Ары мектеп педагогикасы


- дидактиканың жеке ұғымдары



бет32/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

- дидактиканың жеке ұғымдары: «оқыту мен оқу», «оқу пәні», «оқу материалы», «оқу жағдайы», «оқыту құралы», «оқыту тәсілі», «оқытушы», «студент» және т.б.
- пән аралық ғылымдардың ұғымдары: психологиялық ( «қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдың дамуы», «есте сақтау», «іскерлік», «дағды»), кибернетика ( «кері байланыс», «динамикалық жүйе» және т.б.);
- жалпы ғылыми ұғымдар: «жүйе», «құрылым», «қызмет», «элемент», «тиімділік», «жағдай», «ұйым», «формалау» және т.б.
Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы «дидактика» терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай.Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфганг Реткенің (Ратхия) (1571-1635) шығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған. Соған ұқсас, «бәрін, барлығында оқытудың әмбебап өнері» мағынасында, чех педагогы Я.А.Коменскийдің 1657 жылы Амстердамда шығарылған негізгі еңбегі «Ұлы дидактикасында » дидактиканы түсіндіреді.
Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербаррт, И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Г.Кершенштейнер, В.Лай және т.б.зор үлес қосты.
Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті.Бірақта солардың ішінде педагогикалық әсердің және олардың нәтиежесінің қабылдануы мен ұғынуының психолгиялық заңдылықтарын бейнелейтіндердің ғана әдіснамалық және теориялық маңызы бар.
Маңызды дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар қатарына жататындары: танымдық тұжырымдамаларды дамыту тұжырымдамасы ( Г.И.Щукина т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы ( Л.В.Занков, т.б.), проблемалық оқыту тұжырымдамасы ( М.И.Махмутов т.б.), ақыл-ой әрекетін кезеңді қалыптастыру теориясы ( П.Я.Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны теориясы ( Л.Я.Лернер, т.б.), мазмұнды толықтыру теориясы ( В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін тиімдендіру теориясы ( Ю.К.Бабанский), оқушыладың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы ( Т.И.Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы ( М.И.Махмутов, В.А.Онищук, т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы ( М.А.Зорина, М.К. Журавлев, т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы ( Н.Д.Хмель, т.б.), оқытудың тұжырымдық тәсілі теориясы ( В.Дьяченко, т.б.).
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі.Білім беру ісі ( жалпы арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі-бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жалпы білім беруге:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
2) жалпы бастауыш білім беру;
3) жалпы негізгі білім беру;
4) жалпы орта білім беру;
5) жалпы қосымша білім беру кіреді.
Білім беру бағдарламасының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейі белгіленеді:
1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) Орта білім беру;
3) Кәсіптік жоғары білім беру;4)ЖОО-дан кейінгі кәсіптік білім беру.
Білім беру әдістемесі- жекеленген білім процесінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амлдардың сипатталуы.Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістемелер жатады.
Оқыту- білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады.Түрлі оқу орындарында оқыту мен білім берудің басты жолы.Оқыту екі жақты процесс:оқытушы-білім беруші, студент білім алушы.Оқыту құрылымына студенттердің өзінің жеке әрекетін және оқу әрекетін ұйымдастыру.Студенттердің білімді меңгерудегі белсенділілігі мен саналылығы, ынталандыру және білімді меңгерудің, оқу әрекетін орындаудың сапасын реттеу және бақылау.Оқыту нәтиежесін талдау мен студент тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.
Оқыту әдістемесі – білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін оқытушы мен студенттің өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі.Оқыту әдістемесі оқыту мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекеттерінің сипатын қамтиды.Бұл белгілердің ерекшелігіоқытудың әрбір әдістерінде көрінеді, ал әдістер жиынтығы тәрбиелей оқытудың барлық мақсатына жетуді қамтамасыз ету керек.Оқыту әдістемесі - тарихи категория.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет