Тікелей шығындар деп - өндірістік өзіндік құнына тура және тікелей өз бетімен кіре алатын, өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты (шикізат, негізгі материалдар, сатып
алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы және т.б.) шығындарды айтады.
Жанама шығындар деп - өнімнің өзіндік құнына бөлінген соң кіретін, өнімнің бірнеше түрлерінің өндірісімен байланысты шығындарды (жабдықтарды дайындау және пайдалану
шығындары, цехтік шығындар және т.б.) айтады.
53.Өндіріске кеткен шығындар есебінің негізгі әдістері және өнімнің өзіндік құн калькуляциясы.
Шығындарды қалыптасу орындары бойынша бақылау және нақты бір өнім түрінің бірлігіне кеткен шығындарды анықтау мақсатымен оларды калькуляциялық баптары бойынша жіктеу қолданылады. Аталуына байланысты жоспарлы, мөлшерлік және есептік калькуляция түрлері ажыратылады.
Жоспарлы калькуляция фирманың экономикалық бөлімімен белгілі бір мерзімге (жыл, тоқсан, ай) жасалынып, жұмыс уақыты, материалдар, электроэнергия және т.б. шығындар мөлшері негізінде құрастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |