Ары мектеп педагогикасы


Жоғары оқу орындарының дидактикалық принциптері



бет36/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

3.3. Жоғары оқу орындарының дидактикалық принциптері

Принцип – латын сөзі – негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды.Оқытупроцесінің бірнеше принциптерін атауға болады.Оқыту пинциптері – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер.Негізгі оқыту ұстанымдары:терия мен практиканың байланысы, тәрбиелілік, ғылымилық, көрнекілік, түсініктілік.


Оқыту процесінің мақсаттылық принципі.Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды.Мақсатсыз сабақ нәтиеже бермейді.Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір студенттің және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады.Оқыту мен жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру оқытушы мен студенттің іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтінуіне игі әсер етеді.
Оқытудың ғылымилық принципі. Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді.Ғылымилық принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады.Ғылымилық принцип студенттердің таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту бұл баланың байқағыштығының, ойының, тілінің, есінің, қиялының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау.Оқыту ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.
Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл студенттің өмірге, білімге қатысы, ақыл-ойының қабілеттілігі,адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.
Сонымен, білім беру, тәрбие оқытудың бірыңғай процесінде іске асырылады.Бұл үш категория бірін-бірі өзара нығайтады, толықтырады.
Оқытудың түсініктілік принципі. Түсініктілік принципі оқытуды студенттердің дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді.Сонымен бірге студенттерге тапсырма «ең таяу даму зонасына» сәйкес берілуі тиіс, яғни тапсырманы оқытушының басшылығымен терең ойлап орындауды студенттерден талап ету керек.Егер тапсырма ауыр болса, онда студенттердің ықыласы төмендейді, сенімі кетеді,күшіне зиян келеді.
Түсініктілік принципінен оқыту ережелері туады.Мысалы:
1.Жеңілден қиынға көшу. Мұнан студенттерді таным іс-әрекетіне бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы туады.Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды
2.Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу.
3.Белгіліден белгісізге көшу.
Оқытудың жүйелілік және бірізділік принципі. Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді.Жүйелілік және бірізділік принципі оқыту процесін студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге, сонымен бірге студенттердің білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет