Ары мектеп педагогикасы


Студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің мәні мен оны ұйымдастыру жолдары



бет57/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

4.2. Студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің мәні мен оны ұйымдастыру жолдары.

Студенттерді зерттеушілік әрекетке баулу және олардың зерттеушілік әрекетін қалыптастыру – күрделі әрі ауқымды мәселе. Әрекет – ол студенттің іс-әрекеті талдауының бір бөлігі. Оқытушы әрекетті тек атап қана қоймай. Сонымен бірге оның құрылымын, атқаратын ролін, негізгі бөліктерін, оларды қалыптастырудың сатылары мен заңдылықтарын білуі тиіс. Сондықтан да әрекет – бұл өзара байланысқан элементтердің біртұтас жүйесі. Әрекеттер орындалу немесе іске асу барысында негізгі үш қызметті: бағдарлау, орындау, бақылау-түзету қызметтерін атқырады.


П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы бойынша әрекеттерді меңгерту үш негізгі сатыға негізделген: бағдарлау, орындау, бақылау. Әрекеттерді қалыптастыруға қажетті ең маңызды бөлік – ынта. Себебі студенттің іс-әрекеті орындауға деген ынтасы болмаса, онда әрекеттің орындалуының және оны қалыптастыру нәтижесінің жоғарғы деңгейде болмайтыны сөзсіз. Сондықтан да ынта – кез келген басты негізі деуімізге болады. Студенттердің оқу-зерттеушілікке деген ынтасын, көбінесе, олардың проблемалық жағдай тудыратын сұрақтар, тапсырмалар, қызықтыратын программалар және т.б. әдістерді пайдалануға болады.
Оқу танымдық әрекет – сонымен қатар бар нәрсені игеруге бағытталған оқу әрекеті. Ол студенттердің дүниені тану арқылы адамның рухани баю мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған. Бұл мағынада танымдық әрекет студенттердің өз бетінше жұмысынсыз, белсенділігінсіз өтуі мүмкін емес.
Оқу-зерттеушілік әрекет шығармашылықтың бір формасы болғандықтан, студенттердің оқу-зерттеушілік қабілеттерінің дамуы туралы мәселе олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы жайлы келелі мәселенің құрамды бөлігі болып табылады.
Шығармашылық – дәл сипатталатын, қатаң реттеуге келмейтін интеллектуалдық іс-әрекеттер мен операциялар арқылы адамның объективті немесе субъективті жаңа процесс. Мұның атқаратын функциясы – жинақталған тәжірибені қайта жаңғарту ғана емес, жаңа элементтер жасай отырып, оқушы мен оның ебдейліктерін дамыту.
Шығармашылық жайлы әңгіме қозғалғанда біздің санамызға Евклид, Гомер, Леонардо да Винчи, Моцарт, Бетховен, Ньютон, Лобачевский, Гете, Пушкин, Пуанкаре сияқты және т.б. өткен уақыттың ойшыл-даналары еске түседі. Бұлар өз ойларымен, мәселелерге жаңаша көзқараспен келу арқылы қоршаған ортаға, оның заңдылықтарын ашуға деген адамзаттың мүмкіншіліктерін көрсете білді. Бірақ та мұның барлығы шығармашылықтың бір ғана қыры.
Шығармашылық қабілетті дамыту жаттығуды қажет етеді. Әрбір өз бетінше шешілген қиыншылықтар шығармашалық қызметті ұштай түседі. Мәселеге шынайы ден қоймай, іштен түрткі болмай, бір мәселе бойынша ұзақ ойланып толғанбай, шығармашылық нәтижеге жету мүмкін емес.
Студенттердің өз бетінше шығармашалық қабілеттілігін іс-әрекет процесінде ғана қалыптастыруға болады. Мұнда студенттер танымдық әрекетінің негізгі тәсілдерін игерумен қатар өз бетінше ғылыми танымдық кейбір кезеңдерінен өтуге де үйренеді. Ол кезеңдер: мәселелік жағдайды жеке түсіну, эксперимент және бақылау, болжам жасау, болжамды тексеру және дәлелдеуі, теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне талдау жасау және қолдана білу.
«Оқыту әдістерін әлеуметтік талаптарға, жалпы білім деңгейіне сәйкестендіру дегеніміз – оқу процесінде студенттердің материалды терең игерумен бірге олардың шығармашылық қабілетін, ынталылығын, танымдық ізденпаздығын дамытуға мүмкіндік туғызатындай етіп ұйымдастыру» - дейді Р.А.Хабиб.
Г.И.Щукина оқу-танымдық әрекет таным және оған деген қызығушылығын тәрбиелеудегі күрделі процесс екенін айта келе, бұл ең алдымен адамзат жинақтаған білімді игерудегі қызметі екендігіне назар аударып, танымдық әрекет – онда игерілген білім жинақталып қана қоймай, студент танымының жоғарғы деңгейде көтерілуіне мүмкіндік туғызатын танымдық процесс дейді.
Соңғы жылдары бұл мәселенің теориялық жағынан жете зерттелуіне А.Е.Әбілқасымова, Ю.К.Бабанский, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый, М.Н.Скаткин және т.б. үлкен үлес қосты. Студенттедің ізденпаздық және оқу-зерттеушілік әрекет элементтеріне, оқыту әдісін жетілдіруге байланысты көптеген мәселелер зерттелді.
Педагогикалық зерттеулерде оқу-зерттеушілік сипаттағы тапсырмалардың қолдану аймағына талдау жасауға үлкен орын берілуде және оны оқу процесінің түрлі бөлімдерінде қолданудың әдістемесі де жетілдірілуде. Зерттеу жүргізуге педагогикалық жетекшілік ету мен студенттердің өз бетінше қызметінің қатынасы туралы мәселе қойылып отыр. Қазіргі кезде ғалымдар өз бетінше оқу-зерттеушілік жұмысты кеңінен қолданбайынша студенттерді терең, берік игерілген білімдер мен дағдыларды қалыптастыру мүмкін емес екендігін мақұлдап отыр.
Көптеген авторлар атап өткендей, зерттеушілік әрекеттің түрлерін сабақтың төмендегідей дидактикалық мақсаттары бойынша жіктеуге болады:

  1. жалпы білім алу мақсатында зерттеу;

  2. білімді жалпылау мақсатында зерттеу;

  3. білімді бекіту мақсатында зерттеу (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин және т.б.).

Жаңа білім алуға бағытталған оқу-зерттеушілік қызмет нәтижесі зерттелуші объекті болмаса зерттелуші аралық объектілер жайлы, болмаса зерттеудің нақты немесе арнайы тәсілдері туралы жаңа білім. Жаңа білімдерден:
а) ғылыми зерттеушілік қызметті сипаттайтын объективті (принципті жаңа) білімді;
ә) оқу-зерттеушілік қызметті сипаттайтын субъективті жаңа білімді (белгілі бір субъект үшін жаңа білім) ажырата білу қажет.
Ғылыми зерттеушілік қызметте тек қана нақты объектілерді ғана емес, сонымен қатар белгілі бір нәтиже алуға пайдаланылатын нақты танымдық іс-әрекеттерді және оларды орындау ретін алшақтату қажет. Танымдық іс-әрекет неғұрлым күрделі болған сайын интуитивті болжанған операцияларды нақты іс-әрекет ережелерімен алмастыру қажеттілігі туындайды. Осылайша бұрын алынған нәтижелерді бірнеше рет қайта алу мүмкін болады.
Оқу-зерттеушілік қызмет логикалық құрылымы жағынан және әсіресе психикалық үрдістер ерекшеліктерімен, ғылыми зерттеушілік қызметтен онша ерекшеленбейді.
Оқу-зерттеушілік процесс барысында студенттер белгілі бір фактілер мен құбылыстарға түсініктемелер мен дәлелдеулер өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Ғылыми ізденістен айырмашылығы: студент мұндай «жаңалықты» субъективті түрде өзі үшін жасайды.
Психикалық процестің ерекшеліктеріне қарай ғылыми және оқу-зерттеушілік қызметтер бірдей емес екендігін атап өту қажет. Олардың арасында (мотивациялық аспектіде) елеулі айырмашылықтар бар. Ғылыми зерттеуге қарастырылып отырған мәселенің қаншалықты қиын екендігі белгісіз және де зерттеуші қандай да бір жаңа нәтиже алу мүмкіндігі туралы сенімді болмауы мүмкін (оның бар екендігі жайлы білмеуі де мүмкін). Ал оқу-зерттеушілік қызметте студенттерр тапсырманың орындалатынын, оған алған білімдерінің жететіндігін алдын ала біледі. Сондықтан да оқу-зерттеушілік қызметте ынталандырушы, қосымша себеп бар. Ол – рухани қанағат және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болу. Мұның барлығы да ғылыми зерттеуде болмайды. Бұл айтылғандар зерттеушінің оқу және ғылыми зерттеушілік қызметіндегі психикалық процестердің айырмашылығын көрсетеді.
Оқу-зерттеушілік қызмет бір себептермен біріктірілген және зерттеу мақсатына жетуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесінен тұрады. Ой әрекеті-белгілі бір ретпен орындалатын ойлау операциялардың жиынтығы Операциялардың қандай ретпен орындалуы – іс-ірекеттің орындалу үрдісі құрайды.
Осындай әрекеттердің әр қайсысын оқу-зерттеушілік қызмет элементі деп атайтын боламыз. Мысалы, зерттелуші мәселенің маңызды жағын бөліп қарай, жеке пайымдаудан жалпыға көшу, сырттай түрліше жүйелердің құрылымдық ұқастығын анықтау, бастапқы берілген тапсырмаларды дара тапсырмаларға бөлу және т.б. әрекеттер оқу-зерттеушілік қызмет элементтері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет