10. Аса ауыр брадикардияда немесе СА түйіні тоқтағанда жүргізілетін тиімді ем:
а) атропин ерітіндісін енгізу
б) алупент ерітіндісін енгізу
в) рибоксин ерітіндісін енгізу
г) электрокардиостимуляция жүргізу
д) дефибрилляция жасау
1. Такырыбы №4: БРОНХТЫҚ БІТЕЛУ СИНДРОМЫ. АУРУХАНАДАН ТЫС ПНЕВМОНИЯ. COVID-19.
2. Мақсаты: Жедел және созылмалы бронхиттің, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының, бронх демікпесінің этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, дифферециальды диагностикасын, емдеу принциптерін үйрену. Халықаралық GOLD, GINA бағдарламалардың негізгі ережелерімен танысу. Бронхтық өткізгіштігінің бұзылу синдромы бар науқастарға дәрігерлік-еңбек сараптама жүргізу ережелерін білу, реабилитациялық бағдарлама жасауды үйрену және санаториялық-курорттық ем тағайындау талаптарымен танысу.
Ауруханадан тыс пневмонияның этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, емін, профилактикасын үйрену. Өкпеде қабыну инфильтрациясы синдромы бар нақты науқасқа клиникалық, лабораториялық, инструменталды зерттеу жүргізуді, ем және профилактика принциптерімен танысу. Пневмониямен науқастанатын балаларды, жасөспірімдерді, егде және қарт адамдарды жүргізу ерекшеліктерімен, динамикалық бақылау және дәрігерлік-еңбек сараптамасы мәселелерімен танысу.
3. Тапсырма:
1.Бронхтық өткізгіштігінің бұзылу синдромының анықтамасын, даму себептерін, клиникалық белгілерін;
2. Жедел және созылмалы бронхиттердің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының, бронх демікпесінің этиологиясын және патогенезін;
3. Жедел және созылмалы бронхиттердің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының, бронх демікпесінің жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;
4. Жедел және созылмалы бронхиттердің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының, бронх демікпесінің қосымша зерттеу тәсілдерін;
5. Жедел және созылмалы бронхиттердің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының, бронх демікпесінің дәлелдемелі медицина негізінде ұсынылатын жаңа емдеу тәсілдерін.
Халықаралық GOLD, GINA бағдарламалардың негізгі ережелерін
6.Бронх-өкпе жүйесі құрылысын және қызметін;
7.Ауруханадан тыс пневмонияның эпидемиологиясын, этиологиясын, жіктемесін;
8.Ауруханадан тыс пневмонияның патогенезін, клиникалық белгілерін, диагностикасын және дифференциальді диагностикасын;
9. Ауруханадан тыс пневмонияның емдеу принциптерін және амбулаториялық жағдайда жүргізу тәсілін;
10.Балаларды, жасөспірімдерді, егде және қарт адамдарды жүргізу ерекшеліктері.
11.Ауруханадан тыс пневмониясы бар науқастарды стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіштерін, динамикалық бақылауын;
12.Ауруханадан тыс пневмониясы бар науқастарға дәрігерлік-еңбек сараптама жүргізу, реабилитациялық бағдарлама құру және санаторлық-курорттық ем тағайындау мәселелерін.
Достарыңызбен бөлісу: |