Ары мектеп педагогикасы


Саналылық және белсенділік принципі



бет38/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін уйымдастыру, студенттің танымдық іс-әрекетін басқару, оқытушының әдіс-құралдары көмектеседі. Студенттің өзінің танымдық белсенділігі оқытуға аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары:
• жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу.
• түсінікті етіп оқыту.
• танымдық іс-әрекеттердің барлық түрлерін қолдану.
• талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану.
• аналогияны жиі қолдану.
• оқытуды индукциядан бастау.
• студенттерге әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру.
• студенттердің білімі мен тәжірибесіне сүйену.
• студенттердің бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі студент өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын студенттерге сабақ бергізу.
• белгілі мәліметтерді белгісіздермен байланыстыру.
• ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар
• студент факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту.
• әрбір ережеге мысал келтіру.
• негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу.
• тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз.
• сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту.
• студентке оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету.
• дәйекті дәлелдермен оқыту.
• дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану
• студенттердің қызығушылығын зерттеу, дамыту.
• білім - сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту.
• түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру.
• студенттерге сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау.
• құбылыстарды бақылатып, оларды өз бетімен меңгерулеріне жағдай жасау.
• дидактикалық ойын, пікір-талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет