Баяндама тақырыбы:“Инновациялық технологияларарқылы жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту”
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен
азаматтарының білімімен өлшенеді».
Н.Ә. Назарбаев
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек.
Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Сонымен қатар ұстаздың міндеті – жас ұрпаққа сапалы білім және саналы тәрбие беру.
Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қатынас құралы ретінде пайдалануды үйрету. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Сондықтан мен өз сабақтарымды жоспарлауда жаңаша көзқараспен өзгерістер енгізуді көздедім.
Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану
Ойын түрлерін қолдану Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс — тәсілдермен ерекшеленеді. Ал, әдіс — тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл — ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінетінін ескерсек, ол— адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс:
-шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
-оқушының шығармашылық іс—әрекетіне жағдай туғызу;
-жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
«Бастауышым бастамам, білім жолын бастаған» дегендей білім негізі бастауыш сыныпта қаланады. Өзге тілді балалар да мемлекеттік тілді игеруді бастауыш сыныптан бастап меңгереді. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Кезінде А.С. Макаренко: «Балада ойынға деген құмарлық бар, оны қанағаттандыру керек» деп жазған. Тілді үйрету сабағындағы ойын тәсілінің мәні зор, тәжірибеде де оқушылармен жұмыс барысында ойын кеңінен пайдаланылады. Ойын түрлерін қолдану оқушының ойын кеңейтеді, сабаққа қызықтырады, ұлттық тәрбие қалыптастарады.Осы жоғарыда айтылған технологиямен мұғалімдердің көбісі жұмыстанады деп ойлаймын.Өзімнің басты сағаттарым бастауыш сыныптарында болғандықтан, тілді меңгеруде өзім қолданып жүрген 4- сыныпқа арналған модульдер бойынша тапсырмалар жинағымен,сендердің алдарыңда тәжірбиеммен бөліскім келіп отыр.Осы жинақта модульдер бойынша оқушылардың алған білімдерін бекітіп,логикалық қабілеттерін дамытуға арналған 10 тапсырмадан енгізілді. Осы тапсырмаларды оқулыққа қосымша ретінде сабақтарымда пайдаландым.
Негізгі мақсаты - оқушылардың оқулық көлемінде алған білімдерін тереңдетіп,игерілген материалдарды бекіту,соның нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінде өз ойын еркін баяндап,қазақша сауатты жазуларына жағдай жасау. Міндеті - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, өз бетімен жұмыстану дағдыларын қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер:
- пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділігі артады;
- жалпы алғанда оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі артады.
Сабақта бұл тапсырмаларды орындату оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Сабақта орынды қолданылатын тапсырмалар оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шындауға өз септігін тигізеді. Сабақ барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, мұғалімнің пайдаланған технологиясы нәтижелі болады. Қазақ тілі сабақтарында көздейтін мақсат оқушыларға жалаң сөз жаттау емес, әрбір сабақ үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйретеді.
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі - сөздікпен жұмыс жүргізу. Сөздікпен жұмыс жүргізудің 2 жолы бар.
1. Сөз мағынасын түсіндіру.
2. Сол сөзді белсенді сөздік қорға айландыру.
Сөз үйрену арқылы сөйлеуге төселеді. Әр жаңа сөзді ең бірінші мұғалім оқып, айтылуына ерекше көңіл бөледі. Одан кейін бір бала қазақшасын, екінші бала орысшасын оқиды. Одан кейін керісінше жүргізіледі. Жазылуына назар аударып сөздік дәптеріне жазады. Есте сақтау үшін сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрғызамын. Әр түрлі жағдайда жүргізгенде ғана есте сақталады. Омоним, антоним, синоним сөздерді анықтау, сурет көрсету, сөздік диктант жазу оқушы жаңа сөзді сабақта үйреніп білуі қажет.
Сіздердің назарыңызға 1 модульге берілген тапсырмалар