Ары мектеп педагогикасы



бет54/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Рейтингілік жүйені практикалық жағынан іске асыру – білім сапасын арттыруды, студенттің өзін-өзі басқаруын, адамгершілік-құқықтық сапасын қалыптастыруды көздейді. Ол үшін төменгі жағдайлар ескерілуі тиіс:

  • студенттің өз алдына мақсат қоюы, алдын-ала оқуға мотив туғызуы, өзін-өзі реттеудің негізі рейтинг карточкасын силлабусты ендіруге байланысты болады, онда тақырыптар мен сұрақтар беріліп, студенттердің оқу үлгерімі көрсетіледі;

  • білім сапасын арттыру үшін (жүйелілік, жалпылық, беріктілік, саналылық, тереңдік) студенттерді жүйелі танымды іс-әрекетке үйрету, оқылатын ақпарат құрылымын талдау белсенді оқыту әдістерін (зерттеушілік, проблемалық, модельдеу) қолдану, интерактивті әдістер арқылы арқылы жүйелі ойлауға, өзіндік танымдық дағдыларды қалыптастыру;

  • оқыту процесінің барлық кезеңдерін тегіс бақылау; күнделікті бақылауды өзіндік бақылауға, өз еңбегінің сапасын жұмыстық бақылауға айналдыру; рейтингті анықтау үшін ағымдық және қорытынды бақылау қорытындысын жасау;

  • оқыту мақсатына қарай, білім сапасының деңгейін анықтау;

  • жоғары сапалы білім берудің мақсаты - өзін-өзі бақылау, өзінің білімін жүйелеп реттеу, өз білімін бағалау арқылы оқытудың тәрбиелік қызметін арттыру;

  • өзін-өзі басқару деңгейін арттыру мақсатында – адамгершілік-құқықтық санасын қалыптастыру; алдындағы мақсатты анықтап, оқылатын ақпаратты талдап түсіну, шығармашылық ізденіске түсу, басқалармен қарым-қатынас орнату арқылы өзін-өзі жетілдіру, топтың қоғамдық өміріне қатысу – озат студенттердің тәжірибесін қорыту; оқытушының, студенттің оқу қызметін бақылап, оқу курсынан түйген тұжырымдарын бекіту;

  • жалаң бағаның білімді тежеуін тоқтату үшін, оқушының жетістікке жету құқын қалпына келтіру, қабілеттерін жүзеге асыру, оқыту қарқынын арттыру үшін оқыту және бақылау барысында түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану, сонымен қатар, әр деңгейлі тапсырмалардың сапасын, күрделілігін көтеру;

  • оқытудың диагностикалық деңгейін және аттестациялық бағасын анықтау үшін тест қолданылады. Бұл тестілік бақылау өткен материалдарды қорытындылауға, оны терең түсінуге қызмет етеді. Қорытынды тест (аралас) білім сапасының деңгейін (жүйелілік, тереңдік, саналылық, толықтық, жалпылық, беріктік) арттыруды көздейді және оқытылатын курстың негізгі тұжырымдарын, пәнаралық байланыстарын, нақты фактілерді, блоктарды, кредит көлемін ескереді. Қорытынды тест жүргізілгенне кейін жақсы оқитындарды автоматтық аттестацияға жіберуге шешім қабылданып, нашар оқушылардың төмен рейтингісі анықталады.

Студенттің семестрдегі рейтингі. Студенттің рейтингі СӨЖ екі ағымдық бақылау балы (30%-ке дейін) және екі аралық бақылаудың балы (30%-ке дейін) және емтихан (40%-ке дейін), осылардың қосындысынан қорытынды балл санмен және әріппен белгіленеді.
Пән туралы алынатын білім сапасы рейтинг бойынша есептеледі. Кеңінен тараған рейтинг жүйесі мынадай: 90-100 % балл болса – білім нәтижесіөте жоғары деңгейді, 75-89 % балл болса – жақсы деңгейді, 60-74% болса – қанағаттанарлық, 59 % балдан төмен болса – төмен деңгейді көрсетеді.
Тесті сессия алдындағы бақылау үшін, сол сияқты диагностикалық бақылау үшін (оқытушылардың оқыту қызметінің сапасын тексеру, министрлік тестілеуге даярлық, оқытылатын пән туралы білімін тексеру), білімі жоғары студенттерге автоматты түрде бағалау арқылы оқыту процесінің үлгерім сапасын арттыру үшін қолданылады.
Тестілеу мына жағдайларды ескергенде ғана нәтижелі болады:

  • білім мазмұны блок жүйесі арқылы берілуі тиіс;

  • тест тапсырмалары мен тест сұрақтарының саны бақылау мақсатына сәйкес болуы керек;

  • тест-тапсырмаларда меңгерілген терминдер мен қысқаша, нақты жауаптар берілуі қажет;

  • тестілердің мақсатына қарай (оқығанын еске түсіру, алгоритімдік, эвристикалық, шығармашылық) тестілер түрінқолдану (В.П.Беспалько бойынша).

1 деңгейлі тестер – тану, салыстыру, іріктеу, баламалық (тану, салыстыру, жіктеу);
2 деңгей – еске түсіру, толықтыру тестері (есіне түсіру);
3 деңгей – себебін, жағдайын, пәнаралық байланысын ескеретін тестер; толық жауап беретін немесе толықтыруды қажет ететін тестер; жартылай ізденіске түсіретін тестер;
4 деңгей – мәселені шешуге арналған, жаңа танымдық әрекеттерді таңдайтын, алған білімін қолдануды талап ететін (шығармашылық, ізденіс) тестер.
Тест әр студентке түсінікті және үнемі қолданыста болуы қажет, өйткені тестер студенттерге нақты талаптар қойып, үнемі ізденіске түсіріп, өздерін бақылау құралына айналуы керек.
Оқу жылының басында студенттерге рейтинг картасысиллабус қолдарына берілуі тиіс. Онда оқитын кредит саны, молдульдердің атауы, тақырыптар, білімін тексеретін сұрақтар, СӨЖ тапсыру есебі, бақылау түрі, формасы мен күні көрсетіледі. Бастапқы бақылау – семестрдің басында, аралық бақылау – модуль соңына қарай, қорытынды бақылау – сессия алдында жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет