Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.
Өмір мен тәжірибе студенттерге дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке әзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудың өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уақытқа, студенттердің жас ерекшеліктеріне байланысты.
Шарттары: • оқу орындарында оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқудың тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту.
• «Білім-өмір» байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетану мәліметтерін қолдану.
• қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру.
• студенттердің өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану.
• студенттің әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі.
• оқу орнының өндіріспен байланысын қолдану. «Оқу пәні - өндіріс» байланысына бағыт беру, бақылау.
•аймақтың сұранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу
•Мәселелік – ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудың басты құралы .
•қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті студенттердің бақылаулары мен, ой-толғаныстарымен ұштастыру, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру.
•қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс-оқытудың өмірмен байланысын жүзеге асырудың маңызды жолдарының бірі.
•еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу.
•студенттердің бастамашылығын мақұлдау.
•әр студентті оған ұнайтын ғылым, техника өнер салаларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру.
•ақыл-ой іс-әрекетін тәжірибемен байланыстырып, білімнің 80-85 %-ы тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.
Көрнекілік принципі.Бұл ертеден келе жатқан принцип. Оның негізінде мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы – көру мүшелері. Олар арқылы миға енетін ақпараттар есте жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары: • ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау.
• оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститіндерді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру.
• көрнекілік – оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы.
• студент ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру.
•көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану.
•көрнекті құралдың оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі.
•студенттердің бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату.
•көрнекіліктің алуан түрін қолдану.
•қазіргі көрнекі құралдарды : оқу теледидарларын, бейне жазбаларды, кодослайдтарды, жартылай экранды проекцияларды қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу.
•көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату.