«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет7/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:

1.Түгендеу дегеніміз не?


2.Шаруашылық әрекетінің мазмұнына мысал келтір
3.Бағамдық айырма дегеніміз не?
4. Негізгі шоттар корреспонденциясына мысал келтір
5. Касса әрекеттерін құжаттандандыру дегеніміз не?
Cабақ тақырыбы : Қаржылық салымның есебі.

1. Қаржылық салым түсінігі мен есепке алуы


2. Бағалы қағаздардың жіктелуі
1. Қаржы салымына кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсаған қаржылары жатқызылады. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, басқада кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңа технология енгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді.Ал мұндай жұмысты атқару үшін әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады. Қаржы салымының есебі 1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шоттарында жүргізіледі. Бұл шот активті, негізгі, ақшалай болып табылады.

2. Бағалы қағаздар жалпы екі түрге бөлінеді:


1) Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғанын білдіреді. М/ы: вексельдер, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни 1 жыл уақыт аралығында қолданылады.
2) Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдарды дамыту үшін, оның капиталын құрастыру немесе арттыру мақсатында шығарылады. М/ы: акция, облигация жатады.

Инвестиция өзінің арнаулы мақсаты бойынша:



    • Қаржылық

    • Нақты

Нақты инвестиция – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық -өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестиция – бұл субьектінің табыс алу мақсатында пайдаланылатын активті, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар.
Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестициялардың бір түрі болып бағалы қағаздар саналады. Барлық бағалы қағаздар 2 топқа жіктеледі:

  • Ақшалай

  • Күрделі

Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақашлай түрде етіп ресімделеді. Оларға вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттары және т.б. жатады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар бойынша бөлінеді:

  • Бағалы қағаздар ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды.

  • Атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі.

  • Ордерлік бағалы қағаздар – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады.

  • Борыштық бағалы қағаздар – пайыздарды төлеуді немесе негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады.

  • Инвестициялық бағалы қағаздар – эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

  • Фондалық бағалы қағаздар – көптеп шығарылуымен ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

  • Ссудалық бағалы қағаздар – коммерциялық бағытқа ие. Олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларда орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Депозитті сертификат – салушының депозитті алуға құқығын куәландыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік.
Депозиттер – бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары.
Бондар – мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері.
Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі, олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады.
Қазыналық ноталар – қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі.
Шартты бағалы қағаздар – бұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.
Опцион – опциондық контрактінің нәтижесі болып табылады, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарда алдын-ала ескерілген бағасы бойынша алуан немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады.
Депозитті сертификат – бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар.
Фьючерлік контракт – мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар.

Эмитенттің кім болғанына байланысты:



  • Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қ.Р.-ның заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрі Қ.Р. Ұлттық банк мекемесімен эмитенттелетін бағалы қағаздарға жатады.

  • Муниципалдық бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бұл бағалы қағаздардың шығу себебі, әлеуметтік мәселелерді шешуі.

  • Корпоративтік бағалы қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығарылады.

Табысқа байланысты:


Қарызды бағалы қағаздар – бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде тиісті қарыздарын өтеуге міндетті. Оған облигацияның барлық түрі мен вексельдер жатады.
Инвестициялық б.қ. – бұл түрі иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді.Бағалы қағаздардың бұл түріне акция жатады.

Шығарылу мақсатына байланысты:





  • Қорлы бағалы қағаздар – қор биржкаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Оған акция мен сауда облигациялар жатады.

  • Саудалық бағалы қағаздар – белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.


Нарықта айналуына қатысты:

  • Нарықтық б.қ . – айналыста еркін сатылып немесе сатып отырады.

  • Нарықтық емес б.қ. – қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар 2-ші айналымға түспейді.


Атқаратын қызметіне қарай:

    • Туынды (варрант, опцион, фьючерс, бондар)

    • Негізгі (акция, облигация)

    • Көмекші ( чек, вексель, депозиттік сертификат)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет