3.2. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық процестің мәні мен қозғаушы күштері.
ХХ ғасырдың 2 жартысында педагогикалық әдебиетке сол уақытта сәйкес емес жаңа білім беру технологиялары деген термин енгізілді. Білім беру технологияларының пайда болуы мен тұрақталуының ретроспективті талдауы шетел авторларының жұмыстарында нақты айтқанда Б.Блум, Д.Бреунер, Г.Гейс, В.Коспарелли, Дж. Кэролл, Д.Хамбмен, т.б. және өзіміздің кеңес авторлары С.И.Архангельский, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалко, П.Я.Гальперин, М.В.Кларин, Л.Н.Ланда, М.М.Левина, И.П.Раченко, т.б. көрініс табады.
Кәсіби білім беру технологияларының көкейтесті мәселелерінің негізгі факторларына келесілерді жатқызса болады.
Біріншіден, үздіксіз шындық білім беруді қажеттілігіне және білімдегі қиыншылықтарға әкелетін ақпарат көлемінің өсуі.
Екіншіден, санасыз кәсіби дайындықтан шығындығық көп болуы соншалықты, қоғамды ойландыруға әкелетін қазіргі өркениеттің дамуының техногендік бағыты.
Осының бәрі білім беру технологияларының ізденісіне итермелейді.ХХ ғасырдың эволюцияның әртүрлі кезеңдерінде білім беру технологиялардың түсініктері әртүрлі мазмұнға ие болды:
1940 – 1950 ж.ж. – оқу үрдісіндегі аудиовизуалды ( латынша « аудио» - тыңдау және « визуалды» - көру ) құралдарды пайдалану;
1950 – 1960 ж.ж. – бағдарламалық оқыту;
1970 – 1980 ж.ж. – нақты қойылған мақсаттарға жетуіне кепіл беретін жобаланған оқу үрдісі.
Алайда, қазір бұл түсініктердің 2 тенденциялары сақталған:
1.Негізінен оқу үрдісінде оқуды техникалық құралдармен жүзеге асыруды бағыттайтын, нақты айтсақ оқуда құралдарды, ақпаратты технологияларды, компьютерлерді пайдалану жатады.
2. Тұтас және оқу үрдісін жобалауға бағытталады.Оған мақсат, мазмұн, әдіс, тәсілдерді пайдалану жатады.
Бірінші бағыт екінші бағыттың құрамды бөлігі болып табылады.
Білім беру технологиясы түсінігінің кең тараған қысқаша түсініктеріне келесілерді жатқызуға болады:
- оқытудың оңтайлығын қамтамасыздандыратын жүйедегі анықтамалармен байланысты білім сапасы;
- оқу үрдісіне әсерін тигізетін әртүрлі факторлардың таңдалуы және дұрыс есеп негізінде оқудағы көп нәтиежелерге жету мүмкіндіктерін практикалық зерделеуге бағытталған ғылыми білім саласы;
- білімді меңгерудегі барлық аспектілерін қамтитын бағаландыру және басқару, қамтамасыздандыру, жоспарланукешенін кіріктіру үрдісі.
Кейбір ғалыммдардың педагогикалық технологияға анықтамаларды нақты бергенін атап кетейік. Олар В.П.Беспалко, Б.Т.Лихачев, В.В.Воронов, В.М.Шепель, М.Чошканов, М.В.Кларин деген ғалымдар жатады.
В.П.Беспалько – педагогикалық технология – тәжірбиеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс – тәсілдер, оның құрамды бөлігі ғана.
Б.Т.Лихачев – педагогикалық технология – форма, әдіс, амал, тәрбие құралдарының ( сызба, диаграмма, кесте, карта) бірлігі негізінде арнайы іріктеліп алынған психологиялық – педагогикалық қондырғының жиынтығын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |