Ары мектеп педагогикасы


Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері



бет51/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері.

Кредиттік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін енгізілді. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері де кредиттік жүйеге ене бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердің білім министрлігінің бірлескен отырысында кредиттік оқытудың еуропалық жүйесін қабылдады.


Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойыншакредиттік оқытудың іргелі 4 жүйесі бар. Олар: Еуропалық жүйе –ESTS, американдық жүйе – USCS, британдық жүйе- CATS, Азия мемлекеттері және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – USTS. Қазақстанның білім беру жүйесі негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге енуді көздеп отыр. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі.
Республика білім беру жүйесінің кредиттік технологияға көшудегі басты мақсат - Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен біріктіру. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынған. Біздің көздеп отырған мақсатымыз- кредиттік оқытудың Еуропалық жүйесіне ену. Әлемдегі 12000 университетте жоғары білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылуда.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі принциптері:

  1. Бакалавриат (аяқталмаған жоғары кәсіптік білім)- 4 жыл, төмендегі сатысы-2 жыл; жоғары сатысы-2 жыл.

  2. Магистратура (жоғары кәсіптік білімнің екінші сатысы) екі траекторияда іске асады:

  • кәсіптік магистартура, 3 триместрді қамтиды-1 жыл;

  • ғылыми магистратура- 2 жыл

  1. Докторлық бағдарлама-жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық бағдарлама екі траекторияда іске асады:

  • кәсіптік магистратурадан кейін – 3 жыл;

  • ғылыми магистратурадан кейін- 2 жыл.

Халықаралық ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және ксәсіптік білімнен кейінгі білім берудің кредиттік технология негізінде үш деңгейлі академиялық дәрежелер енгізілді: “бакалавр”, “магистр”,”доктор”.
Бакалавриатқа түсу үшін талапкер міндетті түрде төрт сабақтан емтихан тапсырады, олар қазақ тілі мен орыс тілі, математика, Қазақстан атрихы, төртінші өздерінің қалаған мамандықтарына сәйкес пәненн тапсырады.
Бакалавриаттың толық курсын бітіру үшін 128-ден кем емес теориялық оқыту бойынша кредит тапсыру керек, оның 42-60 кредиті міндетті, 68-86 студенттің таңдауы бойынша берілетін кредиттер. Осының ішінде 6-8 кредит ағылшын тіліне беріледі.
Қазіргі таңда магистратура- білім жүйесіне енген жаңа оқу түрі. Аспирантурадан ерекшелігі магистратураның бағдарламасынатеориялық білім беру, ғылыми зерттеу практикасы енеді. Кәсіптік магистратура 36 кредит, оның 3- ағылшын тілі, ғылыми магистратура 48 кредит, оның ішінде 6 ағылшын тіліне беріледі. Кәсіптік магистратураны бітіргендер мамандық бойынша магистр, ал, ғылыми магистратураны бітіргендер- ғылым магистры деген академиялық дәрежесін алады.
Қорытынды мемлекеттік аттестация кәсіптік магистратура бойынша мемлекеттік емтихан тапсырумен және диплом жұмысын қорғаумен ал, ғылыми магистратураны бітіру- магистрлік диссертация қорғаумен аяқталады.
Докторлық бағдарлама жоғары кәсіптік білім алғаннан кейін іске асады.
Докторлық бағдарлама екі бағытта жүргізіледі:

  • кәсіптік магистратурадан кейін 3 жылоқу арқылы;

  • ғылыми магистратурадан кейін 2 жыл оқу арқылы.

3 жыл докторлық бағдарламаны игеру үшін философиялық -әлеуметтік ғылымдар, қазақ тілі, ағылшын тілін және мамандық бойынша пәндерден түсу емтиханын немесе тест тапсыру арқылы конкурстық негізде қабылданады.
Докторлық бағдарлама теориялық оқу мен ғылыми- зерттеу жұмысынан тұрады. 2 жылдық докторлық бағдарламаны игеруге 48 кредит беріледі, оның 24-і теориялық оқыту; ал 3 жылдық докторлық бағдарламаны игеруге 60 кредит беріледі, оның 36 кредиті-теориялық оқыту.
Сонымен қатар, 2 жылдық докторлық бағдарлама таңдау бойынша 8 арнайы курсты, ал, 3 жылдық докторлық бағдарламаны игеру үшін 8 таңдаулы курсты орындау керек.
Докторант кәсіптік білім бағдарламасын ғылыми жетекшінің басшлығымен іске асырады. Сонымен қатар, ғылыми жетекшілікке екі ғалым бекітіледі: біреуі- қазақстан республикасынан, екіншісі- шетел жоғары оқу орындарында сала бойынша еңбек ететін, жетекшілік етуге құқығы бар ғалым.
Мемлекеттік білім стандартындағы талаптарын және жоспарланған кредиттерді орындаған соң докторант қорытынды мемлекеттік аттестацияға қорғаумен аяқталады. Мемлекеттік қорытынды аттестация нәтижесінде жоғары оқу орнынан кейін кәсіби білім алды деген құжат және ғылым докторы деген академиялық дәреже беріледі.дипломға оқылған пәндерді қамтитын академиялық анықтама қағазы қоса тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет