Польшада мұғалімдерді кәсіби даярлау бүгінгі к.ні субъект пен субъект қатынасының ұстанымы оқытушы мен студенттің интеракция тәсілдері терең талдауды қажет етеді. Оқытушы жастарға пәндік мазмұнды берумен шектелмей, бірінші орында, өзін-өзі қалыптастыру ерекше дара тұлға болып табылады. Субъект пен субъект қатынасы ортадағы сыйластығынан өз ойын білдіруге, пікірін айтуға мүмкіншілігі бар.
Педагогтың мақсаты оқушыларға түсінікті өзін-өзібасқара алуға, дамыта алуға үйрету.
Швейцарияда білімді зерттеу аймағында сан түрлі маңызды тақырыптарды жетілдіреді. Оқу жүйесі жоғары стандартталған болып, тек төзімді нормативтік базасымен ерекшеленеді.
Швейцария мен Германия елдері жоғары дәрежедегі стандартизация мен сертификацияларымен ерекшеленеді. Зерттеушілердің айтуынша Швейцарияда басқа ешқандай ел білім деңгейі мен азамат тәжірибесінің бірлсетігін көрсете алған жоқ.
Финляндияда барлық мұғалімдер университеттік дәрежеге ие. 4 жылдық білім бірқалыпты ресми талап болып саналады. Бірақ көбінесе, студенттер 4 жылдан аса оқиды. Өйткені, жұмыс пен оқуды бірге алып жүреді.
1) Мектепке дейінгі кезеңде ұстаздың өз үлгісі бар. Мұнда, көбінесе, психология, әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Қазіргі көзқарастар бойынша дәрістік материалдар көп.
2) Бастауыш мектеп (1-6 сынып) өз үлгісі бар. Мұғалім әдеттебарлық пәндерден сабақ береді (14-16).
Дайындық барысында осы пәннің бірін игере отырып, қосымша педагогикалық компонент игереді. Пәндік білімдер өте терең болуы керек. Педагогикалық компонентке 4 аптада 2 рет өтетін мектептегі практика кіреді. 14-16 игерілетін пәндерден тыс қызығушылығына қарай таңдау курстар беріледі.
3) 7-12 сыныптардың мұғалімдері кәсіптік білім беретін оқу орындарында жұмыс істеулеріне болады. Бұл үлгіге 2-3 пән кіреді. Студент бұл комбинациянытаңдаған кездежергілікті нарыққа байланысты таңдайды.
Заң бойынша Финляндияда үздік бітірген түлектер мұғалім даярлайтын курстарға түсе алады. Мұғалім мамандығына даярлығын тексеру үшін тестілеуден өткізіледі.
Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебек Финляндиядағы Білім беру жүйесі туралы былай деп жазады:"…Финляндиядағы білім жүйесін сәтті және дер кезінде реформалау нәтижелері осы елдің экономикасының күрт өсуіне, технологияда, ғылыми зерттеулерде инновациялық паәрменді саясатты жүзеге асыруға, нәтижесінде соңғы он жылдың ішінде әлемнің ең озық өркениетті елдері қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Бұл елдегі мұндай жетістіктерге ең алдымен білім саласын дамытуға бүкіл қоғамды жұмылдыру мемлекеттік қаржыландыру, мұғалімдердің айлық жалақысын көтеру (біздің елдегіден 20-23 есе көпа), оқушылар мен студенттерге стипендия тағайындау, оларға тұрғын үй үшін, тамақтануға, жол жүруге несиелер беру, оқушылардың денешынықтыруына, денсаулығына қамқорлық жасау, үй тапсырмасын азайту, салауатты өмір салтын қолдау, білім беруді ең соңғы ғылым мен технология жетістіктерімен кіріктіру, оқу процесін ірі технополистер аясында өткізу арқылы қол жеткізілді…"(Әділхан Дүйсебек, "Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы болмаған жерде білім сапасы артпайды","Егемен Қазақстан" газеті,№280, 14-желтоқсан,2005-жыл).
Бірақ, басты ескеретін қағиданың бірі – білім жүйесін жаңғыртуда табиғаты халқымыздың болмысына жат, шетелдік нұсқаларды эталон, үлгі есебінде қабылдамай, жаңа мектебіміздің басты философиялық тұғырманамасын ұлттық идеяға, ұлттық идеологияға, ұлттық табиғатымызға негіздеп , қазақстандық және жалпыадамзаттық мүдделерді басшылыққа алып, рухани-мәдени құндылықтарымызға басымдылық бере отырып қалыптастыру. Ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың :"Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын ,үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады"-деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор…"(Ә.Дүйсебек, "Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы болмаған жерде білім сапасы артпайды","Егемен Қазақстан" газеті, №280,14-желтоқсан,2005-жыл). Мектеп оқушыларының патриоттық сезімін оятудың педагогикалық жолдарын дамыту, оқушыларды ұлттық тәрбиелеудің әр түрлі әдістерін ойлап, оны жолға салу бүгінгі күннің аса маызды проблемаларының бірі. Жаһандану үрдісі біздің ұлттық рухани байлығымызды жұтып жібермеуі үшін, мектептер мен мектеп-гимназияларда ұлттық тәрбиені дұрыс жолға қойыуымыз керек.
Әділхан Дүйсебек Қытайдағы білім беру рефомасындағы ұлттық тәрбие жөнінде былай деп жазады: «…Қытай Халық Республикасында бұрынғы социалистік білім жүйесін қытайлық ерекшеліктерді ескере отырып жетілдіруге арналған «ХХІ-ғасырдағы білімді көтерудің іс-жоспары» атты арнайы бағдарламаның жүзеге асырылуы білім жүйесін жаңа сапалық сатыға көтерді. Бұл елде мемлекет білім жүйесін өзінің қамқорлығына алған. Ақпараттық технологияның, бәсекеге негізделген нарықтық қатынастардың, жаһандану үрдісінің өрістеуін алдын ала болжаған Қытай елінде жаңа азаматты қалыптастыру мақсаты қойылып, білім беру парадигмасын технократтық көзқарастан гуманитарлық көзқарасқа ауыстыра отырып, ұлттық рухани құндылықтарға , Қытай ұлтының озық мәдени дәстүрлеріне , ізгілік пен рухани адамгершілікке негізделген идеологиялық, патриоттық тәрбиеге басты мән беретін парадигмаға өту жүзеге асырылуда…» (Ә.Дүйсебек,"Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы болмаған жерде білім сапасы артпайды", "Егемен Қазақстан" газеті, №280,14-желтқсан,2005-жыл).
Біздің мемлекетте де жаңа азаматты қалыптастыру үрдісі жүргізілуі қажет. Жаңа азамат - рухани байлығы мол жаңа қазақ мектеп қабырғасынан, тіпті балабақшадан бастап тәрбиеленуі қажет. Балабақшадан, жанұядан бастап ұлттық рухта, рухани байлығы терең жасөспірім тәрбиеленбесе мұндай үрдіс мектепте өз жалғасын таба алмайды.Сондықтан балабақшадағы қазақ балалары қазақ тілінде тәрбиеленуі тиіс. Қазақша тақпақтар мен өлеңдер жаттап, қазақша ертегілер айтатын болып, қазақша ойлау өрісін кеңейту үрдісі жүргізілуі шарт. Жас балаларды мектепте жүргізілетін ұлттық-патриоттық тәрбиеге осылайша балабақша мен жанұяда дайындау қажет.
Жастарға сапалы білім беру ұлттық мәдени, әдеби мұралардың оқытылуына да байланысты болмақ.Жастар патриоттық рухта тәрбиеленсе ғана білім беру реформалары ойдағыдай жүзеге аспақ.Егер жастар өз алқының тарихын, әдебиетін, мәдениетін білмесе онда отаншылдық сезім қалыптаспайды.Отаншылдық сезімді қалыптастыру үшін белгілі бір бағдарда оларды тәрбиелеу жоладры қарастырылуы шарт.
Мектеп оқушыларына арналған философиялық тұғырнама жасау, отаншылдық тәрбиені осы негізде жүргізу басты міндет болып саналмақ.Ол үшін ауыз әдебиетіндегі орны ерекше батырлар жырын оқытудың тиімді әдістерін, жолдарын ойлап табу қажеттілігі туындайтынын да ескергеніміз жөн.Оқу-тәрбие бағдарламаларына батырлар жырындағы отаншылдық үрдістер толық енгізілу шарт деп ойлаймыз. Ал ол үшін ұлттық тәрбиенің ғылыми -теориялық негізін құру, жасөспірімдерді осы негіздер арқылы тәрбиелеуді халықаралық стандартқа көтере білуіміз қажет.Сонда ғана өзге мемлекеттер біздің отаншылдық тәрбиелеу үрдістерімізді мойындайтын болады
Мұғалімдер съезінде (2001) Президентіміз Н.Ә.Назарбаев экспериментті доғарып, ұлттық үлгідегі оқулықтар жасау қажеттігін айтты. Себебі, әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идеологиялық ерекшеліктері сияқты, оның моралі де өзінің ерекшелігімен дараланып отырады… «Б.Тойлыбаев, «Ұлттық тәрбиеде жеке тұлғаның қалыптасуы», «Ұлт тағылымы» журналы, №2, 2004-жыл, 7-8-беттер).
Еуропалық және Азиялық өркениеттің аралығында орналасқан Қазақстанның геосаяси орны, ана тілдіміз бен ұлттық мәдениетіміздің кеңестік дәуір кезіндегі және қазіргі жай-күйі еліміздің полимәдениеттілік, көпконфессиялық сипаты халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, рухани құндылықтарынан ұлы педагогтеріміз бен ғұлама гуманистеріміздің философиялық ой-толғауларынан, яғни тереңге бойлаған түп тамырларымыздан нәр алып, үнемі және үздіксіз қанығып отыратын шынайы, тәуелсіз ұлттық білім жүйесін құруды талап етеді…» (Ә.Дүйсебек, «Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы болмаған жерде білім сапасы артпайды», «Егемен Қазақстан» газеті, №280,14-желтоқсан,2005-жыл).
Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық, ол – жасөспірімдерді отаншылдық рухта тәрбиелеу.Ендеше, қазақстандық жаңа білім моделі осыдан бастау алып,жас ұрпақты білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын, ішкі жан дүниесін, азаматтық тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс және орнықты түрде қалыптастыру болмақ. Білімнің басты ұстанымы адамға білім беру ғана емес, сол білімді және біліммен қарулануды «руханияттандыру», "адамгершіліктендіру" болғаны аса маңызды.