Бақылау сұрақтары:
1. Ақшалай қаражаттар есебі және олардың мақсаттары
2. Ақшасыз есеп-айырысу нысандары
3. Ағымдағы банктік шотының операциялары есебін жүргізу тәртібі және құжаттандыруы
4.Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары
5.Чекпен есеп айырысу дегеніміз не ?
Сабақ тақырыбы: Банктердегі валюталық шоттар бойынша операциялар есебі.
1. Банктердегі валюталық шоттар бойынша операциялар есебі.
2. Бағамдық айырма түсінігі және есебі
1. 20 сәуір 2001 жылғы №115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесіне» сәйкес валюталық операцияларды жүргізу үшін заңды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады. Шотты ашу үшін мындай құжаттардың негізінде ашылады:
1)шот ашуға арналған өтініш
2)қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлгісі бар карточка;
3)субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі.
Валюталық әрекеттер осы ел территориясындағы шетел валютасының жүру тәртібін, валюталық қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін бекітетін ұлттық заңдылықтармен реттерледі. Шетел валютасында жүзеге асырылатын ұйымдардың қызметтері мен әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңдылықтары реттейтін нормативті актілерден тұрады:
Валюталық реттеу туралы заңы Қазақстан Республикасының заңы
Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының заңы
Кеден тарифі мен бажы туралы Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі
№2 ҚЕҰС
Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетуліге тиіс.
Валюталық шоттар бойынша әрекеттер мынадай құжаттармен рәсімделеді:
1. Қолма-қол валютаның (түсім, пайдаланылмаған сома, есеп беретін сомалар және т.б.) келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен ресімделеді.
2. Қолма-қол валютаның берілуі валюталық шығыс ордерімен ресімделеді.
3. шетелде жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударым өтінішімен ресімделеді.
Валюталық шоттар бойынша әрекеттер есебі 1032 «Ағымдағы банктік шетел валютасындағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі. Бұл шот активтік, негізгі, ақшалай. Осы шоттардың кредиті бойынша әрекеттер банк көшірмесінің негізінде №2 Журнал-ордерге, ал дебеті бойынша №2 ведомостқа жазылады. Жиынтық айналым мен қалдық ай соңында «Бас кітапқа» жазылады.
2. Бағамдық айырма - бұл шетелдік валютаның бір ғана бірлігін бағам (курстық) өзгерісі кезінде бухгалтерлік есептің жүйесі мен қаржылық есептемеде көрсету нәтижесінде туындайтын айырма.
Бағамдық айырма туындайтын жағдайлар:
А) импорттық операциялар кезінде тауарларды кедендік ресімдеу мен жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық немесе кредиторлық берешектерді қосымша бағалау немесе бағасын кеміту жолымен олар үшін ақша қаражаттарын аудару күндерінің арасында келісімшарттық құнның ұлттық валютадағы өзгерісі. Субъект 2000АҚШ долларына шикізат сатып алған, кедендік ресімдеу құнындағы бағам 1 доллар үшін 122 теңге болған кезде сомасы 244 000теңге құраған Д 1310 К3310 – 244 000теңге. Төлем күніндегі төлем бағамы – 170 теңге Д 3310 К 1032 – 340 000тенге (2000*170). Бағамдық айырма (теріс) Д 7430 К 3310 – 96000теңге.
Егер төлем күні доллар бағамы 120 теңге болса, онда Д 3310 К1032 - 240000 (2000*120). Оң бағамдық айырма болады. Д 3310 К 6200 - 4000теңге.
ә) экспорттық операциялары кезінде келісімшарттық құнның сату күні мен күндерінің арасыдағы ұлттық валютаның өзгерісі. Шетелдік сатып алушыға 5000АҚШ долларының өнімі жөнелтілді. Кедендік ресімдеудің есеп айырысу – ақша қаражаттарын жазу күн күнінде бағам 1 доллар үшін 122 теңге болған.
Бағамдық (курстық) айырма бухгалтерлік есепте:
егер оң курстық айырма болса №6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс»
егер теріс курстық айырма болса №7430 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шоттарында жүргізіледі.
Негізгі шоттар корреспонденциясы
№
|
Шаруашылық әрекеттің мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1.
|
Кассадан шет ел валютасы бойынша ақша қаражаттары келіп түсті
|
1030
|
1010
|
2.
|
Сатудан шет ел валютасы бойынша жолдағы ақша қаражаттары аударылды
|
1032
|
1020
|
3.
|
Шет ел валютасында сатып алушылардан ақша қаражаттары келіп түсті
|
1032
|
1210
|
4.
|
Шет ел валютасында пайдаланылмаған есеп беру сомасы қайтарылды
|
1032
|
1251
|
5.
|
Шет ел валютасында займдар алынды
|
1032
|
3010, 4010
|
6.
|
Шет ел валютасында аванс алынды
|
1032
|
3510, 4410
|
7.
|
Кассаға шет ел валютасы бойынша ақша қаражаттары келіп түсті
|
1012
|
1032
|
8.
|
Шет ел валютасы бойынша аванстар аударылды
|
1610
|
1032
|
9.
|
Шет ел валютасы бойынша жабдықтаушыларға ақша қаражаттары аударылды
|
3310
|
1032
|
10.
|
Жалпы әкімшілік және сату бойынша шығындар шет ел валютасында өтелді
|
7210, 7110
|
1032
|
11.
|
Бағамның өзгеруінен теріс бағамдық айырмашылықтан болған шығыстар есептен шығарылды
|
7430
|
1032
|
12.
|
Бағамның өзгеруінен оң бағамдық айырмашылықтан болған түсім есепке алынды
|
1032
|
6250
|
Достарыңызбен бөлісу: |