Қаржылық есеп-1 ПӘнінен 050508 мамандығы бойынша


Сондықтан да бір тараудан екінші параграфқа көшкенде және тарау ішінде бір мәселеден екінші мәселеге көшудің қисынды болуына ерекше назар аударылсын



бет3/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,49 Mb.
#36347
1   2   3

Сондықтан да бір тараудан екінші параграфқа көшкенде және тарау ішінде бір мәселеден екінші мәселеге көшудің қисынды болуына ерекше назар аударылсын.


Қорытынды бөлімде жалпы тұжырым жасап, есептің қолданылып жүрген тәжірибесін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды қысқаша баяндау қажет.

Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі курстық жұмыста қолданылған ретінде.

Жұмыстың көлемі қолжазба күйінде 20-25 бетінен аз болмауы қажет.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУ

Жұмыстың материалы мынадай ретпен орналастырылады:

а) сыртқы бет ( 1 қосымшада көрсетілген);

ә) жоспар мазмұны;

б) курстық жұмыстың текстік баяндалуы (тараулар бойынша);

в) әдебиеттер тізімі;

г) жұмыста пайдаланылған нақты тәжірбиелік материал (егер ол баяндау барысында симай қалса, қосымша түрінде беріледі).

Жұмыс стандартты қағаздың бір жақ бетінде жазылады, немесе компьютерде теріледі. Беттің екі жағынан сол жағында 30,0 мм және оң жағында 10,0 мм, жоғарғы және төменгі жақтарынан 20,0 мм жер қалдырады. Курстық жұмыстың барлық беті нөмірленеді. Текстегі әрбір тарау жоспар мазмұнына сәйкесті тиісті тақырып қойылады.

Жаңа тарауды егер тақырыптан соң бірнеше жол сиятын болса, алғашқы тараудың соңы аяқталған беттен бастай беруге болады. Егер курстық жұмыс компьютерде терілетін болса текст арасындағы қашықтық 1,0 интервалға , ал шрифт 14-ке тең болу керек.

Топтарға бөлінген және бір жүйеге келтірілген сандық деректер кесте мен график түрінде беріледі. Соңғысының дайындалуының мәні зор. Кестелер оған сілтеме жасалған соң беріледі, бірақ оны бір беттен екінші бетке жалғастыру жөн болмайды, оған қоса кесте мен оның тақырыбы бөлек бетерде болып арасын үзу дұрыс емес. Кестенің рет нөмірі болуы керек, тақырыбы мазмұнын ашатын болсын, ескертуде алынған материалға сілтеме жасалсын.

Материалға тікелей қатысы жоқ деректерді келтірмеу керек.

Кесте мен тексте ұзақ сандарды толық келтіруден қашқан жөн. Ол үшін қажет дәлдікке байланысты өлшем бірлігін ірілендіріп алған дұрыс.

Жұмыста тек жалпыға бірдей қабылданған қысқарған сөздермен шартты белгілерді ғана қолдану керек.

Жұмыста пайдаланылған сандық деректер, тұжырымдар, басқа авторлардың ойлары және дәйексөздер міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемемен көрсетілуі қажет. Бұл сілтемелер сөйлемнің соңында көрсетіледі.

Басқа автордың ойы мен тұжырымын қолданғанда бұл ойларды өзгертусіз пайдалану керек. Дәйексөз мұқият көшіріліп, тырнақшаға алынып жазылады. Басқа авторлардың келтірілген деректерінің дәлдігі мен ойларының анықтығы үшін студент жауап береді.

Әдебиеттерге жасалған сілтемелер олардың әдебиеттер тізіміндегі рет нөмірімен цитаталар алынған беттің нөмірін көрсету арқылы орындалады. Олар жазылу барысында төрт бұрышты тырнақшаға алынуы керек, мысалы [3., 91б].

Курстық жұмыстың соңғы сатысы оның сыртын безендіру болып табылады. Курстық жұмысқа студент қол қоюы қажет.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының белгіленген мезгілінде жазылып бітуі керек. Курстық жұмысты мерзімінде қорғамаған студент академиялық берешек болып есептеледі де, «Қаржылық есеп- 1» бойынша емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Курстық жұмысты қорғау кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссиямен жүргізіледі.

Курстық жұмысты қорғау таңдап алған тақырып бойынша студенттің білімінің тереңдігі мен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін анықтауға бағытталады. Қорғау кезінде студент берілген жұмысты жақсы бағдарлауы, сандық деректердің қайдан алынғанын түсіндіре білуі, жұмысқа қатысты теориялық және сұрақтарға жауап бере білуі қажет. Қорғау алдында студент тұтастай жұмыс бойынша да, жетекшінің ескертпелері бойынша да дайындық жүргізуі керек.

Қорғау студенттің жұмысының негізгі жағдайын қысқаша ғана мазмұндауынан тұрады. Жұмыстың жүргізіліп жатқан есеп тәжірибесіне сыни ескертпелер, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар туралы айтылған тарауларына ерекше назар аудару керек. Хабарламаның соңында студент жұмыстың ескертулері бойынша жауап береді. Содан соң комиссия мүшелері студентке сұрақтар қояды. Курстық жұмысты бағалау кезінде комиссия оның жазылу сапасы да, қорғау нәтижесіне еске алады. Егер жұмысты оқытушылар қанағаттанғысыз деп есептейтін болса, онда студенттің айтылған ескертпелерді ескере отырып түбегейлі қайта жұмыс істеуі үшін өзіне қайтарылып беріледі.

Кафедраның шешімі бойынша үздік жазылған курстық жұмысты студенттердің ғылыми үйірмесінде немесе студенттердің ғылыми конференциясында жасалатын баяндама ретінде ұсұнылуы мүмкін.
“ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП-1”

пәнінен 050508 “Бухгалтерлік есеп және аудит”

мамандығы студенттеріне арналған

курстық жұмыс тақырыптары




  1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті і жетілдірудің негізгі бағыттары

  2. Кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру

  3. Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі

  4. Халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының сипаттамасы, олардың маңызы мен мазмұны

  5. Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының сипаттамасы, маңызы мен мазмұны.

  6. Ұйымдардың қоймаларында тауарлы - материалдық қорларды есепке алу және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі

  7. Ұйымдардың бухгалтериясында тауарлы - материалдық қорлардың есебі

  8. .Тауарлы - материалдық қорларды түгендеу және оның нәтижесін еспке алу

  9. Негізгі құралдарды жіктеу, бағалау және түсулерінің есебі

  10. Негізгі құралдардың шығыстарының есебі

  11. Негізгі құралдарға жөндеу өткізудің есебі

  12. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері және есепке алу

  13. Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі және нәтижесін есепке алу

  14. Материалдық емес активтерді тану , бағалау және есепке алу

  15. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі

  16. Есеп берісілі тұлғалармен есеп айырысу есебі

  17. Басқа да дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысу есебі

  18. Күмәнді талаптар бойынша резервті құру мен қолдану есебі

  19. Еншілес, тәуелді ұйымдар мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешектері және міндеттемелері бойынша есеп айырысу есебі

  20. Алдағы кезендердің табыстары мен шығыстарын есепке алу

  21. Кассадағы ақша қаражатының есебі

  22. Ағымдағы және банкідегі басқа да шоттардағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттар есебі

  23. Ағымдағы және банкідегі басқа да шоттардағы шетел валютадағы ақша қаражаттар есебі

  24. Жарғылық капитал есебі

  25. Басқа меншікті капитал есебі

  26. Банктердің және банктен тыс мекемелерінің қарыздарын есепке алу

  27. Қосылған құнға салық бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі

  28. Әлеуметтік салық пен жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі

  29. Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі

(жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)

  1. Жеткізушілер және медігерлермен есеп айырысу есебі

  2. .Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі

  3. .Еңбек ақыдан ұсталымдар түрлері және оларды есепке алу

  4. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебін компьютерлендіру

  5. .Басқа да негізгі емес қызмет табыстары мен шығыстар есебі

  6. .Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны мен оларды сатудан және көрсетуден алынған табыс есебі

  7. Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету жөніндегі шығыстар есебі

  8. Әкімшілік шығыстар есебі

  9. .Қортынды пайда(залал) мен бөлінбеген пайда (жабылмаған залалды) есебі

  10. Кәсіпкер мен ұйымдардың есеп саясаты, оның маңызы мен мазмұны

  11. Кассадағы және банкідегі ағымдағы мен арнаулы шоттарындағы ақша қаражаттарының есебін компьютерлендіру

  12. Бухгалтерлік есеп үлгілер түрлерінің мінездемесі және оларды дамыту

  13. Тауарлы-материалдық қорлар есебін компьютерлендіру

  14. Ұйымдардың қаржылық есептілігі

  15. Вексельдер қолдану арқылы есеп айырысу есебі

  16. Кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

  17. Тауарлы – материалдық қорларды бағалау және есепке алудың жүйе түрлері

  18. Тауарлы – материалдық қорлардың түсуі мен шығыуын құжаттық рәсімдеу және есепке алу

  19. .Негізгі құралдарды қайта бағалау және құнсыздануын тану. 36 «Активтердің құнсыздануы ХҚЕС

  20. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі



КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖОБАЛЫ ЖОСПАРЛАРЫ

Тақырып 1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жетілдірудің негізгі бағыттары


Кіріспе


  1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің нарық жағдайында реформалаудың қажеттілігі

  1. Бухгалтерлік есепті басқару жүйесін жетілдіру

  2. Бухгалтерлік есеп әдістерін және есеп шоттар жоспарын жетілдіру

  3. ХҚЕС талаптарына сәйкес ҰҚЕС -ы мен қаржылық есептілікті жетілдіру

  4. Бухгалтерлік есеп формаларын жетілдіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті басқарудың схемасы, кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру схемасы, бухгалтерия ұжымының әлеуметтік даму жоспары, есеп шоттарының үлгі жоспары, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының құрылымы
Тақырып 2. Кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру


  1. Кәсіпорын бухгалтериясының ұйымдастырылу құрылымы

  2. Қаржылық және басқару бухгалтериясының құрылу мақсаты мен маңызы

  3. Қаржылық және басқару бухгалтериясының қызметін жоспарлау

  4. Қаржылық және басқару бухгалтериялары бухгалтерлерінің функциялары

  5. Қазіргі жағдайда кәсіпорын бухгалтериясының ұйымдастыру құрылымын жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: қаржылық бухгалтерияның құрылу сызбасы, басқару бухгалтериясының қызмет жоспары, жұмыс істеу графигі, компьютерлендіру есебінің жоспары, құжат айналымының сызбасы.

Тақырып 3. Қаржылық және басқару есептерінің салыстыру сипаттамасы

Кіріспе


  1. Қаржылық және басқару есептері-кәсіпорынның ақпараттар жүйесінің құрамдас бөлігі

  2. Қаржылық есептің мақсаты мен маңызы

  3. Басқару есептің мақсаты мен маңызы

  4. Қаржылық және басқару есептерінің айрықша ерекшеліктері мен жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: қаржылық және басқару бухгалтериясының құрылу сызбасы, қаржылық және басқару есебінің талдау (аналитикалық) есептің регистрлері, талдау кестелері.
Тақырып 4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының сипаттамасы, маңызы мен мазмұны.

Кіріспе


  1. Халықаралық қаржылық есептілік стандартарын қолданудың қажетілігі

  2. ХҚЕС -ын құрастырушы органдар

  3. Стандарттарды құрастыру процесі және олардың құрылымы

  4. Нарық жағдайында, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жетілдіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының құрылымы.
Тақырып 5. Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының сипаттамасы, маңызы мен мазмұны.

Кіріспе


1.Ұлттық қаржылық есептілік стандартарын қолданудың қажетілігі

2.Ұлттық қаржылық есептілік стандартарын құрастырушы органдар мен құрастыру процесі

3. Ұлттық қаржылық есептілік стандартарын құрылымы

4. ХҚЕС талаптарына сәйкес ҰҚЕС -ы мен қаржылық есептілікті жетілдіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының құрылымы.
Тақырып 6. Ұйымдардың қоймаларында тауарлы - материалдық қорлар есебі және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі
Кіріспе


  1. ТМҚ-дың классификациясы, бағалануы және қоймадағы қорлардың есебін ұйымдастыру үшін олардың мәні

  2. Кәсіпорынның қоймасына ТМҚ-дың түсуін және шығуын құжаттық рәсімдеу

  3. Қоймада материалдарды есепке алу тәртібі

  4. ТМҚ-дың қозғалысы туралы материалды- жауапты тұлғаның есебін толтыру және тапсыру тәртібі

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: қоймаға ТМҚ-дың түсуін және шығуын рәсімдейтін бастапқы құжаттар(накладной,шот-фактура,тауарлы-көлік накладнойы, сенім хат т.б.) құжаттық қойма есебінің карточкасы, тауарлық кітап, партиялық есеп карточкасы, қоймадағы ТМҚ-дың қозғалысының есебі, айналым ведомосі, сальдолық ведомосі.

Тақырып 7. Ұйымдардың бухгалтериясында тауарлы - материалдық қорлардың есебі



Кіріспе


    1. ТМҚ ұғымы, классификациясы және бағалануы. 2 «Қорлар» ХҚЕС

    2. ТМҚ-дың бухгалтерлік есебінің ұйымдастыру жүйелерінің сипаттамасы

  1. .ТМҚ заттай –құндық талдау есебі

  2. ТМҚ құндық талдау есебі

  3. ТМҚ талдау есебін компьютерлендіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: материалдардың кірісі және шығысы бойынша алғашқы құжаттар, ТМҚ-ды есепке алу карточкалары, қоймадағы материалдың қозғалысы бойынша есеп беру, материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосі, айналым ведомосі, сальдолық ведомосі.

Тақырып 8. Тауарлы материалдық қорларды түгендеу және оның

нәтижесін есепке алу.

Кіріспе


  1. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты мен жүргізуді ұйымдастыру негіздері

  2. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеуді жүргізу тәртібі мен құжаттық рәсімдеу

  3. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу нәтижесін айқындап және оны бухгалтерлік есепте көрсету

  4. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу жүргізу тәртібі (бұйрық), инвентаризациялық тізімі,тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің салыстыру ведомосі.
Тақырып 9. Негізгі құралдарды жіктеу, бағалау және түсу есебі
Кіріспе


  1. Негізгі құралдар туралы түсінік, оларды бағалау және жіктеу. 16 «Негізгі құралдар» ХҚЕС

  2. Кәсіпорынның өзі құрған негізгі құралдарының есебі

  3. Негізгі құралдарды сатып алу мен басқа да жағдайда түсу есебі. Паушалдық құнды бөліп тарату

  4. Негізгі құралдардың талдау есебі

  5. Негізгі құралдардың түсуін есепке алуды жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: қабылдау-тапсырыс актісі, іске енгізу актісі, инвенторлық карточка, есепке алу регистрі, автоматты есепке алу машинограммасы.

Тақырып 10. Негізгі құралдардың шығарылу есебі



Кіріспе


  1. Негізгі құралдар туралы түсінік, оларды бағалау және жіктеу. 16 «Негізгі құралдар» ХҚЕС

  2. Негізгі құралдардың шығу себептері, шығарылуын құжаттық рәсімдеу және есепке алу

  3. Негізгі құралдардың шығарылуының талдау есебі

  4. Негізгі құралдардың шығарылуын есепке алуды жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: қабылдау-тапсыру актісі, негізгі құралдарды жою актісі, инвентаризациялық карточка, автоматты есепке алу машинограммасы.

Тақырып 11. Негізгі құралдарды жөндеу есебі

Кіріспе


  1. Негізгі құралдарды жөндеу туралы түсінік және түрлерін сипаттау

  2. Негізгі құралдарды жаңарту, кеңіту (ықшамдау), модернизация жүргізумен байланысты күрделі шығыстарды есепке алу мен капитализацияға жатқызу

  3. Негізгі құралдарды күрделі және ағымдағы жөндеумен байланысты шығыстарды есепке алу

  4. Негізгі құралдарды жөндеу операцияларын есепке алуды жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: жұмысты орындау-қабылдау актісі, нарядтар, жөндеу сметалары, инвентаризациялық карточка, есеп регистрі, автоматты есепке алу машинограммасы.
Тақырып 12. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері

және есепке алу


Кіріспе


  1. Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясы туралы түсінік

  2. Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу әдістері. 16 «Негізгі құралдар» ХҚЕС

  3. Негізгі құралдардың амортизациясын есепке алу

  4. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу мен есепке алуды жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: негізгі құралдардың барлық амортизациялық есептеу әдістері бойынша кестелер, инвентарлық карточка, есеп регистрі, автоматты есепке алу машинограммасы.

Тақырып 13. Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі және нәтижесін есепке алу


Кіріспе

  1. Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі мен құжаттық рәсімдеу

  2. Негізгі құралдарды түгендеудің нәтижесін шығару және есепке алу

  3. Негізгі құралдарды қайта бағалау тәртібі, құжаттау мен есепке алу

  4. Негізгі құралдарды түгендеуін жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: инвентаризациялық тізімі, инвентарлық карточка, түгендеудің салыстыру ведомосі ,автоматты есепке алу машинограммасы.
Тақырып 14. Материалдық емес активтерді тану , бағалау және есепке алу

Кіріспе


  1. Материалдық емес активтердің сипаттамасы және оларды есепте бағалау.38 «Материалдық емес активтер» ХҚЕС-ы

  2. Материалдық емес активтердің түсуін құжаттық рәсімдеу және есепке алу

  3. Материалдық емес активтердің амортизациасын есепке алу

  4. Материалдық емес активтердің сатылуын және басқа да шығарылуын есепке алу.

  5. Материалды емес активтердңі есебін жетілдіру жолдары.

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: материалдық емес активтерді сатып алу үшін алғашқы құжаттар, аналитикалық есептің регистрлері, аналитикалық есептің машинограммасы.

Тақырып 15. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен

есеп айырысу есебі

Кіріспе

  1. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысуы туралы ақпаратты құрастыруда бухгалтерлік есептің мәні мен ролі
  2. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу үлгілерінің сипаттамасы
  3. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды құжаттық рәсімдеу, синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу

  4. Сатылған тауарларды қайтару және сатудан жеңілдіктер беру

5. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысуыдың бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен құоылған келісім шарт, есеп айырысу бойынша алғашқы құжаттары (төлем тапсырыстар, төлем талаптары-тапсырыстары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, шот-фактуралар, т.б), сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзара есеп айырысу туралы актілері, синтетикалық және аналитикалық регистрлер

Тақырып 16. Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу есебі
Кіріспе


  1. Есеп берілетін ақшаны беру тәртібі

  2. Қызметтік іс-сапарға ақшаны беру, жұмсау және шығыстарды өтеу тәртібі

  3. Басқа да мақсаттарға ұлттық және шетелдік валютасында ақшаны жұмсаудың тәртібі мен құжаттық рәсімделуі. Есеп беретін тұлғаның есептілігі

  4. Есеп берілетін сомалардың синтетикалық және аналитикалық есебі

  5. Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысудың есебін жетілдіру жолдары

Қортынды
Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: қызмет іс-сапары туралы бұйрықтың көшірмесі, іс-сапар куәлігі , есеп беретін сомаларды жұмсауды дәлелдейтін құжаттар мен аванстық есеп беру, іс-сапар нәтижесі туралы баяндамалық хат, синтетикалық және аналитикалық регистрлер.

Тақырып 17. Басқа да дебиторлық борыштар есебі



Кіріспе


  1. Дебиторлық борыш түсінігі мен түрлері

  2. Материалдық зиянды өтеу бойынша есеп айырысуды есепке алу мен құжаттық рәсімдеу

  3. Иеленген соммалар мен талаптар бойынша есеп айырысуының есебі мен құжаттық рәсімделуі

  4. Дебиторлармен есеп айырысуды есепке алуды жетілдіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: инвентаризациялық тізім, тауарлардың нақты есебі, дебиторлармен есеп айырысудың аналитикалық есебінің регистрі, бас кітапша, машинаграммалар, жетіспеушілік бойынша салыстырмалы актісі, ұрлықтармен, материалдық зияндарды сот-тергеу органдардың көмегімен төлеу, өзге де дебиторлық есеп айырысулардың актілері.
Тақырып 18. Күмәнді талаптар бойынша резервті құру мен қолдану есебі

Кіріспе


  1. Дебиторлық борыштар түсінігі және күмәнді талаптардың пайда болуының себептері

  2. Күмәнді талаптар бойынша резервті құру әдістері және қолдану тәртібі

  3. Күмәнді талаптар бойынша резервтің синтетикалық және аналитикалық есебі

  4. Күмәнді талаптар бойынша резервтің құру әдістері мен есебін жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: есепті күнге ұйымның дебиторлық берешегі туралы мағлұмат, дебиторлық қарыздар тізімі, күдері үзілген күмәнді талаптар тізімі, күмәнді талаптарды тізімнен шығару туралы бұйрығы, күмәнді талаптар бойынша резервке аударымдардың есебі, 1290 “Күмәнды талаптар бойынша резерв” шоты бойынша синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері.
Тақырып 19. Еншілес (тәуелді) ұйымдардың және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық және кредиторлық берешетерінің есебі

Кіріспе


  1. Еншілес (тәуелді) ұйымдармен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалармен есеп айырысу түсінігі мен сипаттамасы

  2. Еншілес (тәуелді) ұйымдардың және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық берешегінің есебі мен құжаттық рәсімделуі

  3. Еншілес (тәуелді) ұйымдардың және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың кредиторлық берешегінің есебі мен құжаттық рәсімделуі

4. Еншілес (тәуелді) ұйымдардың және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық және кредиторлық берешетерінің есебін жетілдіру

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысына толтырылатын құжаттар (кіріс және шығыс накладнойлары, ТТН, счет-фактуралар, актілер), есеп айырысу құжаттары (төлем-тапсырыстар, төлем талаптары-тапсырыстары, чектер), синтетикалық және аналитикалық есептің регистрлері.


Тақырып 20. Болашақ кезеңдердің табыстары мен шығыстарын есепке алу

Кіріспе


  1. Болашақ кезеңдердің табыстары мен шығыстары туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы

  2. Болашақ кезең табыстарының қайнар көздері. Болашақ кезең табыстарының синтетикалық және талдау есебі

  3. Болашақ кезең шығыстарының қалыптасуы және синтетикалық және талдау есебі

  4. Болашақ кезеңдердің табыстары мен шығыстар есебін жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: болашақ кезең табыстары мен шығыстарын қалыптастыру бойынша бастапқы құжаттар, синтетикалық және талдау есебінің регистрлері
Тақырып 21. Кассадағы ақша қаражатының есебі

Кіріспе


  1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі

  2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу

  3. Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі

  4. Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі

  5. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: кіріс кассалық ордері, шығыс кассалық ордері, кассирдің есеп беруі, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналы, ақша қаражаттарының түгендеу актісі, топтастыру ведомісі, талдау есеп регистрлері
Тақырып 22. Ағымдағы және банкідегі басқа да шоттардағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есебі

Кіріспе


  1. Ағымдағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі

  2. Банктегі шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі

  3. Ағымдағы және арнайы шоттарда ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттау

  4. Ағымдағы және арнайы шоттарда ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі

  5. Ағымдағы және арнаулы шоттарда ақша қаражаттарының есебін жетілдіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: қолда бар ақшаны тапсыру хабарламасы, төлем тапсырыс, төлем талап-тапсырысы, банкідегі ағымдағы(басқа да) шот көшірмесі, аккредитивті ашуға өтініш, талдау есебінің регистрлері.
Тақырып 23. Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі
Кіріспе


  1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі ережелері

  2. Шетел валютасында шотты ашу, жүргізу және жабу тәртібі

  3. Валюталық операцияларды құжаттық рәсімдеу

  4. Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі

  5. Курстық айырмашылықтарды есепке алу

  6. Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру жолдары

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар: валюталық шотты ашуға өтініш, төлем талап-тапсырыс,төлем тапсырыс, валюталық карточка, экспортқа келісім паспорты, импортқа келісім паспорты, талдау және синтетикалық регистрлер, банкідегі ағымдағы(басқа да) шот көшірмесі


Тақырып 24. Жарғылық капиталды есепке алу

Кіріспе

1. ҚР-сы субъектілерінің шаруашылық формалары және олардың сипаттамасы



2. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының қалыптастыру тәртібі және

есебі


3. Серіктестіктердің жарғылық капиталының қалыптасу тәртібі және есебі

4. Құрылтайшылардың салымдарын есепке алу

5. Жарғылық капитал есебін жетілдіру

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: акционерлік қоғамның жарғысы, құрылтайшылардың келісім шарты, акционерлердің тізімі, бас кітап, синтетикалық және талдау есебінің регистрлері


Тақырып 25. Басқа да меншікті капиталды есепке алу
Кіріспе

1. ҚР –ның шаруашылық субъектілерінде меншікті капиталдың қалыптасуы

2. Сатып алынған меншікті үлес құралдар есебі

3. Эмиссиялық кіріс есебі

4. Резервтік капиталдың қалыптасу тәртібі және есебі
Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: акционерлік қоғамның жарғысы, акцияларды қайтарып алудың шешімі, бас кітап, синтетикалық және талдау есебінің регистрлері
Тақырып 26. Банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызын есепке алу

Кіріспе


1. ҚР-ғы несие жүйесін ұйымдастыру және банктер мен банктік емес мекемелерден несие алу тәртібі

2. Қарыз алу операцияларын құжаттау

3. Банктік қарыздардың синтетикалық және талдау есебі

4. Қарыздар есебін дамыту жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: жедел міндеттемелер, қолма-қол салым жариялымдары, вексельдер, чектер, төлем-талап,тапсырыстары, синтетикалық және талдау есебінің регистрлері
Тапсырма 27. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен

есеп айырысу есебі

Кіріспе

1.Қосылған құн салығы (ҚҚС) түсінігі және объектілері



2.Тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алу және өткізу процесінде ҚҚС-ның қалыптасуы. ҚҚС-мен байланысты операцияларды құжаттау

3.ҚҚС бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі

4.ҚҚС бойынша салық салу жүйесін және бухгалтерлік есепті дамыту жолдары

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: шот-фактура, ҚҚС бойынша декларация, бухгалтерлік есеп регистрлері


Тақырып 28. Әлеуметтік салық және жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі

Кіріспе


1.Әлеуметтік және жеке табыс салықтары туралы түсінік және салық салу объектілері

2.Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысу және оны есептеу, төлеу тәртібі

3.Жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу және оны ұстау, төлеу тәртібі

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: жеке табыс салығын ұстау кестесі, әлеуметтік салық сомасын есептеу, жеке табыс салығын еңбекақыдан ұстауды есептеу, салықтарды бюджетке аударудың төлем тапсырысы.


Тақырып 29.Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі

Кіріспе


1.Салық түрлері, ҚР-ның салық жүйесі

2.Салық төлеушіде басқа да салықтар бойынша қаржылық және салық есебін ұйымдастыру

3.Жер салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу

4. Мүлікке салық салу бойынша бюджетпен. есеп айырысу

5.Көлік құралдарына салық салу бойынша бюджетпен есеп айырысу

6.Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың бухгалтерлік есебін дамыту жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша:синтетикалық және талдау есебінің есептеу регистрлері, жер, мүлік, көлік салықтардың жеке түрлерін есептеу кестелері
Тақырып 30. Жеткізушілер және медігерлермен есеп айырысу есебі

Кіріспе


1.Жеткізушілер және мердігерлермен есеп айырысуда қолданатын есептесу үлгілеріне сипаттама және берешек түрлері

2. Жеткізушілер және мердігерлермен есеп айырысуды құжаттық рәсімдеу

3. Жеткізушілер және мердігерлермен есеп айырысудың синтетикалық және талдау есебі

4.Жеткізушілер және мердігерлермен есептесуді түгендеу тәртібі және оның нәтижесін есепке алу

5.Жеткізушілер және мердігерлермен есептесу есебін дамыту жолдары

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: жабдықтаушылар мен мердігерлермен есептесу құжаттары, талдау есебі регистрлері (шот-фактура, ТТН, чектер, төлем-тапсырыстары, төлем-талаптары).


Тақырып 31. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп

айырысу есебі

Кіріспе

1.ҚР-да еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі (түрлері). Еңбек ақы түрлері мен формалар.



2.Қызметкерлердің жұмыс уақыты мен еңбегін есептеуді құжаттау

3.Еңбекақыны есептеуді құжаттау

4.Қызметкерлермен есеп айырысудың синтетикалық және талдау есебі

5.Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебін дамыту жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: ұжымдық еңбек келісімі, жеке еңбек келісім шарты, жұмыс уақытын есептеу табелі, наряд, маршруттық парақ, жұмыс істеу уақытына қарай еңбекақыны есептеу, есептеу-төлеу ведомосі, жұмыскердің тұлғалық шоты
Тақырып 32. Еңбекақыдан ұсталынатын ұстамдардың түрлері және

оларды есепке алу

Кіріспе

1.Ұстам түрлері, еңбекақыдан ұсталынатын ұстамдардың нормативтік –құқықтық негізі



2.Еңбекақыдан ұстайтын зейнетақы қоры ұстамын есепке алу және оны жүзеге асыру тәртібі

3.Жеке табыс салығы: ұстау тәртібі және бюджетке аудару

4. Еңбекақыдан ұсталынатын басқа ұстамдарды есепке алу

5.Еңбекақыдан ұсталынатын ұстамдарды есепке алуды компьютерлендіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша:зейнетақы жарналарына ұстамды есепке алу, жеке табыс салығына ұстамды есепке алу, есеп-төлем ведомосі, салыстыру ведомосі, еңбекақыны есептеу ведомісі.
Тақырып 33. Еңбекақы бойынша есеп айырысуды компьютерлендіру

Кіріспе


1.Бухгалтерлік есепте қолданылатын ақпараттық технологиялар

2.Компьютерде есепке алынатын бағдарламалардың жүзеге асуының сипаттамасы

3.Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп жүргізуді компьютерде есепке алу

4.Еңбек ақыны есептеуді ұйымдастыруды компьютерде есепке алу және оның нысандарын жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: есеп берулер, еңбекақы бойынша жекелей шоттар, компьютерлік құжаттар.
Тақырып 34. Басқа да негізгі емес қызметтен түскен кірістер мен

шығыстар есебі

Кіріспе

1.Негізгі емес қызметтен түскен кірістер мен шығыстар туралы ақпаратты



құрастыруда бухгалтерлік есептің ролі

2.Материалдық емес активтер мен негізгі құралдардың шығуынан түскен табыс

пен шығыстарды құжаттық ресімдеу және есепке алу

3.Бағам айырмасынан түсетін табыс және шығыстар есебі және құжаттық ресімдеу

4.Негізгі емес қызметтен түскен өзге де табыс пен шығыстар есебі

5. Негізгі емес қызметтен түскен кірістер мен шығыстар туралы ақпаратты қаржылық есептілікте ашу

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, негізгі құралдардың ішкі қозғалысы туралы накладной, негізгі құралдарды жою актісі, негізгі құралдары есепке алатын инвентарлық карточка, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуын есепке алу, бағам айырмасы бойынша табыстар мен шығындарды сыйақы түрінде есепке алу, бухгалтерлік баланс,пайда мен залал туралы есептілік, синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері.
Тақырып 35. Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны мен оларды сатудан және көрсетуден алынған табыс есебі
Кіріспе

1. Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны мен түскен табыстар туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің ролі

2. Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығару әдістері, құжаттармен рәсімдеу және есепке алу

3. Сатылған өнімнен және көрсетілген қызметтерден түскен табысты есепке алу

4. Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын және табысты есепке алуды жетілдіру

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: бастапқы кіріс касса ордері, шот-фактура, чек, төлем тапсырысы, өткізілген дайын өнім есебі, синтетикалық және талдау есебі регистрі


Тақырып 36. Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету

жөніндегі шығыстар есебі

Кіріспе

1. Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету жөніндегі шығыстар туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің ролі



2. Өнімдерді сату және қызметтерді көрсетумен байланысты шығыстарды жіктеу және оның шығыстар есебін ұйымдастырудағы маңызы

3. Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету шығыстарын синтетикалық есепке алу

4. Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету шығыстарының талдау есебі

5. Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету шығыстарының есебін жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: бастапқы құжаттар: шығыс касса ордері, счет-фактура, аванстық есеп беру, есеп беру ведомісі, синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері, №10 журнал-ордердің 5 ведомісі.
Тақырып 37. Әкімшілік шығыстар есебі

Кіріспе


1.Әкімшілік шығыстардың сипаттамасы және олар туралы мәліметті қалыптастыруда бухгалтерлік есептің ролі

2. Әкімшілік шығыстардың наменклатуралық баптары

3. Әкімшілік шығыстардың синтетикалық есебі

4. Әкімшілік шығыстардың талдау есебі және оларды есептен шығару тәртібі

5. Әкімшілік шығыстардың есебін жетілдіру жолдары

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: әкімшілік шығыстарды өткізудің мәнді баптарын ақпараттармен қамтамасыз етудегі бастапқы құжаттар (шығыс –касса ордері, шот-фактура, аванстық –есеп, есеп беру ведомісі , еңбек ақы есептеу-төлеу ведомосы т.б.), синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері (бас кітап, әкімшілік шығыстарды есепке алу №5 ведомісі).

Тақырып 38. Қортынды пайда (залал) мен бөлінбеген пайда

(жабылмаған залалды) есебі

Кіріспе

1.Ұйымның қаржылық қортындысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің ролі



2. Қортынды пайда мен залалдың синтетикалық және талдау есебі

3. Есепті жылдың бөлінбеген пайдасын (жабылмаған залалын) есепке алу және бөлу тәртібі

4. Өткен жылдың бөлінбеген пайдасын (жабылмаған залалын) есепке алу

5. Қортынды пайда (залал) мен бөлінбеген пайда (жабылмаған залалды) туралы ақпаратты қаржылық есептілікте ашып көрсету

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп беру, меншікті капиталдың өзгеруі туралы есеп , бас кітап, журнал-ордерлер

Тақырып 39. Кәсіпорынның есепті жүргізу саясаты,

оның маңызы мен мазмұны

Кіріспе


1.Есепті жүргізу саясаты туралы түсінік және оның бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастырудағы ролі

2.Есеп саясатын құрастыру тәртібі, құру және ақпаратты ашу принциптері

3.Есеп саясатының мазмұны (рәсімдеуі, көлемі және бекіту тәртібі)

4. Есеп саясатындағы салық есебінің мазмұны және сұрақтары

5. Кәсіпорындардың есеп саясатын құрастыру проблемалары

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: кәсіпорынның есеп саясаты


Тақырып 40. Кассадағы және банктегі шоттардағы ақша қаражаттарының есебін компьютерлендіру

Кіріспе


1. Кассадағы және банктегі шоттардағы ақша қаражаттарының есебін компьютерлендіру мақсаты

2.Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып ақша қаражаттарының есебін құжаттық рәсімдеу

3. Кассадағы және банктегі шоттардағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есептерін компьютерлік бағдарлама арқылы есепке алу

4. Кассадағы және банктегі шоттардағы ақша қаражаттарының есебін компьютерлендіруін жетілдіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: бастапқы құжаттар, кассирдің есеп беруі, банктің көшірмелері, автоматандырылған есептің машинограммалары
Тақырып 41. Бухгалтерлік есеп үлгілер түрлерінің мінездемесі

және оларды дамыту

Кіріспе

1.Бухгалтерлік есеп формаларының түсінігі және олардың тарихи дамуы



2.ҚР-да қолданылатын бухгалтерлік есеп формаларының сипаттамасы

а) журнал-ордерлік

б) ықшамдалған

в) автоматтандырылған

3.Нарық жағдайында бухгалтерлік есеп формаларының жетілдірілуі

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: синтетикалық және аналитикалық есептің регистрлері, автоматтандырылған есептің машинограммалары.

Тақырып 42. Тауарлы-материалдық қорларды есепке алуды компьютерлендіру
Кіріспе

1.Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есепке алуды компьютерлендірудің ақпараттық ролі мен мәні

2.Компьютерлік бухгалтерлік бағдарламалар арқылы тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын құжаттық рәсімдеу

3.Компьютерлік бухгалтерлік бағдарламалар арқылы тауарлы-материалдық қорлардың синтетикалық және талдау есебін жүргізуді ұйымдастыру

4.Тауарлы-материалдық қорлардың компьютерлендірілген есебін жетілдіру

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы туралы кіріс және шығыс құжаттары (накладнойлар, шот-фактуралар, лимиттік –босату картасы, талаптар); материалдардың қозғалысы туралы есеп беру, тауарлы-материалдық қорлардың қолда бары мен қозғалысын сипаттайтын машинограммалар.


Тақырып 43. Ұйымның қаржылық есептілігі
Кіріспе

1.Қаржылық есептіліктің мәні және концептуалдық негізі

2.Қаржылық есептіліктің көлемі, нысаны және элементтері

3.Бухгалтерлік балансты құру тәртібі және мазмұны

4.Пайда мен залал туралы есептің мазмұны және оны құру тәртібі

5.Қаржылық есеп беруді жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп, түсіндірме хаттамасы.

Тақырып 44. Кәсіпорындармен вексельдер арқылы есеп

айырысу есебі

Кіріспе


1.ҚР-дағы төлем жүйесі, оның түрлері мен төлем нысандары

2.Вексельмен есеп айырысудың сипаттамасы

3.Вексельмен есеп айырысу операцияларын құжаттық рәсімдеу

4.Вексельмен есеп айырысудың синтетикалық және талдау есебі

5.ҚР-дағы вексельдік есеп айырысуды жетілдіру жолдары

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: жай вексель, аударымды вексель, вексельді қолдануды есептеудің синтетикалық және аналитикалық есепке алу регистрлері

Тақырып 45. Кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік

есепті ұйымдастыру


Кіріспе

1.ҚР “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” туралы Заңына сәйкес бухгалтерлік қызметтің кәсіпорындар мен кәсіпкерлерде ұйымдастырылуы және принциптері

2.Бухгалтерлік қызметі ұйымдастыру жұмыстары

3.Шаруашылық операцияларды құжаттау және құжат айналымын ұйымдастыру

4.Түгендеуді жүргізу тәртібі және жалпы ережелер

5.Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті дамытудың негізгі бағыттары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: есеп саясаты, шоттардың жұмыс жоспары, бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру сызбасы, бухгалтерлердің қызметтік нұсқамасы, құжат айналым жоспары, түгендеуді жүргізу жоспары.
Тақырып 46. Тауарлы – материалдық қорларды бағалау және есепке

алудың жүйе түрлері

Кіріспе

1.Тауарлы – материалдық қорларды бағалау және есепке алу негіздері



2.Тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құны мен таза сату құны

3.Тауарлы – материалдық қорлардың қалдығын бағалау әдістері

4.Тауарлы – материалдық қорларды есепке алудың жүйе түрлеріне сипаттама және бағалауға әсері

5. Тауарлы – материалдық қорларды бағалау және есепке алудың жүйе түрлерін жетілдіру

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: тауарлы – материалдық қорлардың қалдығын бағалау әдістерінің есеп кестелері (ФИФО,орташа құн, ерекше сәйкестендіру), түгендеу тізімі, қалдық ведомосі,тауарлық кітап, партиалық карточка, бас кітап, тауарлы-материалдық қорлар есеп машинограммалары
Тақырып 47. Тауарлы – материалдық қорлардың түсуі мен

шығыуын құжаттық рәсімдеу және есепке алу

Кіріспе

1.Тауарлы – материалдық қорлардың есебін ұйымдастыру негіздері. 2 «Қорлар» ХҚЕС мен 2 ҰҚЕС-ның 12 «Қорлар» бөлімі



2.Тауарлы – материалдық қорлардың түсуі құжаттық рәсімдеу және есепке алу

3. Тауарлы – материалдық қорлардың шығыуын құжаттық рәсімдеу және есепке алу

4. Тауарлы – материалдық қорлардың түсуі мен шығыуының есебін жетілдіру жолдары

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер

Қосымша: тауарлы – материалдық қорлардың қозғалысын дәлелдейтін бастапқы құжаттар( накладной, шот-фактура, тауарлы-көлік накладнойы, лимиттік карта, талап, сенім хат,материалдардың бүлінуі,бұзылуы мен сынуы туралы акті т.б)


Тақырып 48. Негізгі құралдарды қайта бағалау

және құнсыздануын тану.


Кіріспе

1.Негізгі құралдарды қайта бағалау себептері және құнсыздануын тану. 36 «Активтердің құнсыздануы» ХҚЕС-ы

2.Негізгі құралдарды қайта бағалауды құжаттармен рәсімдеу және есепке алу

3. Негізгі құралдардың құнсыздануын айқындау мен есепке алу

4. Негізгі құралдарды қайта бағалау мен құнсыздануынан кейін қаржылық есептілікте көрсету

Қортынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: негізгі құралдарды кайта бағалау актісі, негізгі құралдардың құнсыздануын есептеу кестесі , инвентаризациялық карточка


Тақырып 49. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер

бойынша міндеттемелер есебі


Кіріспе

1.Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер түрлері және олардың пайда болу құқықтық негіздері

2.Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер есебі

3.Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер есебі

4. Өзге де міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі

5. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебін жетілдіру жолдары

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар: әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелерді есептеу кестелері, зейнетақы аударымдарын есептеу кестелері , өзге де міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелерді есептеу кестелері, міндеттемелерді өтеу төлем тапсырмалары, басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелерді есепке алу синтетикалық және талдау шоттар тізімдері

Косымша 1


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы




КУРСТЫҚ ЖҰМЫС



тақырыбы “ Материалдық емес активтерді есепке алу”



(“Нура” жауапкершілігі шектелген серіктестік материалдары бойынша)”

Орындаған :

Б-34 тобының студенті

Қасымов Б.Н

Ғылыми жетекші:

э.ғ.к., проф. Китебаева К.А




Карағанды 2010ж


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. ҚР Азаматтық Кодексi. Алматы: Қазақстан,1997

2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. ҚР кодексі (Салық Кодексі) (есептегі жылдың басына еңгізілген толықтырулар және өзгертулермен)

3. Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы ҚР Заңы 21.06.1999ж № 450-138к

4. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру туралы. ҚР Заңы 28.02.2007ж № 234

5. Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары Москва: Аспери,2006ж

6. ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. ҚР Қаржы Министірінің бұйрығы 21.06.2007 ж.

7. Типтік бухгалтерлік есеп шоттар жоспары. ҚР Қаржы министрлігінің № 183 бұйрығы 23.05. 2007ж

8. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері. ҚР ҚМ бұйрығы 22.06.2008 ж.

9. Бухгалтерлік есеп тіркелімдері. ҚР ҚМ бұйрығы 21.06.ж, №215

10.Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы. ҚР ҚМ бұйрығы 21.06.2007г., № 216

11..Нургалиева Р.Н. Аралық қаржылық есеп. Оқу құралы, І,ІІ бөлім., 2005

12..Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет. Учебник, Алматы, 2004.



ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
1..Ержанов М.С., Ержанова С. Учетная политика, Алматы, 1997.

2.Качалин В.В. Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами СААР. М.2000

3 Нидлз Б., Андерсон X., Колдуэлл Д. «Принципы бухгалтерского учета» под ред. Я.В. Соколова. - М.: Финансы и статистика, 1994.

4.Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. -Алматы: АЙАН, 2001 ж.

13.Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. - Алматы, ЭкономикС, 2003 ж.

5..Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау \ Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2001 ж.

6. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. -Алматы, Қазақ университеті, 2001 ж. 13.ҚР Ұлттық комиссиясының 13 қаңтар 1996 ж № 3 қаулысымен бекітілген

7.Тасмаганбетов Т.А.,Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А.,Рабатов О., Байболтаева Н.Э., Радостовец В.К. Қаржы есебі. - Алматы: Дәуір,1998ж.

8. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть 1, 2) Алматы, 2003 г.

9 Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы «Экономика», 2000.

Нургазиева А.А. Бухгалтерский учет операций в иностранной валюте: Учебное пособие. Алматы, Экономика, 2000г.

10. Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет . Караганда , 2004.

11. Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет основных средств. -Караганда,1997.

12. Энтони Р., Рис Д.Ж. Учет: ситуации и примеры. М.,1996

13. Энтони Р. Основы бухгалтерского учета – пер. с англ. М.: Финансы и статистика, 1994, 496с.

14. Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов». Учебник. Алматы, 2003.

15. Энтони Р., Рис Д.Ж. Учет: ситуации и примеры. М., 1996.

16. Kieso D.E. Weygandt I.I.Inter-mediate Accounting 7-th ed.1992.

17. Ряжнова О.В. Международнеые стандарты бухгалтерского

учета и финансовой отчетности. М.: ЭКЗАМЕН, 2002.

18. Бухгалтерское дело: Учеб. пособиедля вузов /Под ред. проф. Л.Т. Гиляровской. - М: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. - 382 с.

ПЕРИОДИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕР


1. Бухгалтер бюллетені

2.Файл бухгалтера .

3.Библиотека бухгалтера и предпринимателя

4.Досье бухгалтера за последние

5.Компьютер плюс бухгалтер

6.Вестник налогоплательщика



7.Практический бухгалтерский учет. Ежемесячник




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет