Ары мектеп педагогикасы



бет53/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Эдвайзерлер қызметі:

  • Студенттерге білім кеңістігін айқындауға және оны іске асыруға ықпал етеді.

  • Эдвайзер алдыңғы қатарлы әдістерді пайдалану арқылы бір немесеекі бағыт (мамандық) бойынша ғана жұмыс істейді және академиялық кеңесшінің міндетін атқарады.

  • Эдвайзерлер қызметі факультет декандарының жанында құрылады және тікелей деканға бағынады.

  • Эдвайзерді факультет деканының келісімімен ректор тағайындайды.

Эдвайзердің міндеттері:

  • Қызметі бойынша факультеттің оқу-әдістемелік кеңесіне мүшелікке кіреді;

  • Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты қажетті ақпараттық материалды дайындайды;

  • Студенттерге оқу және жекелей жұмыс жоспарын құру үшін және оларға өзгертулер жасауға жекелей кеңестер береді;

  • Аралық және ағымдағы бақылауларды өткізуді қадағалайды, студенттің академиялық рейтінгісінбағалауға қатысады;

  • Қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді қадағалайды.

Тьютор дегеніміз – оқу пәндерін жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық кеңесшісі рөлінде танылатын кафедра оқытушысы.
Тьюторлар қызметі мамандандырылған кафедрада құрылады.
Кредиттік оқыту жүйесін пайдалану арқылы оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы:

  • әр студенттің және оқытушының кредит бойынша еңбек шығынын есептеу;

  • жұмыс, оқу жоспарына сәйкес әр студенттің оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін таңдауы;

  • студенттің оқытушыны еркін таңдауы;

  • студент жекелей оқу жоспарын өзінің тікелей араласуымен эдвайзердің басшылығымен жасайды;

  • оқытушылардың педагогикалық жүктемелерін айқындау және есепке алу, оқу процесін ұйымдастыру.

  • Оқу жылы 34 аптадан тұрады, оның 30 аптасы теориялық білім беруге, 4 аптасы қорытынды есепке беріледі. Демалыс жылына екі рет берілнді, ұзақтығы 10 аптадан кем болмауы керек. Қысқы демалыс екі апта. Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.

Кредиттік оқыту жүйесін пайдалану арқылы оқу процесін ұйымдастыру төмендегі түрде өтеді:

  • Бұрыннан келе жатқан аудиториялық сабақтар: дәріс, практикалық сабақтар, семинар, коллоквиум, лабораториялық сабақтар, студиялық сабақтар; оқу және кәсіптік практикалар; ғылыми-зерттеу жұмыстары, диплом жұмысын дайындау, магистрлік және докторлық диссертацияларды дайындау.

  • Аудиториядан тыс сабақтар: жекелей консультациялар, видеоконференциялар, телебайланыстар, кредиттік технология бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жұмысы (СӨЖ), интернет сессия, арақашықтықтан оқыту жүйесі.

  • Студенттің жекелей оқу бағдарламасын ұйымдастыру эдвайзердің басшылығымен іске асады.

  • СОӨЖ сағаттары теориялық сабақтың сағатынан артық болмауы керек.

Педагогикалық, кәсіптік, өндірістік практикаларға берілген кредиттер саны стандартта қамтылған 128 кредиттің ішіне кірмейді. Оларға қосымша кредиттер беріледі.
Сырттай оқу түріне – күндізгі оқу түріне берілген кредиттер санының 30 пайызы алынады. Білім беру бүгінгі дәстүрлі сабақ берумен қоса арақашықтықтан оқыту, электронды почта арқылы іске асады.
Бір семестр бойы 12-18 аралығында кредитті орындау керек. Мемлекеттік стандарт талаптарын орындаған және берілген оқыту кезеңіне байланысты кредитті тапсырған студент қорытынды мемлекеттік аттестацияға жіберіледі.
Дипломдық жұмысты орындауға 2-4 кредит беріледі.
Мемлекеттік аттестация қорытындысы негізінде жоғары кәсіптік білім дипломы және академиялық бакалавр дәрежесі беріледі.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізіне - әр пән бойынша силлабустар жасау жатады.
Силлабустың құрылымы:

  • Оқытушының аты-жөні, байланыс телефоны, кафедрада болатын уақыты;

  • Курстың тақырыбы, кредит және сағат саны;

  • Курстың болатын уақыты мен өткізілетін жері;

  • Курсты меңгеру үшін керек білім, білік, дағды;

  • Курстың қысқаша сипаттамасы (мақсаты мен міндеттері, мазмұны);

  • Курс және семинарды өткізу графигі (күні, уақыты, әр адамның тақырыбы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, лекция және семинарлардың жоспары, өзіндік білімін көтеруге бақылау сұрақтары, негізгі әдебиеттер);

  • Оқытушының талаптары;

  • Қосымша материалдар тізімі (қосымша оқу әдебиеттер тізімі, нормативті-құқықтық база, баспасөз материалдары, интернет);

  • Көрнекілік материалдардың тізімі, техникалық құралдар, т.б.

  • Студенттің өз бетінше жұмысына арналған тапсырмалар;

  • Консультация уақыттары;

  • Аралық бақылау және білімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары;

  • Емтихан сұрақтары;

  • Білімді бағалау, есептеу әдісі.

Кредиттік оқыту жүйесінде бағалаудың бұрыннан келе жатқан дәстүрлі 5 баллдық жүйенің орнына 10 баллдық жүйе енгізіледі.



Сандық жүйедегі
баға

Балл

Пайыздық қатынас

Дәстүрлі жүйе түріндегі баға

А

4,0

95-100

өте жақсы



А-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-55

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

GRA= (1 кредит*) + (2 кредит*) + (n кредит* балл) / 1 rhtlbn + 2 rhtlbn + n кредит.


Мысалы, оқу жылы бойы студент төмендегідей нәтижелерді көрсетуі мүмкін:



Пәннің аты

Бағасы

Балл

Кредит

1

А

4,0

3

2

В

3,0

3

3

Д

1,0

3

4

С

2,0

3

5

В

3,0

2

6

А

4,0

3

Жоғарғы оқу орнын бітіруші студент барлық емтихандарын «А» және «А-», «В» және «В-» тапсырып, орта баллы 3,25-тен кем болмаса, мемлекеттік емтиханды немесе дипломдық жұмысын «А» және «А+» тапсырған студент қызыл диплом алуға құқығы бар.
Студенттің білімін бағалау тек емтихан түрінде ғана болады.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша сынақ тапсырылмайды. Кредиттік оқыту жүйесінде, егер студент аралық бақылаулардан пән бойынша төмен балл алатын болса, емтихан кезінде одан жоғары балл қоюға оқытушының құқығы жоқ. Аралық бақылау нәтижелері негізгі орын алады. Білім сапасын аралық бір апта семестр ортасында өткізуге немесе сабақтан тыс уақытта да қабылдауға болады.
Студенттің қанша кредит алғаны туралы және оқылған пәндер бойынша білім сапасына қойылатын балдарды қамтитын ресми құжат транскрипт деп аталады. Курстарды өтуіне байланысты студенттің барлық алған бағалары жиналған кредиттердің саны транскриптіге енгізіледі. Студент кез келген уақытта транскриптіні талап етеуіне құқығы бар. Егер студент бір жоғары оқу орнына ауысқанда транскрипт студенттің қолына берілмей, ол тек байланыс жүйелері арқылы келесі жоғары оқу орнына жіберіледі.
Кредиттік технология бойынша оқытушы мен студенттің жұмыс шығынын есептеп отыратын офис-тіркеуші қызметі енгізіледі.
Ұлттық білім бағдарламасын халықаралық деңгейде таныту, студенттер мен оқытушы-профессор құрамының бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.
Кредиттік технологияны енгізу тұтас білім беру жүйесін қамтиды. Осыған дейінгі оқытушы білімдерді табушы және беруші болып, ал студент енжар тұтынушы болып табылған бұрынғы аудиториялық-сабақ жүйесі күн талабына жауап бермейді.
Кредиттік оқу жүйесіне көшу материалдық тұрғыда үлкен дайындықтар жүргізуді талап етеді. Себебі, кредиттік оқыту жүйесінің тәртібі бойынша студенттің қолында бүкіл ғылыми-әдістемелік материалдар, оның ішінде, дәріс мазмұны тезистік түрде әр студенттің қолында болуы керек.
Кредиттік оқытудың сапасын 100 балдық рейтингтік бағалауға көшірудің өзі де, студенттерді білім алуға бағыттауы тиіс десек те, ол студенттерді жалаң баға бағдарын ұстануға мәжбүр етеді. Рейтингтік бағалау жүйесін қолданғанда да дәстүрлі бағалаудың кемшіліктерін ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет