Бақылау сұрақтары:
1. Есеп беру сомалары дегеніміз не?
2. Ұйымның өндірістік шаруашылық қызметтеріне мысал келтір
3. Есеп беретін сомалар» қай шотта жүргізіледі?
4. Есеп беру сомаларына қысқашы мағлұматтар
5. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айрысу әрекеттерінің есебі. Дегеніміз не?
Сабақ тақырыбы: Дебиторлармен есеп айырысу есебі.
1. Дебиторлық берешек есебін ұйымдастыру
2. Дебиторлармен есеп айырысуын есепке алу
1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларың көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын-ала төлеген төлемдері үшін борыштары – дебиторлық берешектер деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешегі бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектерінің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық берешектер Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер болып есептеледі. Кәсіпорындар өз тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылдады.
2. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептелінеді.
Өтелетін уақытына қарай 1200 «қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 2100 «ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шоттарында жүргізіледі.
Дебиторлық берешек келесідей бөлімдерден тұрады:
Сатыпалушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі
Күдікті қарыздар бойынша резервтер
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешегі
Басқа да дебиторлық берешек
Алдағы кезең шығындары
Берілген аванстар
Ұйымдардың бухгалтериясы дебиторлық берешек есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептіркегіштерді) қолданады:
- №7 журнал-ордер - «Жұмысшыларменбасқа да тұлғалардың берешегі»
- №8 журнал-ордер - «Алынуға тиісті ҚҚС», «Есептелген пайыздар», «Басқа да дебиторлық берешек», «Берілген аванстар»
- №9 журнал-ордер қосымша тізімдеме – «Берілген аванстар»
- №10 журнал-ордер – «Күдікті қарыз бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары»
- №11 журнал-ордер – «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі», «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешегі».
Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым түрін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті.
Негізгі шоттар коррепсонденциясы
№
|
Шаруашылық әрекеттер мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1.
|
Дайын өнімді сатудан түсім келіп түсті:
келісілген баға бойынша
ҚҚС сомасы
|
1210,
2110
|
6010
3130
|
2.
|
Сатып алушылардан дайын өнім, материалдық емес активтер, негізгі құралдарды өткізген үшін төлемдер келіп түсті
|
1010, 1030
|
1210, 2110
|
3.
|
Нарықтық валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде дебиторлық берешек көбейді
|
1210, 2110
|
6250
|
4.
|
Нарықтық валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде дебиторлық берешек азайды
|
7430
|
1210, 2110
|
5.
|
Есеп беруге тиісті тұлғаларға кассадан ақша қаражаттары берілді
|
1250, 2150
|
1010
|
6.
|
Есеп беруге тиісті тұлғалардың пайдаланылмаған сомасы қайтарылды
|
1010
|
1250, 2150
|
7.
|
Есеп беруге тиісті тұлғалардың шығындалған сомасы есептен шығарылды
|
7210
|
1250, 2150
|
8.
|
Басқа да дебиторлық берешекті өтеуден түсім келіп түсті
|
1010, 1030
|
1280
|
9.
|
Кумәнді талаптар бойынша резерв құрылды
|
7210
|
1290
|
Бақылау сұрақтары:
1. Дебиторлық берешек есебін ұйымдастыру дегеніміз не?
2. Дебиторлық берешек неше бөлімдерден тұрады?
3. Ұйымдардың бухгалтериясы дебиторлық берешек есебін жүргізу барысында қандай құжаттар қолданылады?
4. Ұйымның дебиторлық берешегі дегеніміз не?
5. Дебиторлармен есеп айырысуына мысал келтір
Достарыңызбен бөлісу: |