Германиядағы әртүрлі типтегі мектептердің арнайы білімі бар өз мұғалімдері сабақ жүргізеді. Бұл мұғалімдердің жоғары білімі болуы керек. ГФР-да педагогикалық білім берудің ерекшелігі ретінде оқытудың екі фазасы бөлінеді: теориялық (ұзақтығы 8-10 семинар) және практикалық (18 айға созылады).
Алдымен, ғылыми пәндер саласындағы гимназия мұғалімдерінің білімін қалыптастырады, соңынан – педагогика саласындағы. Осыған орай, оқытудың бірінші бөлімінде студент сабақ беруге дайындалатын 2-3 арнайы пәндер маңызды орын алады. Осы кезеңде көптеген жерде мектеп тәжірибесі теориялық дайындыққа жол ашады. Сонымен қатар, оны жүргізуді ұйымдастыру әр жерде әртүрлі. Студент теориялық кезеңнен кейін бірінші мемлекеттік емтихан тапсырады.
Мұғалімнің практикалық даярлығы педагогикалық білім берудің жалпы мақсаты мен міндеттерімен тікелей байланыста болашақ мұғалімнің қай мектепте жұмыс істеуімен анықталады. Сонымен қатар, қазір университеттерде жеке типті мектептер үшін ғана емес сатылы мектептер үшін де мұғалім даярлайды.
Осыған орай, мұғалімдер даярлауда олардың өзіндік тұлғасын дамытуға басым көңіл бөлу керек. Маманның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін өзін-өзі ұстауы өзін қалай танып-білуіне, студенттерге, пәнге, мұғалім мамандығына қарым-қатынасынан байқалады.
Осыған орай, Германияда қазіргі кезде педагогика мен психологияның гуманистік идеяларына, болашақ маманның, тәрбиеленушілердің, оқушылардың жеке тұлғаларының шығармашылық түрде өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіруіне бағытталған мұғалім даярлаудың кәсіби-педагогикалық тұжырымдамасы кеңінен ендірілуде.
Германияда мұғалім – мемлекеттік қызметкер. Оның құқығы Ата Заңмен қорғалады. Мұғалімді жұмыстан босату – жеңіл іске аспайды, оны жүзеге асыру үшін нақты дәлелдер керек. Германияда мұғалімнің айлық жалақысы жоғары. Мұғалім мен дәрігерлер мамандығы өте жоғары жалақы алады.
Германияда жазғы каникулдар 6 аптаға созылады, мектептегі киім түрлері білім алу сияқты ерікті. Оқығысы келсе – оқиды, оқығысы келмесе – оқымайды.
Германияда педагогикалық білімнің 3 түрлі жүйесі қалыптасқан: бастауыш және орта мектептің мұғалімдері, шынайы училищелер, оқытушылар гимназиясы.
Бастауыш пен орта мектептің мұғалімдерін Гамбург, Гессен университеттері дайындайды. Дайындау мерзімі барлық жерде 3 жыл. Бағдарлама 1-2 мектеп пәндері мен сабақберу әдістерін қамтиды: бастауыш мектептердің бір пән таңдау бойынша (неміс тілі, ағылшын тілі, тарих, саясаттану, дін, т.б.): педагогикалық білімнің негізін игеру (педагогикаға кіріспе).
Мектептегі өндірістік тәжірибе апта сайын оқытушылардың басшылығымен бірнеше сабаққа қатыса отырыпталдаумен студенттік демалыс кезінде жұмыс ертінде орындалады.
Шынайы учлищесінің оқытушыларын жоғары педагогикалық мектептер мен университеттер даярлайды. Олардың мақсаты – бастауыш, орта мектеп мұғалімдерін қосымша даярлау. Шынайы училищенің болашақ оқытушылары 3 жыл бойы екі арнайы пән және олардың оқыту әдістемелерін тереңінен игереді. Дәрістік дайындықтан кейін 1-2 жыл педагогикалық дәрежеден өтеді.
Гимназия оқытушыларын университеттер, техникалық, музыкалық жоғары оқу орындары даярлайды. Оқу жоспарына келесі дәстүрлі пәндер кіреді: дін, неміс тілі, тарих, математика, жаратылыстану, ежелгі және қазіргі тілдер. Бұған толықтырылған пәндер, әлеуметтік ғылым, педагогика, психология, тәрбие дәрісі, өндірістік тәжірибе референдиат деп атайды. Гимназиялық біліммен танысу, сыныпта сабақ өту, сонымен қатар, психологиялық, педагогикалық дәрістік сабақтар өтеді.
Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясында Жапония мемлекетінің ұсынысы бойынша 2005-2015-жылдарды "Білімді тұрақты дамыту декадасы" деп жариялағаны белгілі.Мұндай декада адамзатқа аса қажет екені белгілі.Барлық елдердің білім жүйесін бір арнаға ұйытып, ғаламдық түйіндерді шешу - осы декаданың мақсаты болып отыр.Бұл аса маңызды құжат.Біріккен Ұлттар ұйымы белгілеген бұл бағдарламадан біздің мемлекетіміз тыс қала алмайды. Сондықтан білім беру жүйесін халықаралық стандартқа сай тұрақтандырудың маңызы зор. Мұндай күрделі бағыт-бағдарламаларды мемлекетіміздің Білім Минстрлігі тарапынан жолға қойылғандығы белгілі.
Білім саласындағы мұндай өзекті мәселелерді дамыған елдер әлдеқашан білім саласын реформалау арқылы жүзеге асырып отыр.Олар замана ағымына сай өз технологияларын дамыту шараларын дер кезінде жүргізіп отырады Олар осындай білім саласындағы аса жауапты іске ұлттық-патриоттық негізде қарап, өз мемлекеттерінде жастар тәрбиесіне баса назар аударады.
Ыбырай Алтынсары атындағы Білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебек "Ұлттық тәрбие Тұжырымдамасы болмаған жерде білім сапасы артпайды" атты мақаласында білім саласын реформалау туралы былай деп жазады:"…Білімді тұрақты дамыту стратегиясын басшылыққа алған жоғары дамыған елдер, әсіресе Жапония, Қытай, Корея, Малайзия, Сингапур яиқыты Азия елдері жаһандану үрдісін,, ақпараттық-коммуникациялық революцияны, инновациялық технологиялардың ендірілуін бсқа елдермен белсенді және тиімді экономикалық қарым-қатынас орната отырып жедел даму мүмкіндігі есебінде пайдаланса, екінші жағынан, өздерінің ұлттық рухани және экономикалық тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтаудың, ұлттық өркендеудің бірден-бір кепілі ретінде отандық білім саласын реформалауға аса үлкен мән беріп, оны мемлекеттің басым саясатына айналдырып отыр…" (Ә.Дүйсебек, "Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы болмаған жерде білім сапасы артпайды", "Егемен Қазақстан" газеті, №280,14-желтоқсан, 2005-жыл).
Оңтүстік Кореяда мектеп мұғалімдерін, т.б. халыққа білім беру саласындағы қызметкерлер, мұғалім және педагогика колледждерінде, университеттердің тиісті факультеттерінде (4 жыл оқу мерзімі) сонымен қатар, шағын колледжедерде, жоғары мектептерде, мамандық курс көтеру жүйелерінде даярланады. Бұл елде ұлттық педагогикалық университет бар. Болашақ мектеп мұғалімін даярлаудың оқу жоспары: жалпы білімділік айналым – жалпы ғылыми пәндер (имандылық, вариативті немесе факультативті оқу жоспары енеді) әдебиет, география, корей тілі, шет тілдер, физика, химия, математика, биология, арнайы цикл мұғалімдерінің жүргізетін пәндерінен тұрады. Студенттердің алдында пәндер бағдарламасы үлкен таңдаудан тұрады. Олар әр түрлі болып келеді, бір түрі күрделі болса, екінші түрі терең білім көлемін игеруден тұрады. Педагогика және психология пәндері де бар. Тәрбиедегі педагогтың роліне халықтың көзқарасы өзгереді, ең бастысы, мектепте тұлғаның рухани өнегелі қалыптасуына тәрбиелеу деп санайды. Алайда, бір жағынан, авторитарлық тәрбие дәстүрлі сақталған. Өзіндік тәрбие – эвристикалық ойлауға, қатынастыққа жоғарғы мәдениетке, адамгершілікке бағыттайды. Педагогтың пікірі сөзсіз оқушымен қабылдануы қажет деген дәстүрлі нәрсе бұл елдің мектептерінде мықты қалыптасқан.Әлбетте, бұл әрекет соңғы кездерде төмендеу болып көрінеді. Мектептің бастауыш сыныптарының өзінде де мұғалімге табынушылық бұрынғыдай болмайтыны сөзсіз.
Мұғалімді қайта даярлау жүйесі жақсы реттелген. Білім министрлігі жиі мектеп директорларына, аға оқытушыларға курстар ұйымдастырып отырады. Және жас мұғалімдердің тәжірибелері шет елдерде өтеді. Кейбір мұғалімдер магистратурада, докторантурада оқып жатқан жағдайда стипендияға ие болады.
АҚШ-та педагогикалық білім беру жүйесі 3 деңгейге бөлінеді: университеттік (4-5 жыл), педагогикалық колледж (4-5 жыл), Еркін өнер колледжі (4-5 жыл), шағын колледж (2 жыл). Бірінші аталған оқу орнында мектеп оқушыларын даярлайды. Шағын колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайды. Сондай-ақ, қоғамдық және педагогикалы білім беруорындары бар.
Педагогикалық кадрларды даярлайтын белгілі университеттер: Болл университеті (Индиана штаты), Солтүстік Иллонойс университеті (Иллонойс штаты), Мичиган университеті (Мичиган штаты), Филадельфия университеті (пенсильвания штаты). Болашақ мұғалімдердің көбі 4 жыл оқиды (70%), 1/3-і 5 жыл оқиды, қалғаны 2 жыл. 4-5 жылдық дайындықта 1-2 жылдары жалпы білім циклімен өтеді. Ал маңызды орындар: гуманитарлы пәндер кіреді: экономика, философия, әдебиет, саясаттану, әлеуметтану, т.б. Міндетті және элективті курстар (таңдауы бойынша) байланысы қаралған. Бағдарлама дәрістік психолого-педагогикалық пәнді қарастырады. Жалпы педагогикалық психология, баланың даму психологиясы, білім беру негіздері, тәрбие әдістемелігі, әдеп педагогикасы. Бұл пәндерге 25-35% оқу уақыты бөлінеді (Кесте 1).
Болашақ мұғалімдер игеретін оқу жүйесінде жалпы білім, арнайы білім (мысалы: ғылыми зерттеу әдістері, іс-әрекет ғылымдары (іс-әрекет дәрісі, қалыпты анамалды іс-әрекет). Дәріс пен семинарлардан тыс дәстүрсіз әдістемелермен оқыту түрлері тәжірибеленеді: үлгілеулер, ролдік ойындар, микрооқыту түрлері. Бұл үлгі - әдістер өз бетімен белсенді педагогикалық әрекетке апарады. Педагогикалық білім берудің маңызды бөлігі – тәжірибе мен стаж. Университеттерде педагогикалық тәжірибеге 4-5 апта беріледі, бұл мерзімнің ішінде студенттер оқытудың талдауын игереді, оқу-тәрбиелік процесін бақылайды. Өздері сабақ өткізеді.