«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет21/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:
1. ТМҚ-ды қоймаға қабылдауын құжаттау тәртібіне мысал келтір
2. Материалдарды айырбастауға арналған талап актісіне анықтама бер.
3. Материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған накладной түсініктеме бер
4. Кіріс наклоднойы дегеніміз не?
5. Табиғи нормаларына сәйкес материалдардың шығару актісі дегеніміз не?


Сабақ тақырыбы:Материалдық құндылықтарды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері

1. Материалдық қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айрысу тәртібі мен құжаттандыруы


2. Негізгі шоттар корреспонденциясы

1. Өндіріс қорларының түсімі мен шығысы бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Алғашқы құжаттардың көмегімен ТМҚ тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын-ала, ағымдағы және келешектегі бақылауын жүзеге асырады.


ТМҚ-ды ұйым әр түрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушылардың қоймасынан, темір жол станциясынан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардан ТМҚ-ды алған кезде алушы-ұйым өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Жабдықтаушылардың қоймасынан материалдарды алу үшін МЖТ-ға сенімхат беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. №М-2а сенімхатты нөмірленген және түптелген Журналға №М-3 тіркейді. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъект оның мерзімін көрсетіп, ұйым басшысы мен бас бухгалтер қол қойып, мөр басады. Егер де алынатын тауарлар саны жағынан көп болмаса және түрлері де бір тектес болып келсе, онда олардың жалпы саны мен сомасы бір жолға жазылады. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ ала салысымен МЖТ тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, ТМҚ қоймаға өткізу керек. Егер де, ТМҚ-ды алу құқы жойылса, онда сенімхатты қайтып алынып, ал жіберушіге басқа сенімхат беріледі. Пайдаланбаған сенімхаттар «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар ТМҚ босатқан кезде, үш данада наклодной жазып, онда сенімхаттың номері, күні көрсетіледі. 1-ші данасы ТМҚ алушыда, 2-ші данасы жіберушінің өзінде, 3-шісі бухгалтерияға беріледі. ТМҚ-ды босатқан соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. ТМҚ-ды мынадай жағдайларда босатуға болмайды:

  • сенімхаттың барлық деректемелері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса,

  • көрсетілген сенімхаттақұжаттары болмаса

  • сенімхаттың мерзімі біткен болса

  • субъектілерден сенімхаттың жойылуы туралы хбар алса

  • сенімхат берген субъект өз қызметін тоқтатса.

Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автокөлікпен ТМҚ-ды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың МЖТ-сы жабдықтаушылардың экспедиторынан алған ТМҚ-дың санын және брутто салмағын, тауарлы-транспорттық наклодной мәліметімен салыстырады, олар екі данада жазылады. Егер мәліметте айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, ТМҚ қабылданды деп жазады. Наклоднойдың 2-ші данасы МЖТ-да қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Акті жасалады. Ол екі данада жасалып, екі жақтың МЖТ-ң қолдары қойылады. Оның біреуі жабдықтаушыға жіберіледі, 2-шісі МЖТ-да қалады және әрі қарай оны бухгалтерияға тапсырады.
ТМҚ-ды теміржол транспортымен жеткізіп берген кезде ТМҚ қабылдау вагондардан, контейнерден, цистернадан түсірген жерінде немесе теміржол қоймаларынан қабылданады. ТМҚ алушы өкілі олармен келген құжаттардың негізінде қабылдап алады және қабылдау процессінде тасымалдаушы, сауда-өнеркәсіп палатасынан келген тәуелсіз бақылаушы қатысады.
Егер жүк құжатсыз келсе, онда акт толтырылады, сол актіде ТМҚ-дың саны мен бағасы көрсетіледі. Жабдықтаушылардың өкілі қатысқан жөн, егер болмаса тәуелсіз бақылаушы қатысады. ТМҚ қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильдермен, сумен, авиациямен әкелінетін жүктердің операциясына ұқсас болып келеді.
ТМҚ халықтан сатып алуы мүмкін. Бұл кезде МЖТ сатып алған ТМҚ-ға акті жасайды, онда: сатушының аты-жөні, СТН (РНН), ТМҚ аты, алынған бағасы, жалпы құны, әрекет ететін мерзімі, қызмет түрі немесе басқа да құжат түрі (квитанция, бір жолғы талон) көрсетіледі. Егер де құжат болмаса ұйым бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.
ТМҚ-ды кірістеуге негіз болатын құжаттар:

  • шот-фактура

  • тауарлы транспорттық наклодной

  • тауарды қабылдап алған МЖТ-ң жазған наклоднойы мен құжаттары.

2. Негізгі шоттар коррепсонденциясы:


1) Жабдықтаушылардан ТМҚ сатып алынды:
- сатып алу құнына Д-т 1300 К-т 3310
- ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310
2) Сапасыз ТМҚ жабдықтаушыларға қайтарылды
Д-т 3310 К-т 1300
3) Материалдар өтеусіз алынды
Д-т 1300 К-т 6220
4) Еншілес ұйымдардан, қауымдастырылған және бірлескен филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерден материалдар алныды
Д-т 1300 К-т 3320-3340
5) Акцептелген ТМҚ үшін жабдықтаушылардың шоты төленді
Д-т 3310 К-т 1010




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет