Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту барысында студенттерді теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны тәсілдері анықталады.Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады.Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім берміз.Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында студенттерге білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді.Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды.Даму қызметінің ерекшелігі ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі.Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақты әрі терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланыты.Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтиежелі болуына қолайлы ықпал етеді.Оқыту процесінің барлық элементтерінің мақсаттарымен міндеттерін, оқытушының және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды.
Бұл заңдылықтар:
а) оқыту мазмұны қоғамның мақсаттары және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты;
ә) оқыту формалары, оларды ұйымдастырып, өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты;
б) оқыту әдістері, олардың мақсаттарымен анықталады.
Оқыту процесінің міндеттері, мазмұны формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары ақырғы нәтиежені қамтамасыз етеді
Жоғары оқу орындарында білім берудің барлық жүйесінде реформа жүріп жатқан қазіргі шақта, ел назарында тұрған өзекті мәселе – білімнің сапасын көтеріп, білікті мамандар әзірлеу.
Қазақстанда жоғары оқу орындарының саны – 2000-2001 оқу жылында 170-ке өскен, олардың ішінде 58 жоғары оқу орны мемлекеттік, 112 жоғары оқу орны мемлекеттік емес (коммерциялық). Аталған жоғары оқу орындарында 440,7 мың студент күндізгі, кешкі, сыртқы бөлімдерге қабылданған. Бұл көрсеткіш (статистика бойынша) 1996-1997 оқу жылдарымен салыстырғанда бірнеше есеге өскен.
Қазіргі уақытта 283 кәсіптік мамандыққа және 70 магистрлік, 46 бакалаврлыққа мамандандыратын оқу орны тіркелген. Республика сатистика комитетінің деректері бойынша 1998 жылы 17 жаңа мамандық бойынша қабылдау жүргізілген және еңбек рыногына сұраныс болмаған 6 мамандық бойынша қабылдау тоқтатылған. Мәселен, 1999 жылы Қазақ ұлттық аграрлық универистетіне малдәргерлік санитария мамандығына бөлінген орын бос қалып, небәрі 35 балл көрсеткішіне ие талапкерлерді оқуға қабылдауға мәжбүр болағн. Мәні төмендеп кетіп, әйтеуір, оқып мамандық алу мәжбүр болған. Мәні төмендеп кетіп, әйтеуір, оқып мамандық алу үшін барады деп жүрген малдәрігерлік санитария мамандығы бойынша 2003 жылы ең жоғарғы балл 101-ге жеткен, несиенің өзінде ең төменгі балл 53 болды.
Жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушылар құрамының: кафедра меңгерушісі, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы, ассистент, оқытушы-стажер сияқты қызметтері болады. 2001 оқу жылының аяғында Қазақстан мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамы 34,5 мың адамға жеткен, олардың ішінде 2323-тен астамы ғылым докторлары, 10,8 мың ғылым кандидаттары, мемлекеттік емес жоғары оқу орындарындағы оқытушылар саны -10,8 мың адамды құрады, олардың ішінде 733 ғылым докторлары, 3267 ғылым кандидаттары бар. Жоғары оқу орындарындағы профессорлар-оқытушылардың жай-күйі қандай, соған тоқталайық.
Оқытушылардың орындайтын жылдық жүктеме сағаттарынан бастар болсақ, әрине, көңілді қуантпайды. Доценттер үшін 800 сағат, аға оқытушылар үшін – 850, бұл цифр кейбір университеттерде мүлдем жоғары. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде жылдық жүктеме сағат мөлшері 2001 жылы 1000 сағатқа орындауға тиісті. Яғни, күніне 6-8 сағат таза оқытушылықпен айналысады.
Кеңес Одағы кезінде жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың жылдық орындайтын жүктеме сағаттарының көлемі – 720, ал, доцент және профессорлардың жылдық жүктеме сағаттары одан да төмен болған. Осы сағаттар мөлшеріне: аудиториялық сабақтарға дайындық, сынақ-емтихан қабылдау, курстық және диплом жұмыстарына жетекшілік жасау кіргізілген. Оқытушылар патас ына 3-4 күн таза оқытушылықпен айналысқан. Оқытушы-профессорлар қалған уақыттарын: оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындауға, ғылыми жұмыспен айналысуға, аудиториялық сабақтарға дайындалуға жеткілікті екенін растайды.
Білім сапасы үлкен ғылыми ізденістен шығады. Студенттер курстық және диплом жұмыстарын жазу арқылы ғылымға бір саты жақындайды. Әрбір студент курстық және дипломдық жұмыстарын сапалы дайындау үшін жетекшелікті қажет етеді. Диплом жұмысының жетекшісі студентке қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағат материалдарын, типтік жобалар тақырыпқа байланысты деректер ұсынып, ғылыми кеңестер береді. Қазіргі кезде курстық және дипломдық жұмыстарға жетекшілікке бөлінетін сағат мөлшері мардымсыз. Бұл бөлінген уақыт ішінде жұмысты жай ғана оқып, кемшлігін көрсетесің. Нәтижесінде курс жұмысының сапасы реферат деңгейіне, диплом жұмысының сапасы курс жұмысының деңгейіне төмендеуі әбден мүмкін.
Қазіргі кезде Батыс Еуропа елдеріндегі білім жүйесімен теңесу сәнге айналған. Батыс Еуропа елдеріндегі кадрлар даярлау саласындағы саясаты көңіл аударуға тұрады. Батыс Еуропа елдерінде автордың жазған ғылыми еңбегін сараптап, ғылымдағы жаңа жетістіктерін ерекше бағалай біледі. Автор өзінің дәріс сабағында жазған ғылыми жұмысындағы амал-тәсілдерін жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, авторлық курсты өңдеп жасау үшін көп сағат мөлшері бөлінген, жылдық жүктемедегі дәріс сағат мөлшері анағұрлым аз.
АҚШ-та профессорлық-оқытушылық құрам мүшелері өздерінің зерделік әлеуетін оқытушылық пен ғылыми-зерттеу жұмыстарынаа арнайды. Соңғы мәліметтер бойынша, зерттеумен шұғылданатын университеттерде профессорлық-оқытушылық құрам мүшелерінің 29 пайызы аптасына 20 сағатты ғылыми жұмыспен өткізеді. Орташа гуманитарлық колледждер іспетті жоғары оқу орындарында оқытушылардың тек екі пайызы ғана ғылыми зерттеуге аптасына 20 сағаттан көп жұмсайды.
Гуманитарлық колледжде оқытушылардың 81 пайызы аптасына 5-тен 20 сағатқа шейін «таза оқытушылықпен» айналысады; ғылыми бағыттағы жоғары оқу орындарының тек 63 пайызы ғана осынша уақытты аудит орияларда өткізеді.
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Бірақ, жоғары білімнің жеткілікті қаржыландырылмауы оның дамуына айтарлықтай кедергі болып отыр. Жоғары оқу орындары оқу-әдістемелік дидактикалық материалдары мен техникалық оқыту құралдарымен мардымсыз жабдықталған т.с.с. өзекті мәселелер өз шешімін күтуде. Бүгінгі таңда білім саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер жоғарыда аталған мәселелерді шешудің бірден-бір жолы деп танылады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тиімді қызмет істейтін білім беру жүйесі қалыптасып, Қазақстанның қазіргі істейтін орын алуына мүмкіндік оқыту және кадрлар даярлаудың сапалы биік деңгейіне қол жеткізіледі.