таралды. Рессей университетінің алғашқы қалаушыларының бірі М.В.Ломоносов оқытудың дәрістік түрлерінің даму тарихына аса назар аударды. Оның пікірінше, шешендік өнерді жүйелі және нақты үйрену міндетті. Сондықтан дәріс берушілерге тек ережелер мен авторлардың оқуларына сүйеніп қана қоймай, сөздің мәнеріне де басты назар аударылуы керек екендігіндігіне тоқталған.
ХІХ ғасырдың ортасында ғылыми және техникалық білімдердің өсуіне орай дәрістерді студенттердің өз бетінділігі мен белсенділігін арттыратын практикалық сабақтармен толықтырыла бастады. Дәрістің маңызы студенттердің кітап арқылы өз бетімен жұмыс істеуімен шектелді. Орыстың ұлы хирургі және педагогы Н.И.Пироговтың пікірінше, дәріс егер лектор жаңа ғылыми материалды бергенде немесе сөз шебері болса ғана оқылуы керек.
Жоғары оқу орындарындағы дәріс – лектордың аудиториямен шығармашылық қарым-қатынасы. Дәріс – төмендегі дидактикалық функцияларды орындайтын оқытудың басты формасы:
- оқыту тапсырмасының негіздемесі және қойылуы;
- жаңа білімді меңгеру үшін жаңалықтар;
- шеберлігі мен тәжірибелігін дағдыландыру;
- шығармашылығына анализ жасауға дағдыландыру;
- оқылатын пәнді басқа пәндермен байланыстыру.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарындағы дәрісті оқуда жалпы талаптар қойылады:

  • идеялық бағытының болуы;

  • ғылымилығы мен жаңалығының болуы;

  • заманға сай ғылыми дәрежедеболуы;

  • жарқын және нақты мысалдардың болуы;

  • айғақтар мен құжаттардың болуы;

  • ойландыратын сұрақтардың қойылуы;

  • қорытындылау (түсінікті және анық тілде жазылуы; тақырыбы мен терминдерге қайта түсінік беру; аудио-дидактикалықматериалдарды қолдану.

Дәрістің мынадай түрлері бар: кіріспе, дәлелденген; дайындық; қайталау-шолу; шолу.
Дәрісті оқу әдістемесі – айқындалған дәріс құрылымы және логикалы ойластырылуы; жоспарының болуы; осыларға қатаң бағыну; тақырыпқа байланысты әдебиеттерді лекцияның басында немесе аяғында айтылуы; әдебиеттер міндетті және қосымша әдебиеттерге бөлінеді. Терминдер мен ұғымдардың түсініктілігі, басты ойлар мен қорытындының болуы, көрнекі құралдарды пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет