Ары мектеп педагогикасы



бет43/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Интеграциялау принципі. Бұл – жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің (тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен эстетика, т.б.) өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың ролі ерекше.
Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Мұғалімнің алдымен бір принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне болмайды.
Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптер бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады.
3.4 Жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру түрлері

Жоғары оқу орындарында білім берудің ұйымдастыру алуан түрлері кездеседі: дәріс, практикалық сабақтар (семинарлар, лабораториялық сабақтар, практикум, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ), оқытушылардың көмегімен жүзеге асатын студенттердің өзідік жұмысы (СОӨЖ), өндірістік практика. Дидактикада осындай оқытуды ұйымдастырудың түрлерін белгілі бір дидактикалық есептерді шешетін танымдық іс-әрекетті басқару тәсілдері болып саналады. Сонымен қатар, дәріс, практикалық сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар оқытудың мазмұны мен әдістерін түсіндіретін студенттер мен оқытушылардың өзара әсері жүзеге асыратын тәсілдер болып табылатындықтан оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлері болып табылады. Оқыту процесі әртүрлі бақылау түрлерімен аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет