Ары мектеп педагогикасы



бет40/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

Көрнекілік түрлері:
Табиғи көрнекілік студенттерді нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.
Экспериментальдық көрнекілік арқылы студенттер химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.
Суретті көрнекіліктің мақсаты – нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).
Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, үнтаспаға жазылған материалдар, т.б.
Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.
Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін оқытушыға айтып бере алады.
Студенттер білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және студенттердің танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалдарын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, студенттің материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Студент есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.
Шарттары:
• қазіргі уақытта есиен гөрі ақыл-ойға басты назар аударылады. Сондықтан студенттердің күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді.
• дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нәрселердің есте қалып қоюына жол бермеу.
• әртүрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету.
• есте сақталу керек материалдар өте көп болмауы керек.
• оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі ұмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді.
• жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды.
• әр студентті өз мүмкіншілігіне қарай, бірақ бар күш жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу.
• оқу материалын жүйемен беру.
• егер оқыту қарқыны төмендесе, онда бірден себебін анықтау. Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру.
• өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау.
• студенттерге оқу материалдарын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану.
• оқыту қисындылығын қадағалау.
• оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет