Ары мектеп педагогикасы


тарау. Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу іс-әрекеттері



бет56/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

4 тарау. Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу іс-әрекеттері.


4.1. Студенттерді оқу-зерттеу әрекетіне баулу. Оның мәні мен түрлері.

Көптеген белгілі педагогтардың айтуынша «шығармашылық жұмыстың студенттер қауымына берері мол, шығармашылық жұмыстың арқасында студент өзіне керекті жаңа білім және жоғары сапалы ақпараттар жинауға мол мүмкіндік береді» - дейді.


Өз қалауымен жоғары оқу орнына түскен әр студент жастарға 4-5 жыл бойы мамандығына және басқа да пәндерден жүйелі дәрістер оқылып, практикалық, лабораториялық сабақтар өткізіледі. Бұл дәрістік, семинарлық сабақтар болашақ ұстаздың теориялық білімінің өз пәніне деген бейімделуіне және қалыптасуына маңызы өте зор. Жоғары оқу орнына қабылданған студнеттер білім алумен қатар оқытушы ұстаздардың жетекшілігімен ғылыми үйірмелерге қатысып, ғылым жолына алғашқы қадамдарын, ізденістерін де бастайды. Бұл ретте студенттердің қзіндік жұмыстарнының атқаратын рөлі ерекше. Студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері де сан алуан, олар белгілі бір тақырып, проблема, реферат жазу, оқу-әдістемелік, ғылыми сын еңбектерден конспект жазу, студенттік ғылыми конференцияларға қатысу және дипломдық, курстық жұмыстар жазу, баяндама жасау. Солардың ішіндегі ең маңыздылары – курстық және дипломдық жұмыстар жазу.
Курстық және дипломдық жұмыстар – студенттің сөз өнерінің сырларымен етене танысып, ғылыми ізденіс жолымен бет алуына, жазу дағдысына машықтануы мол мүмкіндік ашатын өзіндік жұмыс түрлері. Солардың жоғары кәсіби білім беретін әр оқу орындарында оқу процесінде курстық, дипломдық жұмыстардың да алатын өзіндік орны бар.
Жоғары мектептің типтік оқу жоспарына сәйкес курстық жұмыстар 3 курста, ал, дипломдық жұмыстары соңғы курста жазылады. Курстық жұмыстар студенттердің жоғары кәсіби білім алу жолындағы маңызды әрі міндетті оқу-педагогикалық шаралардың бірі болғандықтан, олардың құрылысы мен жалпы мазмұнына, орындалуына белгілі бір талаптар қойылады. Көптеген студенттер көпшілігі тапсырманы бірнеше рет алып отырғандықтан әр курстық жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін, мақсат-міндетін, ғылыми-шығармашылық сипатын жете түсіне білгендіктен, жазу барысында қатты қиналады, не жазарларын айқындай алмай, ақырында біразы оқулықтардан, зерттеу еңбектерінен т.б. үзіп-жұлып көшіруге барады. Ал, курстық жұмыстың сапалы, мазмұнды орындалуы мамандық беретін кафедраның және студенттердің даярлығына байланысты. Оқу жылы басында кафедралар курс жұмысының тақырыптарын талқылаудан өткізіп, бекітуге тиісті. Тақырыптың тым ұсақ, жеңіл, аталуын немесе өте ауқымды, аса күрделі болмау жағына мән беру керек. Тақырып ұзақ болса, студенттің кеңірек ізденуіне, ой-тұжырымын жан-жақты жинақтап айтуына кедергі туады, ал, тым ауқымды, күрделі мәселе болса, жұмыста нақтылы талдаудың орнына жалпылама айту, шолулық сипат орын алуы әбден мүмкін. Негізінен, тақырып 1-2 курстарда өтілген, семинарларда талқыланған, 3 курста оқылып жатқан әдеби материалдар ауқымында берілген орынды.
Әдіскер ғалым А.И.Ревякиннің пікірінше, тақырыптар бірсарынды болмай, неғұрлым алуан түрлі мәселелерді қамтыса, соғұрлым тартымды болмақшы. Мұндай тақырыптар студенттердің қызығушылығын, ізденісін туғызары анық. Түйіп айтқанда, бірсарындылыққа ұрынбау үшін тақырыптардың проблемалық, ышғармашылық сипатта таңдалып алынуы қажет. 1-2 курстарда мамандық пәндерден дәріс тыңдау, семинар сабақтарында көркем шығармаларды талдауға жаттығу, күнделікті семинар тапсырмаларына керекті қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, конспект жазу, рефераттар жазу, баяндамалар жасау, мұның бәрі студентті алдағы курстық жұмысқа алдын-ала даярлау болып табылады. 1 курстан бастап, студенттерді кітап оқуға, кітапханаларға барып, каталогпен жұмыс істеуге, кітаппен, библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс істей білуге баулу да даярлықтың түрлері ретінде өте маңызды.
Курстық жұмысқа кірісер алдында студент ең алдымен, жалпы жұмыс жоспарын жасап алуы міндетті. Жалпы жұмыс жоспары мынадай бөліктерден тұрады:
1. Тақырып таңдау.
2. Таңдаған тақырыпты жан-жақты ашуға қажетті көркем туындыларды іріктеу, әдеби-сын, зерттеу еңбектерін іздестіріп, олардың тізбесін жасау.
3. Іріктелген материалдарды, зерттеу еңбектерін оқу, тақырыпқа сай жүйелеу, міндет-мақсатты айқындау.
4. Курс жұмысының нақтылы жоспарын жасау.
5. Жұмыс жазуды аяқтау.
Курстық жұмысқа кірісудің бастамасы тақырып таңдаудан басталады. Кафедра ұсынған тақырыптар арасынан студент өзіне ұнаған тақырыпты таңдауға ерікті. Сондай-ақ, студентті бұрыннан қызықтыратын, толғандырып жүрген проблемаларға байланысты тақырып таңдап алуына мүмкіндік жасау керек. Алайда, кей тақырып қызықты, ғылыми болғанымен, зерттеу жазуға қажетті әдебиеттің жетіспеуі немесе табылмауы салдарынан қиындықтар тууы да мүмкін. Зерттеу нысаны – көркем туындылардан қажетті үзінділер, пікір тұжырымдардың мәтінін бұрмаланбай, дәл көшіріліп алынуы міндетті. Бұл сілтеме, дәйектемелердің қандай әдебиеттерден, зерттеу еңбектерімен, газет-журналдардан алынғаны, авторлары, баспаның атауы, жарияланған жылы, айы, күні және беттері дәл көрсетілуі қажет. Бұл жұмыста пайдаланылған сілтемелердің түп-төркінін көрсетеді, яғни, олардың нақтылығын, шынайылығының дәлелі. Ғылыми әдеп те осыны талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, ешқандай сілтемесіз «сілтеп» жазылған курстық жұмыстар да көптеп кездеседі.
Жасалған даярлық негізінде курстық жұмыстың нақтылы жоспарын жасау. Жоспар сәулетші салған болашақ ғимараттың жобасы іспеттес. Құрылысшылардың осы жобаны басшылыққа ала отырып, зәулім сарайды тұрғызатыны секілді, жан-жақты ойластырылып жасалған жоспарда студентке негізгі мәселелерден ауытқымай, курс жұмысын тақырыпқа сай сапалы, мазмұнды орындауына үлкен мән беріп, жыл бойы арнайы жеке жоспармен жұмыс жүргізіп, ғылыми ізденістерге баулыса, мұндай шәкірттердің қатары көбейе түспек.
Кейбір жоғары оқу орындарында бітіруші студенттерге диплом жұмыстарын жаппай жаздыру тәжірибесі кездеседі. Алайда, оның көпшілігінің жазу машығы ғылыми ізденістері сауаттылық деңгейіне жетпей жатады. Дипломдық жұмыстар студенттердің жоғары теориялық білімінің көрсеткіші әр мамандық пән бойынша мемлекеттік емтихан орнына қабылданатын болғандықтан, оларға тақырыптық проблемалық жағынан да, талдау сапасы мазмұны тұрғысынан да жоғары талап қойылуы тиіс.
Курстық жұмыс тақырыптарын. әдетте кафедра ұсынса, дипломдық тақырыптарын студенттердің өздерінің таңдауына ерік беріледі, кейде ғылыми жетекшімен ақылдаса отырып та тақырыпты белгілеуге болады. Дипломдық жұмыстың тақырыптары жетекшілік жасайтын оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысты сабақтастықта берілуіне септігін тигізеді.
Жоғары оқу орындарының оқу жоспарларында дипломдық жұмыстар студенттердің өзіндік ғылыми ізденістерінің ең жоғары түрі болып саналады.
Дипломдық еңбек - курс жұмысының қарастыратын проблематикасы, зерттеу амал-тәсілдері тұрғысынан да, мазмұны мен көлемі жағынан да әлдеқайда күрделі, ауқымды жұмыс. Онда студенттер тақырып, мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерді, еңбектерде айтылған пікірлерді талдап, оны жинақтап қана қоймай, өз бетінше ізденіп, оларды дамыта қарастырады, сөйтіп, өзіндік түсінік көзқарасын да танытады.
Дипломдық жұмыстар жазу әдетте үнемі және жақсы оқыған, ғылыми үйірмелерге белсене қатысып, кафедраның ғылыми конференцияларында баяндамалар жасап, ғылыми ізденіске бейімділігін танытқан студенттерге тапсырылады.
Кафедра 1 курстан бастап талапты, қабілетті студенттерді есепке алып, тәжірибелі оқытушылар да таңдап алынады. Тақырыпты кафедра мәжілісінде және факультеттің ғылыми кеңесінде бекітілуі міндетті.
Тақырыптардың негізінен бүгінгі өмірдің өзекті мәселесімен тығыз байланыстырған жөн. Сапалы орындалған курстық жұмыстардың кейбір проблемалы, ғылыми өзекті деген тақырыптарын да зерттеу нысанын кеңейте отырып, диплом жұмысын ұсынуға болады.
Тақырыптың курстық жұмыс тақырыбынан күрделірек, ауқымдырақ болуына, мүмкіндігінше студенттерді қызықтыратын тартымды, алуан түрлі проблемаға құрылған, теориялық сипатта болуына көңіл бөлген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет