«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет4/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:
1.Қаржылық есеп дегеніміз не?
2. Есеп саясаты дегеніміз не?
3. Қағидаға аңықтама бер?
4. Салыстырмалық қағида дегеніміз не?
5. Кезектілік қағида дегеніміз не?

2-Тарау:Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебі
Сабақ тақырыбы: Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі

1. Ақшалай қаражаттар есебі және олардың мақсаттары


2. Ақшасыз есеп-айырысу нысандары
3. Ағымдағы банктік шотының операциялары есебін жүргізу тәртібі және құжаттандыруы

1. Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі әрекеттер жасалып отырады. Есеп айырсу екі нысанда жүргізіледі:


- банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен
- қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшалай қаражаттар, есеп айрысу және несиелік әрекеттер есебінің негізгі мақсаттары:

  • Ақшасыз және ақшалай есеп айрысулар жолымен қажетті есеп айрысулар уақытында және дұрыс жүргізу.

  • Есеп тіркегіштерінде ақша қаражаттары мен есеп айрысулар әрекеттерінің бар болуы мен қозғалысын толығымен және жедел түрде көрсету.

  • берілген лимиттерге және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсатты пайдаланудың қолданыстағы ережелерін сақтау.

  • Кассадағы ағымдағы шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының болуына және сақталуына бақылау жасау.

  • Есеп айрысу төлем тәртібін қадағалауға бақылау жасау.

2. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
- Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмаларында көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаның аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
- Төлем талап тапсырмасы тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, қызметті көрсеткенде бенифициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы болып табылады.
- Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды.
- Инкассалық өкім. Төлеушінің келісімінсіз қаражаттарды өндіріп алу үшін тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, банкке төлем талап бланкісінде инкассалық өкімді тапсырады. Инкассалық өкімде төлемнің мақсаты көрсетіледі және осы төлемдерді төлеушілердің келісімінсіз шоттарынан қаражаттарды есептен шығаруға құқығын көздейтін заң актісіне сілтеме жасайды.
- Аккредитив. Есеп айырысу мынадай нысанында төлеуші аккредитив ресімдейді. Мұндағы мәлімдеме өз банкінің бөлімшесіне өзіне жіберілген ТМҚ шоты үшін төлем жасауға арналған аккредитив қоюды тапсырады.
3. Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін шаруашылық субьектісі өзі таңдаған банкте есеп айрысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мындай құжаттардың негізінде ашылады
1)шот ашуға арналған өтініш
2)қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
5) жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі.
Банкі шоттары теңгемен де шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін.
Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аударымды орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банктер мезгіл-мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, оларға есеп айырысу шотынан көшірме береді. Бухгалтер банктен алынған көшірмені тексереді, құжаттарды таңдап шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, олардың негізінде есеп тіркегіштері толтырылады. Субъектілердің банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берешекті көрсететін пассивті шот болып табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты активтік болып табылады. Есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 1030 «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі. Дебетінде ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуі, ал кредитінде кемуі (есептен шығару) көрініс табады. 1030 шотта көрсетілген шаруашылық әрекеттерді есепке алу үшін №2 журнал-ордер мен №2 ведомосы толтырылады, ол банк көшірмелері негізінде толтырылады. №2 ж-о мен №2 ведомосы бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында бас кітаптағы 1030 шотына көшіріледі.
Есеп айырысу шоты оның иесінің өтініші, 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған жағдайда, субъектіні құрған органның шешімімен жабылады.
Негізгі шоттар корреспонденциясы





Шаруашылық әрекеттің мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Есеп айрысу шотына кассадан ақша қаражаттары келіп түсті

1030

1010

2.

Есеп айрысу шотына жолдағы ақша қаражаттары есептелді

1030

1020

3.

Есеп айрысу шотына депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражаттары салынды

1030

1050

4.

Есеп айрысу шотына басқа мекемелерге көрсеткен займдарды өтеуден түсті

1030

1110, 2010

5.

Есеп айрысу шотына жөнелтілген өнім үшін сатып алушылардан ақша қаражаттары келіп түсті

1030

1210

6.

Есеп айрысу шотына бюджетке артық төленген сома қайтарылды

1030

1410-1430

7.

Есеп айрысу шотына ерте берілген аванс сомасы қайтарылды

1030

1610, 2910

8.

Есеп айрысу шотына несие келісім-шарты бойынша алынған ақша қаражаттары келіп түсті (банк займы)

1030

3010, 4010

9.

Есеп айрысу шотына алынған аванстар бойынша ақша қаражаттары келіп түсті

1030

3510, 4410

10.

Есеп айрысу шотына мемлекеттік субсидиялардан алынған кіріс түсті

1030

6230

11.

Есеп айрысу шотына сатылған өнімдерден (көрсетілген қызметтерден) түсім келіп түсті:

    • ҚҚС сомасынсыз

    • ҚҚС сомасы

1030
1030

6010
3130

12.

Есеп айрысу шотына жарғылық капиталға салым ретінде алынған ақша қаражаттары келіп түсті

1030

5030

13.

Есеп айрысу шотынан кассаға ақша қаражаттары алынды

1010

1030

14.

Есеп айрысу шотынан ақша қаражаттары шетел валютасын алу үшін аударылды

1032

1031

15.

Есеп айрысу шотынан депозиттік шоттарды толықтыру үшін ақша қаражаттары салынды

1050

1030

16.

Жабдықтаушыларға (мердігерлерге, жалға берушілерге, коммуналдық мекемелерге) аванс есеп айрысу шотынан аударылды

1610, 2910

1030

17.

Есеп айрысу шотынан бюджетке салықтар аударылды

3110-3190

1030

18.

Есеп айрысу шотынан ақша қаражаттары несиені (займ) жабуға аударылды

3010, 4010

1030

19.

Есеп айрысу шотынан тауарлы-материалдық қорлар мен орындалған жұмыстар үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоты төленді

3310

1030

20.

Жұмысшылардың төлемақысы есеп айрысу шотынан карт шотқа аударылды

3350

1030

21.

Есеп айрысу шотынан сатып алушыдан бұрын алынған аванс қайтарылды

3510, 4410

1030

22.

Есеп айрысу шотынан жарна бойынша шығындар аударылды

7110

1030

23.

Есеп айрысу шотынан жалпы әкімшілік және сату бойынша шығындар өтелді

7110, 7210

1030

24.

Банктің қызметі, өсім ақы, айып-пұл, сот шығындары есеп айрысу шотынан аударылды

7210

1030





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет